Материалдар / "Үлес туралы түсінік"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Үлес туралы түсінік"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үлес туралы түсінік" 3 сынып математика пәнінен сабақ жоспары. Бұл жоспар з сынып оқушыларының деңгейлеріне сай құрастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
1567
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

41-сабақ. Үлес туралы түсінікТақырып:Уақытты қалай өлшейді?Мектеп: Мортық орта мектебі
Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Кабдылуахитова А.Н.
Сынып: 3Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру
Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:


Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсету.


Бірқатар оқушылар үшін:


Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және салыстыру.


Кейбір оқушылар үшін:


Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелеу.
Тілдікмақсаттар









Оқушылар:Үлестердің жасалуын түсіндіру.Пәндік лексика және терминология:үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.Талқылау:Фигура неше бөлікке бөлінеді?Әр бөлікті қалай атауға болады?Қай бөлік үлкен: 1/2 немесе 1/4? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.


Жазу:


1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар.
Тірек білім, білік, дағдыларҮлестердің тұрмыстық атауы.
Жоспар
Жоспарланған уақытЖоспарланған іс-әрекетРесурстар




0–3





Ынталандыру.Екі оқушы тақтаға шақырылып,бір алма беріледі.Осы алманы тең бөліп жеу үшін не істеу керек?(Тең екіге бөлу керек)Алманы бөледі.Неше бөлік шықты?(2)Әрқайсысың неше бөлік жедіңдер?(1)Ал енді бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?Қандай мақсат қоюға болады?(Оқушыларға айтқызу)Жарты бұл бүтін санның бөлігі. Адамдарға жиі бүтінді бөліктерге немесе үлестерге бөлуге тура келеді.Ең белгілі үлес – ол, әрине, жарты.«Жарты» деген сөзді қайдан естуге болады?«Жарты» деген сөзді күнде естиміз: жарты сағат, жарты киллограмм, жарты нан.Енді «Апельсин» атты мультфильмді көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын. ануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер). Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік). – Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен). - Апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә). - Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер). Алма





























« Апельсин» мультфильмі,апельсин суреттері,






4–6

Белсендіру. "Кім зерек?" ойыны (Ж)Тортты үш рет кесу арқылы қалай 8-тең бөлікке бөлуге болады?1- қадам: тортты тең ортасынан екі үлеске бөлу.2 -қадам: : тортты тең төрт үлеске бөлу.3- қадам:тортты көлденең ортасынан бөлу.Сонда үш рет кесу арқылы 8 бөлікке бөлуге болады.Шапалақпен бағалау





Торт суреті


7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)– Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады? – Нені үйрену керек?Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек.Кім тапқыр?1.Алманы бөлу. (Ө.)Бірдей 5 алма берілген. Осы 5 алманы 6 балаға бірдей етіп бөлу керек, бірақ алмалардың ешқайсысы бірдей 6 бөлікке бөлінбеуі керек. Осы шартты пайдаланып , алмаларды қалай бөліп беруге болады?Жауабы: (Барлығы 5 алма берілген. 2 алманың әрқайсысын бірдей 3 бөлікке бөлсек, барлығы 6 бірдей бөлік аламыз. 6 балаға бірдей бөліп береміз. Қалған 3 алманың әрқайсысын бірдей 2 бөлікке бөлсек, тағы да 6 бірдей бөліктер аламыз.Яғни әр балаға 1 бөліктен береміз. Есеп шартында көрсетілгендей, ешқандай алма бірдей 6 бөлікке бөлінген жоқ.)Смайликпен бағалау















12–29

Жаңаны ашу.(Ө.)Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек)Дөңгелекті екіге бүктеңіз.Ашыңыз.Қанша бірдей бөлік болды? (2)Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни тең екі бөлікке.Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек. –Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (ширек).Тағы бүктеуге бола ма?– Неше бөлік болды? Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік."Отшашу" арқылы бағалау Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланады.(Ұ.)Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген?Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады.Математикада үлестерді жазуға болады.(Ұ.)2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар."Бармақпен" бағалауСергіту сәті."Австралия жаңбыры":1-саусақтарды жай сытырлату арқылы жаңбырдың басталу тырсылын дыбысын келтіреді;2-сол қолдың алақанын ашып оң қолдың екі саусағымен алақанды соғу;3-сол алақанды оң қолдың төрт саусағымен соғу;4- жылдам екпінмен шапалақтау;5- екі қолымен екі санын соғу;6-екі аяқты кезектестіріп соғу;Осы жаттығуларды кері ретпен қайта жасайды. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.(Ж.) №3 тапсырманы қарау, бөлшектердің жазылуына баса назар аудару. Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс жасайды.Жұпта бағалауӨздік жұмыс.Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды. Жұпта бағалауДәптер, оқулық, дөңгелектер.



























Сағат суреттері





















30–38

Жаңаны қолдану.(Т.)4 топпен орындалатын тәжірибелік жұмыс. Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен жазады, теңсіздіктерді жазады.Топ басшысы бағалайды(Ұ.) №6 ауызша орындалады.Әрі қарай мұғалім дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсынады.Семантикалық картамен жұмыс.

 Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды.Мен:
  • – суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін;
  • – үлестерді оқимын;
  • – үлестерді жазамын;
  • – үлестерді салыстырамын.
  • Қайталау.Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма беру. №9 тапсырма – логикалық жаттығу 15 минут сағаттың қандай бөлігін алатынын анықтау. (Т.)Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға геометриялық фигураларды бөлікке бөлуді топтық жұмыс ретінде орындату.Үй тапсырмасына №7,8 тапсырма беруге болады.

    Қиылған дөңгелектер, қарындаштар, оқулық.





    39–40

    Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:
  • үлестердің жасалуын көрсету
  • үлестерді оқу және жазу
  • үлестерді салыстыру








  • Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!