400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұжымның күші - бірлікте" психопрофилактикалық-психокоррекциялық тренингін

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, тәрбиешілерге, психологтарға, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасайтын барлық мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Ұжымның күші - бірлікте»


Тренинг мақсаты: Ұжымдағы бірлікті, татулықты, ынтымақтастықты арттыру.

Тренинг міндеттері:

  • Ұжымды бірлесе еңбек етуге тәрбиелеу, өзара көмек және байланыс дағдысын қалыптастыру;

  • Бір-бірінің қызығушылығы мен жеке қасиеттерін танып-білу;

  • Жасы мен біліктілігіне, беделіне қарамастан жеке тұлға ретінде құрметтеуге дағдыландыру.

Тренинг жоспары:

1. Ұжымды тренингтің мақсатымен және міндетімен таныстыру.

2. Топтық ережемен таныстыру (шынайылық, өзара сыйластық, сөз және таңдау еркіндігі)

3. Жаттығулар.

4. Нәтижелер. Соңында қорытындыланады (алған әсері, тренинг туралы пікірі, тілек)

1. «Жақын танысу» жаттығуы.

Мақсаты: Әріптер бір-бірі туралы қосымша мәліметтер білу.

Нұсқау: Қатысушыларға психолог-тренер төмендегідей нұсқау беріп, топтасуын айтады:

  • Бой бойынша (өсу ретімен)

  • Жас бойынша (өсу ретімен)

  • Шаш түстері бойынша (ақшыл түстен қара түске дейін)

  • Туылған айлары бойынша (1-12 ай)

  • Бала саны бойынша қатарға тұру ұсынылады.

2. «Санау» жаттығуы.

Мақсаты: Бойдағы қысымнан арылу, әріптестер арасында өзара бірлескен әрекетті тудыру.

Нұсқау: Тренер қатысушыларға 15 ке дейін санау ұсынады. Қатысушылар көздерін жұму арқылы өзара ретпен санайды. Егер екі адам бірдей санды айтатын болса, ойын басынан басталады.


3. «Сіз қандай аңға ұқсайсыз?» жаттығуы.

Мақсаты: Ұжымдағы тұлғалардың өзіндік позициясымен өзіндік беделін анықтау.

Нұсқау: Біз ұжымымызды бір орман деп алайық. Орманда білесіздер, түрлі жануарлар өмір сүреді. Сіз өзіңізді, сол ормандағы қандай жануарға теңер едіңіз?


4. «Хат» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылар реніші мен өкпесі бар әріптесіне бар ренішін айтып, хат жазады. Хаттың астына енді сол адамның барлық жақсы қасиеттерін тізіп жазамыз. Хаттың үстіңгі жағын жыртып алып, майдалап тастаймыз. Ал енді іштей жақсы қасиеттері жазылған сөздерді 3 реттен оқимыз. Қатысушылармен сұрақ-жауап орнату.


5. «Сенімділік» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылар арасында бір-біріне деген сенімділікті арттыру.

Нұсқау: Тренер ортаға бір орындықты қояды. Қалған қатысушылар кезекпен щығып, артқа қарай құлауы керек. Ал, қалған қатысушы құлаған әріптесін тосып алу керек.


6. «Ортақ іс» жаттығуы

Мақсаты: Бірлесе жұмыс атқару, ынтамақ пен бірлікті нығайту.

Нұсқау: Қатысушылар екі-екіден бөлінеді. Әр жұп бір-бірімен сәлемдеседі. Оң қолмен амандаса отырып, үнсіз, бірге сол қолдарымен қағаздан шырша шынжырын жасайды. 3 минут уақыт беріледі (Қолдары скочталады).


7. «Батпақ» ойыны

Мақсаты: әріптестердің бірлесе әрекет етіп, нәтижеге ұмтылуға дағдыландыру.

Нұсқау: қатысушылар бір-бірімен аяқтары байланады. Және сол байланған аяқтарымен жердегі геометриялық фигураларды басу арқылы жүріп өту қажет.


8. «Стол» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенімділікке бағытталған, әріптестерді ынтымақшылдыққа үйрету.

Нұсқау: Қатысушылар дөңгелене тұрады. Оңға қарайды. Оң қолымен алдында адамнан кейінгі адамның иығынан ұстайды. Сол ұстаған қалпы барлығы отырады. Қолдарын жібереді, шапалақ ұрады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі