Сабақтың тақырыбы:
Ұлағатты ұстаздар
Сабақтың мақсаты:Қазақ
халық музыкасына үлес қосқан
күйшілер,әншілер жайында мағлұмат
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Дәулескер
күйшілер мен күміс көмей әншілер жөнінде
мағлұмат
ә)Дамытушылық:Ән
мен күйді орындау барысында барлық
ережелерді сақтау, дауыс баптау
жаттығуларын жетік меңгерту
б)Тәрбиелік:Күйші,әншілердің
өнеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру,орындау мәнерімен танысу
Сабақтың түрі: Жаңа
білімді меңгеру
Сабақтың ұйымдастырудың
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту
сәті, топпен жұмыс, пікірталас
Сабақтың көрнекілігі:
слайдтар, белсенді
тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің
портреттері, домбыра ,баян, фортепиано
Музыкалық материалдар:
Құрманғазының күйі. «Балбырауын»
Ән
үйрену «Мектебім»Әні
мен сөзін жазған А.Меңжанова
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу (әндете) оқушыларды
түгендеу
3.Жаңа сабақ.
Қазақ халық музыкасын зор
үлес қосқан көптеген әнші-күйші
апа-аталарымыз бар
Олар:Х1Х ғасырда өмір сүрген
атақты күйшілер Құрманғазы, Дина
,Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап т.б
ХХ
ғасырда дәстүрлі мәдениетті сақтап оны
жеткізушілер болып саналатын– Қали
Жантілуов, Манарбек Ержанов, Жусіпбек
Елебеков, Әбікен Хасенов, Ғарифолла
Құрманғалиев сынды танымал орындаушылар.
Аталған орындаушылардың ел ішінде
қалыптасқан «ұстаз‑шәкірт» дәстүрлі
мектебінің сақталғандығы жайлы біліп,
музыкалық дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа
жалғасуының тарихи әңгімесінен маңызды
мағлұматтар алады. Яғни қазақтың көне
ән‑күйлерін жеткізген ұлы ұстаздар
болса, сол ұлы ұстаздардың дәстүрінің
бүгінгі заман шәкірттерімен жалғасын
тауып жатқандығы жайлы сөз болады.
Атақты күйшілермен біз 2- ші
сыныпта танысқан болатынбыз. Ал енді
осы жоғарыда аталған атақты орындаушылармен
осы 4 сыныпта танысатын боламыз.
Негізі осы халық музыкасының
дамуына ,өркендеуіне, өсуіне себепкер
болған да ос кісілер.
Қазақ халқы өнерге бай
халық.Жалпы өнердің бір түрі ол-музыка.Музыка
4 жанрдан тұрады.
1.Ән, 2.Күй, 3.Би ,4.Марш.
Осы жанрлардың ішіндегі ән
жанрына еңбектері сіңген бұл орындаушылар
біздің дәстүрлі халық әндерін қазіргі
заманға иіріміне келтіре орындап жеткізе
білді. Біз әрине осындай кісілерді
құрмет тұтамыз.
Ән айтқанда барлық ережелерді
сақтауға тырысу керек..
4.Шығармашылық жұмыс
Күй тыңдау:Құрманғазының
күйі. «Балбырауын»
5.Жаңа
ән үйрену:
«Мектебім»
Әні: А.Меңжанова
Сәулесін
төгеді көкте күн,
Жайнай
түс, сүйікті мектебім.
Балауса
балдырған шағымда,
Өзіңнен
аларым көп менің.
Қайырмасы:
Мектебім-сәулетті
мекенім,
Бауырыңда
түлеймін, жетемін.
Сен
– бұлақ, мен – қайың бүр ашқан
Өзіңнен
нәр алып көктедім.
.Ұстаздың мейірімі тәрізді,
Жадымда қалады әр ізгі үн.
Елімнің тарихын танытқан,
Мектебім, өзіңе қарызбын.
Қайырмасы:
Мектебім, мереке, ән бердің,
Өзіңнен арайлы таң көрдім.
Асылын үйреттің жалықпай,
Сен түрлі қызықты пәндердің.
6.Сабақты қорытындылау
сұрақтары:
Халық музыкасына үлес қосқан
күйші сазгерлер?
Орындаушы сазгерлерден
кімдерді білесің?
Музыкада қанша жанр бар?
Ән жанры бойынша қандай ?
Үйге тапсырма: «Ұлағатты
ұстаздар» оқып мазмұндау
«Мектебім» әні жаттау
8.Бағалау