400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ұлағатты ұстаз туралы сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен ата-аналардың ұстазға деген алғыстары мен құрметтері туралы жазылған. Осы матриал арқылы ұстаздың адамзат баласы үшін қаншалықты маңызды рөл атқаратынын біле аламыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұлағатты ұстаз туралы сөз


Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшелеленеді. Оларды бақытты ету үшін ұстаз өз бойындағы күш – жігерін, жанын, төзімділігін әр оқушының бойына салуға тырысады. Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы ең шығармашыл мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл тек қана кәсіп емес, бұл өмір салты. Ол мемлекет пен қоғам алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді және шәкірттерінің негізгі рухани қасиеттерін қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Мұғалім ақылды және түсінушілігі мол, мейірімді және қатал, ашық және дана болу керек. Солардың бірі жас ұстаз - Шәкен Жадыра Жанатқызы.  

 Жадыра Жанатқызы - ерекше адам. Ол өзінің жылулығын барлық оқушыларына шын жүректен дарыта біледі. Балалар онымен кез-келген тақырып бойынша сөйлесе алады, сондықтан сыныпта әрдайым сенім мен өзара түсіністік атмосферасы бар, әр баланың жанын жақсы түсінеді және оның көңіл-күйі мен мінезін құрметтейді. Алдына мақсат қоя білетін талантты , еңбекқор ұстаз біздің мектепке келгенен бері түрлі мерекелік іс - шараларды жоғары деңгейде өткізіп тұрады. Балаларымыз ұстаздары туралы әрдайым жақсы пікірлер айтып, қуаныштарымен бөліседі. Жас ұстаз болғанмен, білімі жан-жақты, сөйлеу мәнері өзіне жарасымды, сауатты, тәжірибелі ұстаз екенін байқауға болады. Мектепте өтетін іс - шараларды ұйымдастыруда , ата-аналармен өзара қырым-қатынас жасауда жауапкершілігі мол. Биылғы оқу жылында Жадыра Жанатқызы түрлі эксукурсияларды, отбасылық мерекелерді, оқушыларға арналған олимпиадаларды ұйымдастырды, түрлі байқауларға оқушыларды қатыстырды. Жадыра Жанатқызының арқасында біздің балаларымыз еңбекқор, талантты, адал және мейірімді жандарға айналды.

Жадыра Жанатқызын ата-аналар атынан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіз демекпіз.

Ұстаздық жолыңызда шығармашылық табыс, тек ғана биік шындардан көріне беріңіз! Сізге және отбасыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.



Павлодар қаласы №43 мектептің оқу қазақ тілінде жүретін 4 - сынып ата-аналары







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2018
657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12