400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлағатты ұстаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкірт тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаздардың еңбегін бағалап, оларды құрметтеу мақсатында жазылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам баласы шыр етіп дүниеге келген соң ең бірінші анасынан, өсе келе әкесінен, ал мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап ұстаздан тәлім – тәрбие, білімді алады. Шәкіртке тәлім – тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, білім әлеміне жетелеп кіргізіп, білімнің қыры мен сырын үйретуде ұстаздың еңбегі зор. Өз баласынан өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіріп, аянбай еңбек ететін жан ол – ұстаз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ел басқарушы елбасы да, әкім де, жезтаңдай әнші де, тер төккен диқан да, қой баққан шопан да, сан түрлі ғылымды ойлап тапқан ғалымның да, тіпті ұлы ғұла­ма­лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған ұстазды халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй­реткен білім мен ғылымды, тәрбие мен тәлімді қатар берген ұстаздарға мадақ пен мақтау, өлең мен жыр, тарау – тарау кітап арнап жазсақ та ұстаздың еңбегіне еш өлшемі жетпейді.Ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Сондай еңбегі орасан ұстаздардың бірі де бірегейі Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болашақ зейнеткер - Күнішева Ұлтай Шаймерденқызы 1957 жылдың 20 – шы маусымда Алматы облысы, Ақсу ауданы, бұрынғы Басқан қазіргі Жаңалық деп аталатын ауылда қарапайым отбасында дүниеге келген. Бала кезден зерек болып өскен Ұлтай Шаймерденқызы мектепте үздік бағамен оқып бітіреді. Бала кезден мұғалім болуды армандаған бойжеткен қыз арманын жүзеге асыру үшін мектепті бітіре салысымен арман қуып, білім іздеп, Семей қаласына Н.Крупская атындағы педагогикалық институтқа қазіргі Шәкәрім атындағы университетке қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне құжаттарын тапсыруға келеді. Бұл 1973 жылдың тамыз айы еді. Оқуға түсу үшін тапсыратын емтиханнан үздік деген бағамен өтіп, оқуға қабылданады. Бұл институтты 1977 жылы бітіріп, еңбек жолын туған жері Басқандағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастайды. Бұл қызметті 4 жылдай нәтижелі атқарып, 1981 жылы Ақсу ауданына қарасты Арасан ауылына келін болып түсіп, бұрынғы Арасан орта мектебі, қазіргі Б. Сырттанов атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын жалғастырады. Міне, Ұлтай Шаймерденқызының мектеп оқушыларын білім нәрімен сусындатып келе жатқанына 40 жылға таяп қалыпты. Сол қырық жылдың ішінде өз мамандығының ыстығына күйіп, қиындығына мойынсұнбай шыдап, аянбай еңбек етіп, алға ұмтылды. Сол еңбектің арқасында білімнің биік мұнар шыңын талай жетістіктермен бағындырды. Ұстаз – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО, Қаз ССР ағарту ісінің үздігі, К.Н.Крупская медалінің иегері ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дауының бастауы» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конферецияда өзінің озық тәжірибесін таныта білгені үшін марапатталды. Алматы облысының білім департаментінің «Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» Құрмет грамотасымен, ұзақ жылдардағы жас ұрпақты тәрбиелеудегі «Елеулі еңбегі» үшін Ақсу аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен, Ақсу аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен, құрмет грамотасымен талай мәрте марапатталды. Сырттай шығармашылық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Түрлі сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттерін мәнерлеп оқуға, өлеңді жүйелі жазуға жетеледі. Соның нәтижесінде республикалық танымдық басылымның бірі «Мөлдір бұлақ» журналына талай шәкірттердің шығармашылық жұмыстары жарық көрді. Аталмыш журналдың редакция алқасының алғыс хатымен сан мәрте марапатталды. Шәкірттері жүлделі орындарды иеленді.

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші білім алған шәкірттері шеттерінен «сен тұр мен атайын» деген сайыпқырандар. Әр жылы аудандық, облыстық пән олимпиадасынан бәйгеге шапқан тұлпардай жүлделі орындарды бермей келеді. Атап айтар болсақ, Тұрсын Ерасыл аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауынан І орын алып, облысқа жолдама алды.

Суретте: Ұстаз дарынды оқушысы Тұрсын Ерасылмен

Мұқият Дариға облыстық Абай оқуынан жүлделі ІІІ орын иеленді. Осы кезге дейін білім алған шәкірттері республиканың әр түкпірінде лауазымды қызметтерді атқарып жүр. Соның бірі өзім де ұстазымның жолын қуып, Б.Сырттанов атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарып жүрмін. Ұстазымнан білгенімнен үйренерім көп. Ол кісінің 40 жылғы білім берудегі озық тәжірибесі бізге өмірлік үлгі. Озық та тәжірибелі, нәтижелі де үлгілі, білікті де үздік ұлағатты ұстаз биыл бейнеттің зейнетін көретін зейнеткерлік жасқа шықпақшы. Ендеше, ұлағатты ұстазды зейнеткерлік жасқа шығуымен шын жүректен құттықтай отырып, төмендегі жыр шумақты арнағым келеді.


Құтты болсын зейнетке шығар жасыңыз,

Қуаныштан бал – бұл жанып тасыңыз.

Бала – шаға ортасында аман боп,

Жүзге келген Жамбылдың ізін басыңыз.


Ұлы ұстаз, дана ұстаз өзіңіз,

Арманның ақ теңізінде жүзіңіз.

Ұлы ұстаз өміріңіз үлгілі,

Әрқашанда құрметті боп жүріңіз!

Шын жүректен арнаймын жыр – шумақты,

Ұстазым қабыл алғын ақ тілекті.

Өмірде шын бақытты болыңыз деп,

Жыр арнады шәкіртің Раушан атты!

Ақсубаева Раушан

Ақсу ауданы, Арасан ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі