400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ұйымдастырылған тақырыпты оқу қызметі: "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Балалар «Кең далам» әнінің әуенімен залға кіреді,қолдарында жалауша,гүлдері бар,ортада әуеннің ырғағына сәйкес би-билеп жаттығуларды орындайды.

Жүр:- Құрметті тәрбиешілер, бүлдіршіндер сіздерді еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Гимні!

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол-Әнұран.Сезім биігі, төзім шыңы-ол Әнұран. Әннің асылы, ұранның басымы –ол Әнұран.

Балалар Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды.

(Гимнді орындап болғаннан кейін балалар отырады.Муз. ырғағы)

Жүр:- Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтеміз.

Бүгін думан,бүгін той, Кеңейсін туған жердің керегесі,

Босқа қарап тұрмаңдар. Жыл сайын арта берсін берекесі.

Бабалардың арманы, Қазағым құтты болсын қуанышың,

Тәуелсіздік тиді аңсаған, Тәуелсіздік 23-жылдық мерекесі.

Бұл дегенің шын бақыттың қонғаны,

Күллі әлемге мақтанышпен жар салам.

Тақпақтар айтылыды.

(Балаларға теледидардан Қазақстан Республикасының бейне роликтері көрсетіледі)

Жүр:- Атынан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің асқақ болсын,Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы мәңгілік ел!- Балалардың орындауында «Тәуелсіздік ел ұланы» әні шырқалады.

Ән: «Тәуелсіздік ел ұланы»

(Әнді жарты шеңбер болып орындайды. Әннен кейін ортаға Батыр келеді.)

Батыр- Ассалаумаалейкум, барша жұртым! Сәлеметсіңдер ме, балаларым!

Балалар- Сәлеметсіз бе, Батыр аға!

Батыр- Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім

Тәуелсіздік мәгілікте сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Тәуелсіздік құтты болсын!

Жүр: - Батыр аға қош, келдіңіз төрлетіңіз!

Батыр- Балалар 1991жылы 16-желтоқсан қазақ елі өз тәуелсіздігін алды.Батыр ағаларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззәт Асанова, т.б әкпе, ағаларымыздың арқасында қазақ елі өз Тәуелсіздігін дүние жүзіне паш етті. Қазақстан -деген елді бүкіл әлем таниды. Барлық ұлтты бауырына басып , бірлігін жарастырып , іргесін бірге ұстаған елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевқа мың алғыс. Тәуелсіз еліміздің жастары заман талабына сай білім алуда.Сол болашақтың тірегі мына сендерсіңдер . Бейбітшілігіміз берік , тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.

-Балалар айтыңдаршы біздің Отанымыз қалай аталады ?

1бала- Біздің Отанымыз егеменді Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.

Батыр- Біз қандай мейрамды тойлап жатырмыз ?

2бала- Тәуелсіздік мейрамын тойлап жатырмыз.

Батыр- Елбасымыз кім?

3бала- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Батыр- Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

4бала- Қазақстан Республикасының рәміздері Көк туымыз,Гимн,Елтаңба.

Батыр- Жарайсыңдар , сондай ақылды, жақсы балалар екенсіңдер.

Жүр:- Батыр аға біздің балалар рәміздерін аттарын өлең жолдарымен тақпақтапта айтып біледі.

5бала- «Рәміздерім»

Рәміздерім елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші

Рәміздерім Гимн, ту, елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

6бала- «Гимн»

Ән ұраным жан ұраным

Салар әнім, айтар сөзім

Бақыт , бірлік ел үміті

Тоқтамайды бақыт әні

Мәнгі бақи шырқалады

Республика ән ұраны

7бала-«Қазақстан жалауы»

Көк аспандай көк пеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес тектен тек

Елдің ашық қабағы

8бала- «Біздің Қазақстан»

Алтай ,Жайық арасы

Жарты әлемдей даласы,

Ол біздің Қазақстан!

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күймен кәусәр ән,

Ол біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу- ақ,

Ол біздің Қазақстан!

Жүр:- Қазақстан - елім менің,

Қазақстан - жерім менің.

Саған арнап айтылады әнім менің.- Балалардың орындауында «Балдырғандар әні» шырқалады.

(балалар әнді қатар тұрып орындайды)

Ән: «Балдырғандар әні»

Батыр- Ал, балалар енді ойынғада кезек берейік. Біздің қазақ халқымыз той-тойлағанда өзінің салт-дәстүрі бойынша ұлттық ойындарын ойнатып көңіл көтерген.Сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар-( «Қыз қуу», «Көкпар», «Бәйге», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Қазақша күрес», «Теңге алу», «Күш сынасу»)

Батыр- Олай болса,ортаға жігіттерді шақырып «Күш сынасу» ойнын ойнайық.

Ойын: «Күш сынасу»

Батыр- Жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, талаптарың оң болсын.Енді меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттеріміз ер жүректі батыр болсын, қыздарымыз көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!

Балалар- Рахмет сізге Батыр аға, сау болыңыз!

(Батыр балалармен қоштасып шығып кетеді. Осы кезде ортаға Алтын адамның суреті қойылады)

Жүр:-Балалар бұл кімнің суреті таныдыңдар ма?

Балалар- Ия, таныдық. Алтын адамның суреті.

Жүр:- Дұрыс айтасыңдар. Алтын адам ол бұрынғы замандағы сақ тайпасында қазақ халқының негізін қалаған жауынгер болған. Алтын адам осы Тәуелсіздіктің түп тамыры болып сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

Егемендік пен бірлік Төле бидің толғауында, Қазбек бидің қаз даусында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан, олай болса сол кісілерді ортаға шақырсақ.

Жүр.- Төле би, Ер Қзыбек, өткір тілді Әйтеке,

Алатау, Қазығұрттай биік еді.

Бірі күн, бірі жұлдыз, бірі айдай,

Заманға сәйкесімен келіп еді.

(Ортаға үш билердің киімін киген, үш бала келеді.)

Төле би- Уа, халайық! Ұсақ болма, ірі бол!

Өз ортаңның гүлі бол!

Ата-анаңның көзінің

Сөнбейтұғын нұры бол!

Кім болсаң да, әйтеуір,

Азаматтың бірі бол!

Туған елдің ұлы бол!

Ойға тоқы,парқын сез,

Ата сөзі-алтын сөз.

Қазыбек би-Уа, халайық! Дулығамның төбесі,

Туған айдай болмаса,

Батыр болып жүрмес ем.

Бетегелі Сарыарқаның сауырын,

Бекінген жауға бастырсам,

Жер басып тірі жүрмес ем!

Әйтеке би- Уа, халайық! Алтын ұяң Отаның қымбат,

Құт береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат.- Біз үш жүз болып ұрпағымыздың амандығы үшін ауызбіршілікпен жүздесейік.

Төле би-Уа, халайық. Қолымызды жаяйық.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елінде.

Ата берген батаменен көгерсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. ӘУМИН!

Жүр:- Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын,

Ал,кәнекей жігіттер,

Босқа қарап тұрмаңдар.-демекші ортаға биіші жігіттерді шақырайық.

Би: « Батырлар»

Жүр:- Қатар шапқан көк тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас тұлпар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің

Елдігінің белгісі.- Балалардың орындауында «Елтаңбасы елімнің»

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

(Балалар әнді жарты шеңбер бойында тұрып орындайды)

Жүр:- Балалар «Тәуелсіздік» дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жеріміз, теңдігіміз, еліміз бар. Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел. Өзінің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, теңгесі, өзінің қарулы күштері бар және біздің Қазақстан Республикамызда 140 тан аса ұлт өкілдері бір-бірімен дос, тату-тәтті тұрады. Олай болса достық туралы тақпақтарымызды айтайық.

( Балалар достық туралы тақпақтар айтады)

Бір шаңырақ астында, Дружат солнце и весна,

Тату-тәтті тұрамыз. Дружат звезды и луна,

Бір үйде біз тұрамыз, Дружат в море корабли,

Бірлік-асыл мұрамыз! Дружат дети всей Земли!

Жүр:- Өзіңе айтам сырымды,

Тыңда елім ұл-қызыңды.

Отаным саған арнадым,

Жүректен шыққан әнімді – деп ортаға тобымыздың әнші қызымыз Жанеркені шақырамыз. Жанеркенің орындауында «Балалық шақ әлемі» әнін қабыл алыңыздар.

Жеке ән: «Балалық шақ әлемі»

Жүр:- Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.Айтыңдаршы балалар біздің қазақтың киелі үйі қалай аталады?

Балалар- Киіз үй деп айтамыз.(кереге, уық, шаңырақ, ою басқан киіздер т.б.)

Жүр: -(киіз үйді көрсету) Жарайсыңдар балалар, осы киіз үйіміздің керегелері, шаңырағы, ұлттық ою-өрнектері біздің рәміздерімізде бейнеленген, өте жақсы жауап бердіңдер. Олай болса, балалар киіз үйіміздің шаңырағы биік болу үшін, мен сендерге «Киіз үй» ойнын ұсынамын.

Ойын: «Киіз үй»

Жүр:- Жарайсыңдар балалар, өте шапшаң, жылдам екенсіңдер. Енді ортаға сұлу қыздарды шақырып, бақыт құсы «Ақ көгершін» биін тамашалайық.

Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт келер мұхит, келер шыңды,

Қанатыңды қаққанда бірге естілсін,

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.

Би: «Ақ көгершін»

Жүр:- Күлімде күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

(Балалар орындарынан тұрады. Екі қатарда тұрып кезек-кезек тақпақтар айтады.)

1 бала- Ержетіп үмітіңді біз ақтармыз,

2 бала- Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

3 бала- Қасиетті жер- ана, ауыл, елді,

4 бала- Көркейтетін болашақ біз- боламыз!

Жүр:- Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз.Тәуелсіздіктің тұғыры биік, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз!

(Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі