400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ұлағатты ұстаз - мектеп жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарымыздың ерен еңбегі туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

№39 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ 7 Ә СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ДҮЙСКЕНОВА НҰРАЙ САМАТҚЫЗЫ

Ұлағатты ұстаз - мектеп жүрегі

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз ғана.



Менің ойымша кез – келген адам ұстаз бола алмайды, қазіргі мына жағдайдағы менің ойым осы, неге дейсіздер ме, себебі онлай оқу басталғалы, ата – аналар балаларын оқытуға шыдай алмай жатыр, оның дәлелі ретінде интернет желісінен бірнеше мәліметтер мен ақпараттарды көріп отырмыз.

Әр үйдің еркесі, әр үйдің аялап ұстап отырған балалары бір сыныпқа жиналады, бір ұстаз ғана кәсіби шеберлігімен барлық 25-30 баланы білімге баулиды. Мұның өзі жетік өнер. Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды деген сөзге толықтай келісер едім. Мен ұстаздарымды мақтан тұтамын.



Қазіргі кезде рухани түрде жан дүниемізді дамытуымыз керек. Кез келген адам рухани жаңғыруды бірінші кезекте өзінен бастайды. Яғни рухани жаңғыру барлығымыз үшін өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түсуі деген сөз. Дүниеге келген әр баланы бесікке салғаннан бастап, бүкіл тәрбие мен білім беру жүйесі арқылы қазаққа тән білім мен қазаққа тән тәрбиені оның санасына мықтап сіңіруіміз керек – дейтін ұстаздарға басымды иемін.

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстазға мың мәрте алғыс айта отырып, ата – аналарымыз оларға демеу ретінде бізді тәрбиелеп, ұстаздың құрметін түсіндіріп, алғыс білдіріп тұрса ол да бір үлкен мәртебе болар еді. Қазақтың батыры Б.Момышұлының «ертегі оқымай өскен балалардан қорқамын» деген сөзінің астарында үлкен мән бар. Оған үңілер болсақ ол тәрбие, отбасының құндылықтары екені сөзсіз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 сәуір
860
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі