400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Үкөк ханшайым

Материал туралы қысқаша түсінік
Таулы Алтай өлкесінің Үкөк таулы үстірті көне сақ мәдениетіне тән археологиялық ескерткіштерімен тарихқа мәлім. Бұл мекен кезінде Катон-қарағай ауданының аумағына кірген, кейіннен Ресейлік Алтай территориясына есептелді. Тілдік зерттеулерге назар аударсақ, «үкөк» дегеннің мағынасы «сандық» дегенге келеді, қырғыз тілінде «таулы үстірт», «қырат» деген мағынаны берсе, моңғол тілінде «ухэг» – сүйірленіп келетін құзар шың немесе асқар тау мағынасында. Алтай халықтары тілінен аударғанда «көкті (аспанды) тыңда» деген мағынаға келеді. Көне түркі тілінде айдың атын білдіреді. Ал аңызы мен ақиқаты толықтай зерттеле қоймаған Үкөк ханшайым жайлы дерек шындық па?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қола дәуірінің Пазырақ мәдениетіне жататын Үкөк ханшайымды 1993 жылы Сібір археологтары Қошаған ауданының Үкөк таулы қыратынан тапты. Бір қызығы ханшайымның мүрдесінің еш жері де бүлінбей сақталған. Бойы 1 метр 70 см, терісі ақ, белінде жалпақ қызыл белдік, қолында самырсын таяқшасы бар, жасы шамамен 25 тегі қыз. Бас киімі өрнектеліп, алтынмен апталған. Қасына жирен түсті алты ат жерленген. Денесінің сол жақ иығынан қолына қарай салынған сакральді грифон бейнеленген татуировкасы бар. Грифон – мифологиялық қанатты тіршілік иесі, денесі арыстан, басы бүркіт, кейде құс мүсінді, адам басты болып бейнеленеді. Жас арудың беліндегі қызыл белдік те оның мәртебесі биік, рухы асқақ адам болғанының белгісі. Ал аса таяғы болса, жер кіндігінде өсетін өмір ағашының бір бөлшегі.

Үкөк ханшайымына берілген тағы бір атау – «Очы бала». Очы бала – Алтай эпосының бас кейіпкері, ержүрек әйел. Эпос Таулы Алтай халықтарының жыршысы Алексей Калкиннің айтуымен алғаш рет 1951 жылы жарық көрген. Очы бала – бейнесі жырда ержүрек, елін қорғау жолында жауымен тайсалмай шайқасқан батыр әйел ретінде көрінеді. Алтайды мекен еткен жергілікті тұрғындар арасында мынадай аңыз жиі кездеседі: " күндердің бір күнінде жаудың қыспағына түседі. Қан-тағды-бидің жаужүрек әскерімен шайқасқа түскен Очи бала Қан-тағды-бидің баласы Ақ-далының өлтіреді. Алайда Қан-Тағды-Би баласын тірілтіп алады да, қайта соғысқа шығады. Очы бала енді Қан-тағды-Бидің күш-қуатының құпиясын ашу үшін жаудың ұясына бет алады. Бұл жолда оған неше түрлі мифтік тіршілік иелері кездеседі. Өлілер патшалығының әміршісі Иерліктің елшісі – көк бұқамен шайқасуына тура келеді. Астына мінген аты Очы-Дереннің кеңесімен бүркітке айналып, көк бұқаны жеңеді. Өзінің ақылы мен зеректігінің, табандылығының арқасында ақырында Қан-тағды-Бидің құпиясын ашады. Оның күшінің құпиясы – алтын сандыққа жасырылған тоғыз қырлы көк тас екен. Очи бала көк тасқа иелік етіп, жауын жеңеді. Сөйтіп өзінің елі мен жерін жаудан қорғап қалады. Бір әпсана бойынша Очы бала айға, мінген аты Очы-Дерен Үркер жұлдызына айналып, аспанға көтеріліп кетеді.

Дегенмен, бұл ақапараттың нақты дерегі жоқ. дегенмен, ел аузында қалған аңыздың бірі екені ақиқат. Аты аңызға айналған Үкөкө ханшайымының мүрдесі қазылып алынғаннан кейін, жергілікті тұрғындар түрлі жайсыз құбылыстардың көбейіп кеткенін, сол себепті де оны қайта жерлеу керектігін өтініп, жоғары ұйымдарға хат жолдаған. Қорыта айтқанда, Үкөк ханшайым жайлы халық жадындағы әңгімелер аңыз болып табылса, оның мүрдесінің табылуы оның өмірде болғанын дәлелдейтін ақиқат.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі