400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі "Театрға саяхат" мектепалды даярлық тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобы тәрбиешілеріне арналған әдістемелік. Драма ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі өте жақсы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобына арналған оқу қызметінің конспектісі

Күні:


Тәрбиеші:

Габдулина Ш.Б.

Білім беру саласы:

Қарым-қатынас

Бөлімі:

Драма

Өтпелі тақырыбы:

Менің балабақшам

Оқу қызметінің тақырыбы:

Театрға саяхат.

Мақсаты:



Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқынды қозғалуға үйрету. Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасауға дағдыландыру. Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу, заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру дағдысын қалыптастыру

Педагогикалық технология:

сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету

суреттер жайлы әуен, қуыршақ, опера театры, драма театры, қуыршақ театры суреттері, театр мамандарының суреттері.

билеттер, көлеңке театры құралдары, әліппе-дәптер, қарындаштар.

Көптілдік:

театр-театр, актёр-актёр, ым-ишара-жест, мимика

Оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі:


Шаттық шеңберін ұйымдастырып, қонаққа Айсұлу және Қуаныш атты кішкентай балалардың келгені айтылады.

Ойын: «Танысу» Әрбір бала қуыршақтарды қолына ұстап тұрып, «Сәлеметсіңдер ме!» - деп өздерінің атын атап, өз мінездеріне тән бір ерекшелігін айтады. (мыс: Менің атым Тоғжан, мен көңілді қызбын)

Негізгі кезеңі:






Айсұлу мен Қуаныш балалармен танысқандарына қуанышты екенін айтып, оларды керемет ғажайып әлемге саяхатқа баруға шақырады. - Онда қуыршақтарға жан бітіп, жажануарлар сөйлеп, түрлі ғажайыптар болатынын айтады. Ол не деп ойлайсыңдар? (Театр)

- Саяхатқа шықпас бұрын маған айтып беріңдерші, театр туралы не білесіңдер?


1-тапсырма.

Театр деген не екенін білесің бе?

Театрға барып көрдің бе?

Театрдан алған әсерің қандай?

Қандай театрға бардың?

Сөздерді екі тілде айту театр-театр, актёр-актёр, ым-ишара-жест, мимика

Айсұлу: Менің сендерге қосарым бар, «театр»-көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке-дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Театрдың үш түрі бар: қуыршақ театры, опера театры, драма театры. Театрда ойнайтын адамдарды «актёр» деп атаймыз. Актёр-әртіс, орындаушы дегенді білдіреді.


2-тапсырма.

Суреттегі заттар не үшін керек деп ойлайсыңдар?


Сюжетті-рөлдік ойын: «Театр»

Қуаныш пен Айсұлу:

- Балалар, енді театрға барайық.

- Ал театрға бару үшін не керек? (Билет)

- Билетті қайдан аламыз? (Кассадан)

- Ендеше кассаға барайық.


«Түлкі мен ешкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы көрсету.


Әңгімелесу.

Балалардың көңілін кейіпкерлердің дауыс ырғағына, көңіл-күйіне аударады.

Айсұлу: - Сендер де актёр болып ойнап көргілерің келе ме? Актёр болып ойнау үшін нені білуіміз керек? Ол үшін актёрлік шеберлікті игеруіміз керек. Қанеки әртүрлі көңіл-күйді көрсетейік.


3-тапсырманы орындау.

Ойын: Бетпердедегі көңіл-күйді қайталап көрсету

Айсұлу: - Жарайсыңдар, балалар, сендер әртүрлі көңіл-күйді көрсете алады екенсіңдер, демек сендер актёр бола аласыңдар.


Ойын: Актёрлер

Айсұлу: - Балалар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.

Енді театрдағы тәртіп ережелерімен таныстырайын.

Ережелерді оқып беріп, толықтыра отырып түсінік береді.

1. Қойылым болып жатқанда тыныштық сақтау – басты ереже. Сыбырлап сөйлесуге, орынсыз қозғалыстар жасуға болмайды. Онда тек көрерменге ғана емес, актерлерге де кедергі жасауың мүмкін.

2. Театрға кешігіп баруға болмайды. Ерте келіп, шешініп, айнаға қарап, өзіңді ретке келтіруің керек.

3. Театрға әдемі киініп келу керек.

Театрға бару да мереке.

4. Қойылым ұнап жатса, шапалақ ұр, ұнамаса, шулама. 1-бөлім біткеннен кейін шығып кетуге болады. Қойылым болып жатқанда орныңнан тұруға болмайды, жаныңдағы көрермендерге кедергі жасайсың.

Қорытынды кезеңі:



Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады: көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу


Жасайды: алған ақпарат бойынша толық жауап бере алады


Түсінеді: бірлесе әрекет ету тәсілдерін игереді, кеңістікті бағдарлай білу дағдылары қалыптасады, сюжетті-рөлдік ойындарға қатысып, белсенділік көрсетеді.


Қолданады: ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі, құралдармен жұмыс істей алу дағдылары қалыптасады; заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіруді қолдана біледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі