400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үкілі Ару - 2019" - сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
«Үкілі ару» бұл – ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін қыздардың додасы. Өзінің тарихын, тілін, әрі жаhандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс деген міндеттері аясында тәлім- тәрбиелік жұмыстарды жүргізу аса қажет. Басты мақсатымыз – Ұлы дала елінің мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын, өнегелік қасиеттерін бойына сіңерген парасатты иманжүзді қызды тәрбиелеу бүгінгі заманауи қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үкілі ару» байқауының сценарийі

 

Байқауға 16-22 жас аралығындағы қыздар қатыса алады.

І.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

  1. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру;

  2. «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының орындалуына жастардың қосқан үлесін айқындау;

  3. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын насихаттау;

  4. Жастардың біліктілігі мен шеберлігін сараптау.

ІІ.Қабылдау шарттары:

       1.Қатысушы жайлы нақты ақпарат (түйіндеме);

       2.Жас шамасы 16-22 жас;

       3.Қазақ тілін еркін меңгерген, тілге шебер болуы;

       4.Байқауға киетін қазақша костюмдері болуы тиіс;

ІІІ.Байқауды өткізу шарттары:

Байқау төрт кезеңнен тұрады

        Бірінші кезең: Өзін өзі таныстыру, туған жерін суреттеу (Әр қатысушыға 3 минут беріледі).

Екінші кезең: Халқымыздың салт-дәстүрін қысқаша театрландырылған көрініс көрсету (Көрініске 5 минут беріледі)

    Үшінші кезең: «Интеллектуалды сұрақтар» қазақтың салт дәстүріне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына байланысты сұрақтарға жауап беру (ойлануға 1 минут)

Төртінші кезең: «Бәрінен де сен сұлу» сән үлгісін көрсету (оюларды қосып,қолдан жасалған көйлектен мода көрсету, 2 минут)

  Байқау жеңімпаздары  бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.


Амирхан:

Армысыздар, құрметті оқытушылар,әділ-қазылар алқасы және білімгерлер! «Үкілі ару» байқауына қош келдіңіздер! Наурыз мерекесінің қарсаңында байқау 1- 3 курс қыздар арасында: «Үкілі аруды» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Үкілі ару» атты байқауымызды ашуға колледжіміздің директоры – Бакиева Майсам Мусретқызына сөз берейік.


Мөлдір: Олай болса бүгінгі «Үкілі ару» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз! Ендеше біз де осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.



Амирхан:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қошеметпен қарсы алайық.

Байқау қатысушыларын ортаға шақырайық


Амирхан: «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының аруы – Нығметжанова Гулнұр

Мөлдір: «Бастауыш білім беру» мамандығының аруы - Иленова Гулдана

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының – Юсупова Амангул

Мөлдір: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Сайлауова Динара

Амирхан: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Тәшімбай Жания

Мөлдір: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының аруы – Қасымханова Ақерке

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының аруы – Наурызбекова Айдана


Мөлдір: Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

 Бірінші кезең: Өзін өзі таныстыру, туған жерін суреттеу (Әр қатысушыға 3 минут беріледі).

Амирхан:

Екінші кезең: Халқымыздың салт-дәстүрін қысқаша театрландырылған көрініс көрсету (Көрініске 5 минут беріледі)

Мөлдір:Үшінші кезең: «Интеллектуалды сұрақтар» қазақтың салт дәстүріне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына байланысты сұрақтарға жауап беру (ойлануға 1 минут)

Амирхан:

Төртінші кезең: «Бәрінен де сен сұлу» сән үлгісін көрсету (оюларды қосып, қолдан жасалған көйлектен мода көрсету, 2 минут)


Мөлдір: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.


Амирхан: Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары – Джумагалиева Бахтыгуль Нусупбековна - музыка

Мөлдір: «Қарасай ауданы жастары ресурстық орталығының» жетекшісі - Нурланова Мадина Кененқызы – музыка

Амирхан: Алматы облысының Қазақ тілі орталығының оқытушысы – Сағымбекова Фатима- музыка

Мөлдір: АХЫСКА – 2017 байқауының бас жүлдегері «Бастауыш білім беру» мамандығының білімгері – Асланова Руфина –музыка


Амирхан: Бағалау критерийлері:

Барлық қатысушылар үш ұстаным бойынша және 1-5 ұпайға дейін бағаланады:

    • Сахна мәдениеті (күрделілік деңгейі, өзіндік ерекшелігі);

    • Жан - жақтылығы (презентация, аудиториямен байланысы, таныстыру қабілеті);

    • Шығармашылық әлеуеті (өзін-өзі көрсету, костюмдер, макияж).


Мөлдір: Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!


Амирхан:

Арулар келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын осы дуға

Ұшып келген қырандай керілтеді,

Әдеппен, ізетпен танысуға – деп, олай болса байқауымыздың

бірінші кезеңінде қатысушылар кезек - кезек өздерін таныстырады. Әр қатысушыға 3 минут беріледі.

Амирхан: «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының аруы – Нығметжанова Гулнұр

Мөлдір: «Бастауыш білім беру» мамандығының аруы - Иленова Гулдана

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының – Юсупова Амангул

Мөлдір: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Сайлауова Динара

Амирхан: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Тәшімбай Жания

Мөлдір: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының аруы – Қасымханова Ақерке

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының аруы – Наурызбекова Айдана

Амирхан: Көп рахмет! Әділ -қазылар алқасы бірінші бөлімнің бағасын берсеңіздер.(шапалақтау, музыка)

Мөлдір:

Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Екінші кезеңде халқымыздың салт-дәстүрін қысқаша театрландырылған көрініс көрсету.

Амирхан: «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының аруы – Нығметжанова Гулнұр

Мөлдір: «Бастауыш білім беру» мамандығының аруы - Иленова Гулдана

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының – Юсупова Амангул

Мөлдір: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Сайлауова Динара

Амирхан: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Тәшімбай Жания

Мөлдір: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының аруы – Қасымханова Ақерке

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының аруы – Наурызбекова Айдана

Амирхан: Көп рахмет! Әділ -қазылар алқасы екінші бөлімнің бағасын берсеңіздер.(шапалақтау, музыка)

Амирхан:

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

Амирхан: «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының аруы – Нығметжанова Гулнұр

Мөлдір: «Бастауыш білім беру» мамандығының аруы - Иленова Гулдана

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының – Юсупова Амангул

Мөлдір: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Сайлауова Динара

Амирхан: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Тәшімбай Жания

Мөлдір: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының аруы – Қасымханова Ақерке

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының аруы – Наурызбекова Айдана

Амирхан: Көп рахмет! Әділ -қазылар алқасы үшінші бөлімнің бағасын берсеңіздер.(шапалақтау, музыка)

Мөлдір: Байқаудың қонағы Сайлауов Қуаныштың «Тәтті ару» әнін қабыл алыңыздар.

Мөлдір:

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісін көрсету.

Амирхан: «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының аруы – Нығметжанова Гулнұр

Мөлдір: «Бастауыш білім беру» мамандығының аруы - Иленова Гулдана

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының – Юсупова Амангул

Мөлдір: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Сайлауова Динара

Амирхан: «Негізгі орта білім беру» мамандығының аруы – Тәшімбай Жания

Мөлдір: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының аруы – Қасымханова Ақерке

Амирхан: «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының аруы – Наурызбекова Айдана

Амирхан: Көп рахмет! Әділ -қазылар алқасы төртінші бөлімнің бағасын берсеңіздер.(шапалақтау, музыка)


Мөлдір:

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.


Амирхан:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.


Амирхан: Әділ – қазылар алқасын байқау қорытындысын шығаруын сұраймыз.


Мөлдір: Байқаудың қонағы Сайлауов Қуанышты «Қазақ қыздары» әнін қабыл алыңыздар.


Мөлдір: Ал қазір әділ-қазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!

Ал, көрермен, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.


1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)

2. Екі семсер айқасқан,

Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)

3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)

4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)

5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)

6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)


Мөлдір: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі байқауымыз да аяқталып келеді. Әділ-қазыларға сөз беріледі.








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАСКЕЛЕҢ ГУМАНИТАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ






«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Абдуллаева С.С.________________









«Үкілі ару» байқауының сценарийі







Жауапты : М.Гаитова

Г.Алдабергенова














Қаскелең 2018 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі