Материалдар / Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ұл бала мен қыз бала»

Ел ұлымен берік, қызымен көрік.
Халық даналығы


Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;
- өзара сыйластық қарым – қатынас тарын дамыту;
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер.

І.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Бәрі бірге ән салады.
«Біз – туған ел баласы»

ІІ.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Тақтадағы сөзжұмбақты шешуді тапсыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Ұл және қыз деген сөздер шығады.
Топтастыру
І топ «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
ІІ топ «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» деген сұрақтарға жауап жазады.
Тақтаға ілу оқу, қорғау.

ІІІ.
Қонаққа келген Ақ әженің қоржынындағы сұрақтарға жауап беру.
Жағдаяттардан шығу.
Ойларын тыңдау, талдау.

ІҮ.
Мәтінді оқу «Кімнің жұмысы?» Т.Дәуренбеков
Мазмұнын ашу, талдау. Алтайға мінездеме беру. Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді? Қандай қорытынды шығаруға болады? Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату –тәтті болып, сыйластықты қарым –қатынас жасай білу - әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.

Ү.
Дәйексөз.
Тақтаға жазылған «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» делінген халық даналығының мәні ашылады.
- Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға,алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шықты емес пе? Қобыланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т.б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз – мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспейтін қыздар да жоқ емес. Мысалы: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т.б.

ҮІ.
«Тақия тастау» ойыны. «Егер ұл болсам....., егер қыз болсам.....» атты ойынды ойнау.Айта алмай қалған оқушы айып тартады.

ҮІІ.
Дәптермен жұмыс. «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазады.

ҮІІІ.
Жүректен жүрекке. «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді» деп қол алысады.

ІХ.
Е.Өтетілеуовтың «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге айтады.
[c][i]









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!