Мақсаты:
1. Педагогтар
арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,
күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге
көмектесу.
2. Жеке
тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып,
адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық
құндылықтарын
ұсынуға
көмектесу.
3.
Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін
құрметтеуге, сеніммен қарауға
бейімдеу.
Жоспары:
1.Сәлемдесу
2. Ой
жинақтау
3. «Рөлге ену»
жаттығуы
4. «Оның есесіне мен...»
жаттығуы
5. «Көзбе-көз»
6. Жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»
7. Тілек
тілеу.
Психолог
сөзі: - Сәлеметсіздер ме, қымбатты
әріптестер!
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы
формасы- ұжым. Ұжым –ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа
жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар
тобы. Ұжымның
белгілерін
А.С. Макаренко анық та толық айтып берді.
Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан
ұжымдық органдары бар кешен. Құрметті тренинге қатысушы
қызметтестерім, Сіздермен кездескеніме қуаныштымын.
Көңіл-күйлеріңіз
қалай?
1.
«Сәлемдесу»
Мақсаты: Өзін таныстырып,өз бойындағы жағымды
қасиетін айтуға
үйрету.
• Шарты: 1. Оң және сол жақ көршілеріңізбен
құшақтасып амандасамыз. (арқаларыңызды тигізу
арқылы)
Тренинге қатысушылар шеңберге тұрып,өз
есімдерін атап,осы есімінен басталатын қасиетін
айтады.
2. Ой
жинақтау
Логикалық
тест:
Қай жануарды бірінші
байқадың???
ПІЛ
- Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз.
Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ
емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес,
тек сіз өзіңізбен-өзіңіз табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі
белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді
әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара
салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы
көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар
аздау.
ЖЫЛҚЫ
- Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге
көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз
адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз
міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде
үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме
таусылмайды.
ИТ
- Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой
адамысыз. Сіздің идея, ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда
көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен
сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені
жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да
мүмкін.
МАЙМЫЛ
- Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек
кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен
салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді.
Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке
кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені
жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де
қадірлейді.
МЫСЫҚ
- Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін
өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз.
Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз.
Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз
адал адамдарды бағалайсыз, шындықты
сүйесіз.
ТЫШҚАН
- Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз
адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп.
Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз.
Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа
сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп
ұғасыз.
3. «Рөлге ену»
жаттығуы
Шарты: Ал енді мен сендердің көз алдарыңа
елестетулеріңді сұраймын. Жан-жағымызға қараймыз. Көзіңе алғашқы
түскен затты таңда. Ол үстел, орындық, шам, есік, кітап, сөмке
болуы мүмкін. Ол зат бұл бөлмеде жоқ та шығар. Олай болса, сол
затты таңда. Сіздер сол затқа айналуларыңыз қажет. Іштей дайындалу
үшін 30 секунд уақыт беріледі. Ойыншылар кезекпен жасырған затты
бейнелеп, белгілі бір қалыпта қатып қалады, қалған қатысушылар оны
табулары қажет.
4. «Оның есесіне мен...»
жаттығуы
Нұсқау: Барлық педагогтарға аяқталмаған
сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз
ойымен аяқтайды.
- Мен шаршадым, оның есесіне ......
.
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне ....
.
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне
.... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне ....
.
- Мен Алматыда болған жоқпын, оның есесіне
.... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның
есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның
есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның
есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне....
.
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ...
.
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ...
.
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне .....
.
5.
«Көзбе-көз»
Мақсаты: осы кезеңде топ қатысушылары
терең әрі сенімді қатынас орнатулары үшін.
Күнделікті өмірде біз,
адамдар, қарым-қатынастың тек үстіңгі, терең емес жанасуларымен
қанағат етеміз, бір-бірімізді түсінуге тырыспаймыз да!
Қатысушыларға 3-5 минут аралығында бір-бірінің көздеріне қарап
тұрып, әрбірімен жанасу орнату үшін.
Талқылау кезінде қойылатын
сұрақтар:
Осы жаттығу кезінде қандай
сезімде болдыңыздар?
Көздік қатынас орнату кімге
қиынға түсті?
Неліктен қиын
болды?
6.
Жаттығу «Сиқырлы ғажайып
орман»
Мақсаты: Эмпатия мен сенім
секілді сезімдерді жетілдіру.
Барысы: Қазір біз ғажаптарға
толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз:
орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда
серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын
ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы
сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші
адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға
шақырамыз.
Сараптама:
-Орман ішінен өткенде, басқа
қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде
болдыңыз?
-Сиқырлы ағаштар болғаныңызда
қандай сезімде болдыңыз?
-Жаттығуға дейінгі және
жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен
бөлісіңіз?
8.«Тілек
тілеу»
Нұсқау: күннің бөлшектерін қолдарына алып,
тілектерін айтып, тақтаға жапсырып, күннің суретін
құрау.
Психолог
сөзі:
-
Құрметті әріптестер! Біздің
сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі
соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай
болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл,
шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі
болуларыңызға тілектеспін!
Барлықтарыңызға үлкен
рахмет!