400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұл-қызға берілген жақсы тәрбие ата-ана мерейі!

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұл-қызға берілген жақсы тәрбие ата-ана мерейі!" тақырыбындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау шарасының жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау шарасының жоспары

Тақырыбы:

Ұл-қызға берілген жақсы тәрбие ата-ана мерейі!

Күні:

30 қаңтар 2025 жыл

Мақсаты



Ата-аналардың тәрбиедегі рөлін нығайту

Ата-аналардың бала тәрбиесінде өздерінің жауапкершілігін сезінуіне ықпал ету

Тәрбиелік құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру

Өту барысыShape1

Кезеңдері

Іс - әрекет

Жауапты

Өтетін орны

Басы

Танысу тренингі: «Қағаздан жаңбыр»

Ойын шарты: Ата-аналарға қағаз таратылады, ол жерге өзінің аты-жөнін жазып, шеңберге тұрады. Барлығы шеңберге тұрғаннан кейін ортаға қағаздарын тастайды. Түскен қағазды алып, ішінде қай Ата-ана есімі жазылып тұрады соған барып, қағаздағы бірінші сұрақтың жауабын жазады. Дәл осылай қағазда сұрақтар таусылғанша жасайды. Барлық сұраққа жауап алынған соң кезекпен оқылады. Өте мұқият тыңдау қажет, өйткені барлығы оқып болғаннан кейін естерінде қалғаны бойынша кез-келген Ата-ана туралы айтып беру сұралады. Егер кідірмей, дұрыс айтып берсе кішігірім сыйлық беруге болады.
Бұл ойын әрі танысуға, әрі есте сақтауға және керемет көңіл күй сыйлауға көмектеседі.
Кез-келген сұрақтар жазса болады, мысалы, сүйікті кітабы, хоббиі, сүйікті тағамы т.с.с.

Куанышкалиева А. Х.


Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Ортасы

 

  1. Тақырыпты ашу мақсатында бейне ролик көрсетіледі: https://youtu.be/SWOQh08GHg4?si=aI4WWNb5mzqL4Lp- Бейне роликті көріп болған соң дөңгелек үстелде отырып ой қозғалып талқыланады

  2. Слаид арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіндегі маңызды тұстарын таныстыру.

  3. Ата-аналарға «Армандар картасын» жасау ұсынылады.

Куанышкалиева А. Х.



Қорытынды


Қолғаптағы әріптер” жаттығуы
Тренингке қатысушыларға таспа әріп жапсырылған қолғаптар беріледі сосын логикалық сұрақтар қойылады соның жауабын тауып қолғаптағы әріптерден сөз құрау қажет.
Мақсаты: Логиканы дамыту, шапшаңдыққа, жылдам шешім шығаруға бейімдеп, жақсы көңіл-күй сыйлау.
?Логикалық сұрақтар
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
(Есім)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
Өміріңнің басы болар,

Жақсылықтың ізі болар.

Ата-ананың міндеті,

Баласына ..... беру болар.

(Жақсы тәрбие)

Қатты сөз айтпай,

Сәлемін сақтай.

Жақсы бала кім болар?

(Әдепті)

Әдептілік үйретеді,

Жақсы іске сүйретеді.

Жамандықтан қорғаным,

Қазынам мен орманым.

(Тәрбие)

Қамқор ана, әке бар,

Тәрбиесін береді ар.

Айтқан сөзін тыңдасаң,

Өзіңе болар қорғандар.

(Ата-ана)
Кайнамайтын піспейтін.

Дәрежесі түспейтін.

Мал боп сойылмайтын.

Дастарханға койылмайтын.

Әлемдегі ас?  

(ана сүті )


Куанышкалиева А. Х.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24.02.2025
175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі