400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» 7-сынып "Өзін-өзі тану" пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану мұғалімі : Омарова А М

Мерзімі:

Сынып: 7

Тақырыбы: «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас»


Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік


Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету;

  • оқушылары айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

  • оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі

ережесі бойынша Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық

І. Тыныштық сәті Тыныс алу жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)

Рахмет.

Ресурстар:

Оқулық, оқушы дәптері,

ІІ. Үй тапсырмасы:

Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар»повестен үзінді

1.Бірлік, сыйластық,ұжымшылдық, ұйымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Сапар неліктен сыныптан оқшауланып қалды? Оған кім кінәлі?

3.Мақсатына жету үшін Сапарға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

4.Сапар қайткенде өзі ойлағандай жақсы оқушы болады деп ойлайсыңдар?

5.Сапардың бойынан қандай қасиет байқалады? Бұл қандай құндылықтың көрінісі?

ІІІ. Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

В. Сухомлинский

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

ІҮ. Әңгімелесу. Адамдар арасындағы қарым-қатынас

1.Адамдар арсында қандай байланыс болды?

2.Қарым-қатынастың адам өмірінде маңызы бар ма?

3.Жақсы қарым-қатынас жасай білу үшін қандай қасиеттер қажет?


Ү. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. Көрнекті мемлекет қайраткері А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым қатынасы» деген ойын басшылыққа алып, өз сыныбындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын ұсына отырып, ой-толғау жазу.

2-топ.Сыныптағы қарым –қатынастарыңды жақсарту жолдары

3-топ.Сенің байқауыңша, сыныптас жолдасың соңғы кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, тұйық жүр. Оның сабаққа үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің?

ҮІ. Топпен ойын.

«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: Бәріне қағаз  таратылады. Бәрі әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында  өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

  1. Мені жұрт .... деп ойлайды.

  2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

  3. Дәл өзім  .....

  4. Мен жұмыста.....

  5. Жолдасыңыздың алдында.....

  6. Негізі........



Тест:

Қорытынды.

Түстерді ажырату

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 90 бетіндегі Не деген керемет күн әнді жаттап келу

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабағымызда айтылған жақсы қасиеттерді есімізде сақтап іс жүзіне асырайық.

Және жүрекшенің ішіне өзімізде бар қарым қатынасты жазайық
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі