400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұжымдық шығармашылық істер туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер үшін қажет. Балаларды ұжым ретінде қалыптастыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұжымдық шығармашылық істер туралы түсінік.


Балалар ұжымы – ортақ мақсат пен қоғамдық іс-әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан балалар ұжымымның белгісі- жағымды қоғамдық пікір, жоғары жауапкершілік, өзара сенім. Ұйымшыл ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады.

Ұжымда шығармашылық белсенділік, достық, жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату-тәтті, мақсатшыл ұжым тәрбиені ұйымдастырудың негізі болады. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. Отбасы, балабақша, мектеп, сынып, спорт секциялары, көрермендер студиясы т.б. ұжым түрлеріне жатады. Бұлардың барлығы да балалардың әлеуметтенуі, қоғамға бейімделуі жүзеге асады.

Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.

Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.

Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

Ұжымды сипаттайтын міндеттер:

• ұжым алдындағы айқын мақсат;

• ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

• өз арасында міндеттер белгілеуі;

• белгіленген міндеттерді орындауы;

• қатаң тәртіптің болуы;

• өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

Шығармашылық іс-әрекет – мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.




Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері:

- ұжымдық жоспарлау;

-  жүзеге асыру;

-  күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау;

-  шешім қабылдау;

-  баға беру.

Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады, іс жобасы жасалады.

2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.

4-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.

5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.

Ұжымдық-шығармалшылық істерді түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:

- балалардың жас ерекшелігін;

- психологиялық ерекшелігін;

- денсаулығын;

- ұлттық ерекшелігін;

- аймақтық ерекшелігін;

- діл (менталитетті) ерекшелігін;

- жыныстық ерекшелігін;

- қабілет - мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Көкшетау қаласы.

М.Ғабдуллин атындағы №3

көптілде оқытатын мамандандырылған

гимназиясы

Аубакирова Н.У

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі