«Бекітемін»
Мектеп
директоры
...................................
А.Б.Шахаров
21.08.2019ж
«Жаһандық
құндылықтар және қазақстандық білім
мен ғылымның сапасы»-атты республикалық
форумы аясында Круглоозерный ЖОББ
мектебі қызметкерлерінің тамыз кеңесі
бағдарламасы
Тәрбие
бөлімі
Өтетін
күні:
23.08.2019ж
Өтетін
орны:
Мектептің мәжіліс залы
Қатысушылар:
Сынып жетекшілер, ата-аналар, «Қамқоршылық
кеңес»мүшелері
№
|
Тақырыбы
|
Бөлімі
|
Мұғалімнің
аты-жөні
|
Лауазымы
|
1
|
«Қазіргі
қоғам дамуындағы тәрбие жұмысының
басым бағыттары» /
Приоритетные
направления воспитательной работы в
соременных условиях развития общества
|
Пленарлық
бөлім
|
Кажмаганбетова
Бибигул Тулегеновна
|
ДТІЖО
|
2
|
«Современные
родители и школа»/
Заманауи ата-аналар және мектеп
|
Секциялық
бөлім
|
Головашкина
Елена Владимировна
|
Бастауыш
сынып мұғалімі 4в сынып жетекшісі
|
3
|
«Оқушы
тәрбиесіндегі сынып жетекшінің ролі»/
Классный
руководитель в системе воспитания
школьников
|
Секциялық
бөлім
|
Кабдрахимова
Арайлым Аскаровна
|
Орыс
тілі пәнінің мұғалімі
6ә
сынып жетекшісі
|
4
|
«Отбасы
мен мектеп байланысы нәтижесінде
оқушы тұлғасын дамыту» /
Взаимодействия
семьи и школы в формировании личности
ученика
|
Секциялық
бөлім
|
Каресова
Таслима Құсайынқызы
|
Қазақ
тілі пәнінің мұғалімі
9ә
сынып жетекшісі
|
Ұлағатты
ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі
күрделі міндет
«Жаһандық
құндылықтар және қазақстандық
білім
мен ғылымның сапасы»
Круглоозерный
ЖОББ метебінде
.
Тәрбие
басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз
бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз
айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың
қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала
тәрбиесіне ерекше мән берген.Қазіргі
жастардың ақыл парасаты құлдырау
үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып,
абыройынан айырылып қалатын жәйіттер
де баршылық. Осы кезде оларды жақсы
тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала
алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие
өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан
білімді болған жөн дейді. Білім алғанның
бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды.
Ұлағатты
ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі
күрделі міндет. Әр адам қандай
жетістікке жетсе де, білім берген
ұстаздарын ерекше қадірлейді. Сіздердің
арқаларыңызда тұтас бір буынның
құндылықтары мен қасиеттері
қалыптасады."Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы" деген халқымыз. Сондықтан
болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің
еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды
міндет.
Тарихы
терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие
арқылы беріледі
Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі
мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше
екенін өздеріңіз жақсы білесіздер."Білімдіден
шыққан сөз, Талаптыға болсын кез", –
деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз – әрқашан
ілім мен ізгілікті алға қоятын
тұлға.Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз
де кезінде мұғалімнің тәлімін алып,
білімін үйрендік.Ұлттық құндылыққа
қанығып өскен өреннің танымы терең,
ділі берік болады.Қазіргі жаһандану
дәуірінде жаңа технологияның қарқынды
дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер
әкелді.Адам капиталына, білім саласына
қойылатын талаптар мүлдем өзгеше.Сапалы
білім қарқынды дамудың басты шартына
айналды.Біз қазіргі заманның жаңаша
талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай
болуымыз керек.Бұл үшін бір орында тұрып
қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы
тиіс.Сондықтан, білімі терең, ойы озық
ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына
зор жауапкершілік жүктеледі.Біздердің
бүгінгі шәкірттеріміз – Қазақстанның
жарқын болашағы.Сапалы білім – жетістікке
жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың
басты құралы.
Тәрбие
саласындағы арнайы бағыттар бойынша
тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған
мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды
шешудің оңтайлы жолдарын білу керек.
Жалпы
алғанда тәрбие – сапалы білімнің негізгі
арқауы, діңгегі.Әл-Фарабидің "Тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы"
деген сөзі барша білім саласы
қызметкерлерінің бой түзер бағдары
болуы тиіс.Еліміздің жастары өзін жеке
тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің
озық инновацияларға сай өркендеуіне
зор үлес қосуы қажет.Бұл – қазіргі білім
және тәрбие беру үдерісінің алдында
тұрған маңызды міндет.Отандық білім
саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа,
өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп,
ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс.
Білім
алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал,
ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне
қарамайтын бала қалай білімді бола
алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі
болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен,
тәртіппен және талаппен тығыз байланысты.
Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз
адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды.Ата-ана
мен аға буындардың ақылын алып, солар
сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса,
жас жеткіншектерге тәлім -тәрбие мүлдем
қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік
еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие
де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге
еліктегіш келетінін ескерген
жөн.Сондықтанда оларға дұрыс үлгі
көрсете білу қажет.
Балаға
үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы
оларды дұрыс жолға бағыттау – өмір
заңы.Ал баланы дұрыс жолға бағыттау
үшін ең алдымен тәртіп пен талап
керек.Талап пен тәртіп болмаған жерде
белгілі бір нәтижеге жету қиын.Тәртіп,
баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір
сүруге үйретеді. Тәртіп баланың дұрыс
және терісті, халал мен харамды айыру,
өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына
шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын
тағы сол сияқты сана-сезімдерін
қуаттандырады.Тәртіптілік қоғам дамысына
да жақсы әсерін тигізетіндігі дамыған
ислам елдерінің тәжірибесінен байқалып
отыр.
Талапқа
келетін болсақ ол тәрбиедегі ең басты
фактор деп те айтуға болады. Өйткені
балаға талап қоя білмесек, ол баланың
тәрбиесінің өзгеруіне әкеліп
соқтырады.Баланың әрекетіне талап қоя
отырып тәрбиелеуге бола ма? Бұл сұрақтан
асып ешқайда бара алмаймыз.Талап деген
сөздің мазмұны «қатты» және «жұмсақ»
деңгейге бағытталады. Әрбір халықтың
өзіндік бір тәрбиелеу талаптары бар,
яғни балаға нені шектеуге, неге рұқсат
етуге болады.Қазіргі педагогикада талап
деген түсінік кең мағынада қолданылады.
Соның ішінде отбасындағы талаптың ең
бір тиімді әдісі ол күн тәртібі. Оған
уақытты дұрыс жұмсау ережелері тағы
сол сияқтыларды атап өтуге болады.
Күн
тәртібі баланы белгілі үйреншікті
тәртіпке, қатаңдыққа тәрбиелейді.
Балалар үлкендердің қойған талабы мен
өздерінің міндеттерін орындауға ұстамды
болуға үйренеді.Сол себептен тәрбиеге
ең жақсы сабақ болатын ол тәртіп пен
талап.
Тәртіп
пен талап бар жерде тәрбиемізде жақсы
жолға түседі деп кәміл сенемін
Сондықтан
жастарды тәрбиелеу үшін ата бабадан
бері жалғасып келе жатқан наным-сенім,
ырым, салт-дәстүр мен ата дініміздің
тәрбиелік маңызын ерекше пайдаланғаны
жөн.
Қорыта
келе, отбасының басты қазығы, алтын
тіреуі, діңгегі – бала, ал баланы
тәрбиелеу отбасынан басталады.Ендеше,
егеменді ел болып, еліміздің көсегесін
көгертетін, қазақ ғылымын дамытып,
дүниежүзілік аренаға көтере білетін
терең білімді жігіттер мен қыздарды
тәрбиелей білгеніміз жөн.