400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлес туралы түсінік./ Уақытты қалай өлшейді?

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар үлесті бөле алады. салыстырып, дәлелдей алуға үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика Мектеп: МГ №3

Күні: 14.10.2020 Қатысқандар саны: 23

3 «Б»сынып Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлес туралы түсінік./ Уақытты қалай өлшейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар : үлесті құру жолын көрсету

Басым көпшілігі: Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және салыстыру.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелеу.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Үлестердің жасалуын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).

Талқылауға арналған сұрақтар:

Үлес дегеніміз не?

Бөлшек сызығы нені білдіреді?



Бағалау критерийі

Санның үлесін оқи, жаза алады.

Үлестерді салыстырып, дәлелдей алады.

Ойлау деңгейлері

Білу ,түсіну, қолдану

Құндылықтарға дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану «Күн тәртібі» 1 сынып

АКТ


Алдыңғы білім

«Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері» 2 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Бір біріне жақсы тілек тілеу

Менің қолымда 6 алма бар. Осы алманы екі балаға теңдей бөліп беруге көмектесіп жіберіңдер. Неше алмадан беремін? Бір алманы қалай бөлемін?

Жарты – бұл бүтін санның бөлігі.

Адамдарға жиі бүтінді бөліктерге немесе үлестерге бөлуге тура келеді.

Ең белгілі үлес – ол, әрине, жарты.

– «Жарты» деген сөзді қайдан естуге болады?

– «Жарты» деген сөзді күнде естиміз: жарты сағат, жарты киллограмм, жарты нан.

Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Үлес туралы түсінік

Мақсаты үлес дегеннің не екенін білеміз.

Бағалау критерийі:

Санның үлесін оқиды.

Санның үлесін жазады.

Үлестерді салыстырады.


Сабақтың ортасы






5 минут




5 минут



10 минут







10 минут

Білу,түсіну

Қолымыздағы парақты теңдей төрт бөлікке бөл. Неше бөлік шықты? Алғаш бүктегенде неше бөлік шықты?

Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады

Оқулықпен жұмыс 1 тапсырма (саралау жұмыс)

Сағаттың әрбір цифрлы беті бірдей қанша бөлікке бөлінгеніне қара. Әр бөлікте неше минут бар екенін есепте.

Егер бір нәрсені бірдей бөліктерге бөлсек, бұл бөліктер математикада үлес деп аталады. Үлесті екі натурал санды бөлу сияқты жазады.

2тапсырма

Әлияға уақытты әртүрлі айтуға көмектес. Пікірлерді толықтыр.

3 жұптық тапсырма

Суретке қара. Дөңгелектердің қандай бөлігі боялғанын айт.

Дескриптор:

Сағаттың цифрлы бетінің бөліктерін атайды.

Уақытты анықтайды.

Үлесті дұрыс жазады.

ҚБ: Критерий арқылы

4 тапсырма

Қолдану

Дәптермен жұмыс

Фигуралардың қандай үлесі боялғанын жаз.

Сандар үлесінің жазбасын сәйкес суреттермен біріктір. Салыстыру белгісін қой.

Дескриптор:

Санның үлесін оқиды.

Санның үлесін жазады.

Үлестерді салыстырады.

ҚБ. Өзін-өзі бағалау.

Оқулық, сурет






















дәптер

Сабақтың соңы

5 минут

– Кім қандай жерде қиналды?

– Қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі неде?


Үйге тапсырма

5 бет №3 ә


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырмада қолдау көрсететін оқушы әр цифрлы бетте неше бөлік барын анықтайды, дарынды оқушы үлестің ерекше атауын қолданады.

Бірін бірі, өзін өзі критерийі бойынша бағалау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?










Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да ,оқу туралы да ойланыңыз) ?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз )?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі