400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық” ҚМЖЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
“Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық” Ел жасары 1 сынып қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

ЖББ 26 Мектеп

Пәні:

Ел жастары

Педагогтің аты-жөні:

Куандыкова Қ.Б.

Сынып: 1 И

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

“Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық”

Сабақтың мақсаты

Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру.Оқушылардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын арттыру.

Оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата білуге үйренеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру


Сабақтың басы
















Сабақтың ортасы




























































































Сабақтың соңы


Орнымыздан тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар,мен осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушыларымды көргеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі сабағымыз көңілді әрі жарасымды өтуі үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл – күй тілейік. Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.


Ұл бала мен қыз бала

Е. Өтетілеуов

Ұл бала мен қыз бала

Бір мектепте оқиды.

Ұлға да ортақ, қызға да

Білімді ойға тоқиды.


Ұл бала мен қыз бала

Үйге бірге қайтады.

Бар сырларын аз ғана

Бір – біріне айтады.


Ұл бала мен қыз бала

Түсіністі, достасты.

Мұғалім: Ал енді балалар сабақтың ережесін еске түсірейік.

Ереже:

1.Уақытты тиімді пайдалану.

2.Тыныштық сақтау.

3.Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу.

4.Өз ойыңды анық жеткізу.


Әңгімелесу.

1.Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

2.Ұл бала мен қыз баланың арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Жағдаяттарды талдау

Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарға құрылған суреттерді талдап, шешімін айтады.

1.Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады.Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты.Самал жылап жіберді.

-Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.

2.Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді.Сұлтан: -Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?!Мен бұл тапсырманы орындай алмаймын. – деді.

-Сұлтанның орнында болсаңдар , сендер не істеген болар едіңдер?

3.Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді.Ыза болған Алия Ғалымды итеріп жіберді де, отыра қалып жылап жіберді.

-Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?

4.Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты.Сәкен оған жәрдемдесті.Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.

-Жәнияның орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?

Мұғалім: Балалар, мен сендердің өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа өте қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.



Ұлдарға сұрақ:

1.Қыздың көркі не?

2.Қыз баланы неге өмір гүлі дейді?

3.Қызға қандай қылық жараспайды?

4.Қыздарға арнап мақал айт.

5.Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды?

Қыздарға сұрақ:

1.Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

2.Ұлдарға арнап мақал айт.

3.Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды?

4. «Атадан жақсы ұл туса, еленің туы болады» дегенді қалай тұсінесің?

5.Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?



«Жалғастыр» ойыны

Не істеуге болмайды?

Не істеу керек?

Не істер едім?

Үлкеннің алдын кесіп өтуге

Үлкенді сыйлап,амандасып жүру керек.

Адамдарға қамқор болар едім.

Сабақтан кешігуге

Кішіге қамқор болу керек.

Туған жерімді көркейтер едім.

Мектепте жүгіруге

Үлгілі болу керек.

Өз елімнің мақтанышы болар едім

Үлкен кісілердің сөзін бөлуге

Тәртіпті болу керек.

Иманды ұл, инабатты қыз болар едім.

Тәртіпсіз болуға болмайды.

Әдептілікті сақтау керек.

Әдепті болуға бар күшімді салар едім.


-Сабақтың басталыуына дайындалады.

-Жаңа сабақпен танысады.











-Ә шырқайды.






















-Диолог құрып ,

әңгімелеседі.




-Жағдаяттарды талдайды, іс-әрекетпен баяндайды.











































-Сұрақтарға жауап береді.















-Ойын ойнайды.


Интерактивті тақта,суреттер.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі