Материалдар / "Ұлдар мен қыздар әлеміне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлдар мен қыздар әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал арнайы мектеп - интернат тәрбиешілеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
567
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Ұлдар мен қыздар әлеміне саяхат»


Мақсаты: ұлдар мен қыздарға тән қасиеттер туралы түсініктерді қалыптастыру, әлеуметтік қарым – қатынас негіздерін дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: гендерлік және осыған байланысты тұлғааралық өзара іс – қимыл нормалары туралы түсінік беру, қыздар мен ұлдардың физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты өзінің жыныстық қатыстылығын анықтауды үйрету.

Түзету – дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын, ойын арқылы логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтау қабілетін, дұрыс сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: балалар ұжымында достық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу
Алдын – ала жасалған жұмыстар:

ұлдар мен қыздардың жақсы қасиеттері туралы әңгімелер. Тақпақтар жаттау.

Орташа ақыл –ойы кем балалармен жұмыс: суреттер бояу, суреттің не жайлы екенін әңгімелеу, тәрбие сағаты барысындағы ойындарға қатыстыру.

Көрнекіліктер:слайд, шарлар, доп, кірпіш суреттері, фломастерлер, суреттер «Осы қылық дұрыс па?», күлгін және қызыл түсті жүрекше, сандықша.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- балалар бір – бірлеріңе мұқият қарап, маған мына сұраққа жауап беріңдерші «Ұлдар мен қыздардың айырмашылығы не?» (оқушылар жауабы)
Ұлдар өздері жайлы не айталады? (тақпақ)

1оқушы: Ардақтайды сыйлы болған данасын,
Аялайды нәзік жанды анасын,
Елімнің қайсар рухты жігіттері
Әлі талай асқақтатар даласын.

2 оқушы: Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт

Жорғадай тілі майда жүріс болса.

Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,

Еткені берекелі жұмыс болса.

-Ал, қыздарды тыңдайық.
1 оқушы: Ұлы ақын таңдаған,
Талғамына жараған
Аруларға біздердей, 
Тамсанады бар ғалам.

2 оқушы: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

ІІ. Негізгі бөлім.
-балалар, көңіл – күйлерің қалай? (балалар жауабы). Бүгін мен сендерге шармен саяхатқа шығуды ұсынамын. Келіңдер отырыңдар.

Жағдаят: орындық саны балалар санынан бірнешеуі кем.

Тәрбиеші: енді не істейміз? Бұл жағдайдан қалай өтеміз? (ұлдар қыздарға орын беріп, өздеріне орындық алып келуі тиіс) Ұлдардың қылықтарын бағалау.

-Ал енді, мен сендерге бір аңыз айтып берейін. Ертеде ұлдар мен қыздар тату өмір сүрген ел болыпты. Бір күні олар «ең басты ұлдарма, әлде, қыздарма» - деп, дауласыпты. Сол даудың арты үлкен келіспеушілікке әкеліп, олар бөлек тұра бастапты. Ал зұлым сиқыршы олардың араларына үлкен қамал тұрғызыпты.

Сонымен Ұлдар мен Қыздар әлемі пайда болыпты. Уақыт өте келе олар қалай тату – тәтті өмір сүргендерін ұмыта бастапты.

Қыздарға ауырды көтеріп беретін, жабайы аңдардан қорғайтын ешкім болмаса, ұлдарға тамақ әзірлеп, әдептілікке үйрететін, киімдерін жуатын ешкім болмапты. Осылайша олар көп өмір сүріпті. Сиқыршының құрған үлкен қамалдын бұзатын,оларды татуластырып, бірге өмір сүретін сиқырлы құрал бар екен. Сол үшін біз сендермен құтқарушыларға айналып,тапсырмаларды орындай отырып, оларды құтқаратын боламыз. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын қамал бұзылып отырады.

-Балалар, мына сандықшаның ішінде қамалды бұзуға арналған тапсырмалар бар. Сонымен қарайық.

1тапсырма: «Мықтылық пен әдемі жаттығу көрсет»

(музыка әуенімен ұлдар отырып – тұру, гантель көтеруді, қыздар әдемі аяқ ұшымен жүріп «қарлығаш» болып тұра алуды көрсетеді)

-Өте жақсы.

2 тапсырма. Ойын “Өзара сенімділік”

(Ұлдар қыздардың көздерін байлап, бөгеттерден өткізіп орындыққа отырғызу)

Сұрақтар:

Көзің байлаулы болғанда өзіңді қалай сезіндің?

Жетекші сені қорықпай жетелей алды ма?

Ал сен қорықпай жетекші бола алар ма едің?

-Жарайсыңдар, балалар, бұл тапсырмадан жақсы өттіңдер.

3 тапсырма. Дидактикалық ойын Жас реттілігі

-Балалар айтыңдаршы суретте неге бұлай орналастырылған? (сәби, кішкентай қыз, бойжеткен, әйел, апа, ұл бала, бозбала, жігіт, ер адам, ата)

Сергіту сәті. «Көңілді күн» видеоролик.

4 тапсырма. Дидактикалық ойын «Осы қылық дұрыс па?»»

Мақсаты: іс –әрекеттерді бағалай білуді дамыту. 

Суреттегі іс – әрекеттерге қарап балалар өз ойларын айтады.

5 тапсырма. Ойын «Қыздар мен ұлдар».

Мақсаты: ұлдар мен қыздарға тән жеке қасиеттерді атауға жаттығу.

Ойын шарты: допты ұстап алып, ұлдар қыздарға тән қасиетті, ал, қыздар ұлдарға тән қасиеттерді атау.

6тапсырма: «Мамандық таңдау»

Әртүрлі мамандықтар карточкаларын алып, ер адам және әйел адамға тән мамандық екенін ажырату, өз ойларын ортаға салу.

- Осымен балалар, берілген тапсырманы жақсы орындап қамалды бұза алдыңдар. Енді қанекей, ұлдар мен қыздарды татуластыру үшін «Достық пирамидасын» құрайық.

Ойын жаттығуы «Достық пирамидасы»

Балалар, әркімнің өз сүйікті ісі, ойыншықтары бар, сендердің жақсы көретін нәрселеріңнен пирамида құрайтын боламыз.

(Балалар бір – бірінің алақандарын қоя отырып өздерінің жақсы көретін істерін айтады. Мысалы: «Мен конструктор құрағанды ұнатамын» т.с.с)

-Міне қандай үлкен пирамида құралды. Енді осыны «Ұлдар мен қыздар әлеміне» жіберейік.

1,2,3— татулық әлеміне ұш.

-Балалар мына жерде тағы бір конверт жатыр, ішінде не бар екен? Сендерге арналған хат келіпті (хатты оқу)






«Құрметті ұлдар мен қыздар! Сендерге көп рахмет! Сендер бізге қамалды бұзып тату өмір сүруге көмектестіңдер. Біз сендерге естелік ретінде мына смайликтерді естелікке жібердік.

(балалар смайликтерді кеуделеріне тағады).

— Менің ойымша мына смайликтерге бірнәрсе жетіспейтін сияқты? (смайликтерде күлімдеу суреті жетіспейді).

— Олай болса суретті бір – бірімізге салып берейік (Ұлдар – қыздарға, қыздар – ұлдарға арнап суреттті аяқтайды)

ІІІ. Қортынды. Балаларды мадақтау.

Балалар бүгінгі тәрбие сағаты сендерге ұнадыма?

Бүгінгі тәрбие сағатынан не үйрендіңдер?

Балалар әрқашан бір – бірлеріңді сыйлап, әдепті болыңдар.



Күтілетін нәтиже: қыз бен ұлдың арасындағы ерекшелікті, айырмашылықты біледі.Ұлдар мен қыздарға тән қасиеттерді үйренеді.
























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!