400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлдармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлдармен жұмыс(1).docx ұлдармен жұмыс жоспары 1жылдық. Өткізіілетін ісшаралар. Ойындар мен жиналыстар. Бейне баян. Баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлдармен жұмыс

Мақсаты: Ер балалар арасында  зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

— ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

— танымдық жұмыстарды ынталандыру;

— жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

— жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған.
 Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан.  “Әкеге  қарап  ұл  өседi,  шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы”  мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.


№

Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі

Сыныбы

Уақыты

Жауапты

1

«Жасұлан» ұлдар ұйымының жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту. Отырыс №1

Әр сыныптың ұлдар ұйымының жетекшілерімен танысу. Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру.

5-11 сынып

Қыркүйек

Жетекші Бортин Н.Б
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жұмағалиева Ұ. Н

2

Ер азаматтың Отан алдындағы борышы. Сарбазбен кездесу

Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.

9-11сынып

Қазан

Жетекші Бортин Н.Б
Тәлімгер Тұяқбаева Ж

3

Шағын футбол ойыны

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

5-11 сынып

Қараша

Жетекші Бортин Н.Б
Дене шынықтыру пән мұғалімдері

4

1.жартыжылдық жүргізілген жұмыстарға қорытынды.

Отырыс№2

1 жартыжылдық жұмыстар бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігіне талдау нәтижесінде анықтама жасау

5-11 сынып

Желтоқсан

Жетекші Бортин Н.Б
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жұмағалиева Ұ. Н

5

 «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»

Дөңгелек үстел

Өмірді бағалай білуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.Ар-абырой, намыс,ұят сияқты қасиетті сезімдерді ардақтауға тәрбиелеу.

7-11 сынып

Қаңтар

Жетекші Бортин Н.Б
Психолг Әбдіғали Ұ

6

«Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»

Денсаулық құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу.Гигиеналық талаптардың жиынтығы жеке бас гигиенасының адам денсаулығы үшін маңыздылығын ұғындыру.

5-9сынып

Ақпан

Жетекші Бортин Н.Б
Медбике Қабылдина А

7

Отырыс №3.

1.Әр сыныптың ұлдар ұйымының жетекшілерінің есебі.

2.Жоспар бойынша алдағы жүргізілетін іс-шараға бағдарлама жасау.

Жүргізілген жұмыстарға қорытында жасау, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

5-11 сынып

Наурыз

Жетекші Бортин Н.Б
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жұмағалиева Ұ. Н

8

«Айбынды сарбыз» әскери сайыс

Егеменді Қазақстан еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру. Еліміздің батыр ұлдарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру.


10-11 сынып

Сәуір

Жетекші Бортин Н.Б
Дене шынықтыру пән мұғалімдері

9

Ұлы Отан соғысы жайлы кинофильмдер, диафильмдер көрсетіп, оны талқылау


Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру.


9-11 сынып

Мамыр

Жетекші Бортин Н.Б

10

Отырыс №4

«Жасұлан» ұлдар ұйымының жылдық жоспарына қорытынды.

Жыл ішінде жүргізілген жұмыстарға талдау жасау.

5-11 сынып

Мамыр

Жетекші Бортин Н.Б
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жұмағалиева Ұ. Н



















«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры:________ Б.Дауитбаев Тәрбие ісінің орынбасары: _______Ұ.Жұмағалиева





Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің

«Жасұлан » ұлдар ұйымының жылдық жұмыс жоспары.




Жетекшісі: Бортин Нұржан Бәкіртайұлы











2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі