Материалдар / «Ұл мен қыз тәрбиесі – ұлт намысы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұл мен қыз тәрбиесі – ұлт намысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? Абай Құнанбайұлы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ұл мен қыз тәрбиесі ұлт намысы»

Күні


Классжетекші:


Класс: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? Абай Құнанбайұлы

Құндылықтарды дарыту

«Ұлттық мүдде»: Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

«Ар-ұят»: Әдеп нормаларын ұстану;

Сөзіне берік, ісіңе адал болу;

Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор, мейірімділік таныту;

«Талап»:Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тыңдалым тыңдату

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Жағдаяттық тапсырмалар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт


Мұғалім әрекеті



Оқушы әрекеті

Ресурстар


Басы

Оқушылармен амандасу; Оқушыларды түгендеу.

Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты айтылады.

Әнұран айтады

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді

Компью

тер, ледэкран


Ортасы

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады- деген Қазыбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ұл мен қыз – ұлт намысы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

І. Топтастыру стратегиясы.

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін шағын видеоролик тамашалаймыз.

Өз ойларыңды ақ қағазға жазып, ортаға шығып қорғайсыңдар. Кластер құру.

Қыз баланың бойынан қандай қасиетті бағалайсыз? (ер балаларға талқылау сұрағы)

Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы


қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген.

«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле» деген нақыл сөздің түбінде терең мағына жатқанын осыдан ұғынамыз. Сондықтан салиқалы ұрпақ пен саналы қоғамның қалыптасуына басты себеп болатын амал-қыздарымызға имани тәрбие берудің маңызы өте зор.

ІІ. “Кім көп біледі” Мақал -мәтелдер сайысы. Мақалдардың жалғасын тап

Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің

ІV. Келесі жағдаятты кезеңдер.

«Қыз Жібек» тобына:

n Нұргүл жастайынан әлжуас, аурушаң болып өсті. Сабағы да нашар. 9-шы сыныпты бітірген соң, кәсіптік техникалық колледжге келіп оқыды. Жатақханада тұрады . Жоғарғы курстың қыздары Нұргүлдің әлсіздігін пайдаланып ,ақшасын , киімдерін тартып алып жүреді . Кірлерін де жуғызады

Соңғы кездері темекі тартуға еріксіз көндірді .Егер бізді айтып беретін болсаң , көресің, -деп қорқытты . Нұргүл бұлардан құтылудың еш амалын таппай , өмірмен қош айтысқысы да келетін кездері болады .

Егер сен Нұргүлдің орнында болсаң не істер едің ?

«Төлеген» тобына:

§ Асқар өзінің сыйлас досы Ажардың туған күніне арнап қымбат зат сыйлағысы келді . Бірақ ақшасы жоқ . Ол анасының алтын алқасын ұрлап алып , базарға өткізді . Алған теңгеге ойланбастан ұялы телефон сатып алды. Қыздың анасы Асқардың үйіне телефон шалып , рахмет айтты . Мән - жайды түсінген ата - анасы Асқарды қатты жазалады.(Қолданған жазалары: ұрысу , белдікпен ұру ) Ата - анасына ренжіген Асқар бір түнде дерексіз қашып кетті . Асқардың бұл қылығына не деуге болады ?

Сен Асқардың орнында болсаң не істер едің ?

V. Жүректен жүрекке.Ал, енді оқушылар осы тәрбие сағаты бойынша бір – бірімізге деген жылы сөздерімізді , лебіздерімізді білдірейік

Талқылау, пікірталас сәті

Қолдану, талдау

ІІІ.Ойланайық пікірлесейік.

Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса )


Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? (бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар, Атадан жаман ұл туса, Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,

адамгершілігі мол),

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)




Панельді такта















Слайд























Мақал сөздер



















Слайд

Қорытынды

Соңы


Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік?

Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Аң жортар аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!