4 сынып І нұсқа | ІІ нұсқа |
1 | 449920: 64 16440: 60х 40+ 8888923400:19 657450:90+ 83- 600676800: 18 70х ( 100100- 98800) | 1 | 111 санын төрт екілікпен жазып көрсет. |
2 | Арасы 70 км екі қаладан бір мезгілде бірінен- бірі қарама- қарсы бағытта екі жеңіл машина шықты. Оның біреуінің жылдамдығы 90 км / сағ. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы 580 км болды. Екінші жеңіл машинаның жылдамдығын тап. | 2 | Аулада тауықтар және ешкілер жүр, бірге есептегенде олардың барлығы 44 аяқ және 14 бас болды. Аулада неше тауық және неше ешкі жүр? |
3 | Бекеттен бір бағытта салт атты және одан 3 сағаттан кейін мотоциклші шықты. Салт аттының жылдамдығы 20 км/ сағ, ал мотоциклшінің жылдамдығы 50 км / сағ болса, онда қанша уақыттан соң мотоциклші салт аттыны қуып жетеді? | 3 | Салима үйінен мектепке дейін 12 минутта жетеді, ал оның бауыры Аңсар 8 минутта мектепке дейін жүгіріп барып және кері қайтып келеді. Аңсардың жылдамдығы Салиманікіне қарағанда қанша артық? |
4 | 613820: 326 304819: 61275034: 215 732004: 843 | 4 | Айналдыра қоршаған қоршаудың ұзындығы 20 метр. Егер бір баған екінші бағаннан 2 метр қашықтықта тұрса , қоршауда неше баған бар? |
5 | Жаңа үйдің ішін жөндеу үшін массалары бірдей банкалармен 2000 кг сыр әкелінді. 270 банка ақ сыр және 130 банка жасыл сыр. Үйді жөндеу үшін үйге неше килограмм ақ сыр және неше килограмм жасыл сыр әкелінген? | 5 | Бөлменің ұзындығы 4 метр, ал ені ұзындығының төрттен үш бөлігін құрайды. Осы бөлмені жөндеу үшін ұзындығы қандай жиектеме керек? ( жауабын сантиметр есебімен көрсет) |
6 | Бірдей цифрлармен жазылатын сан шығу үшін 142857- ні нөлге тең емес қандай санға көбейту керек? | 6 | Егер шаршының әр қабырғасын екі есе арттырып отырса, оның ауданы неше есе артады? |
7 | Тура теңдік шығу үшін А және В әріптерінің орнына қандай цифрларды қою керек?АБ х А х Б = БББ | 7 | Ескі сағат сағат сайын 20 секунд қалып қояды.Сағат тілдерін 12 сағатқа дәлдеп қойғаннан кейін , бір тәулік өткен соң олар қай уақытты көрсетеді? |
8 | Егер апалы- сіңлілердің жастарын қосса, 36 жас шығады. Егер біреуінің жасының - і екіншісінің жасының - іне тең болса, әрқайсысы неше жаста? | 8 | Банкаға 1 микроб түсті. 10 минуттан кейін банка микробтарға толатыны және әр минут сайын микробтардың саны екі еселенетіні белгілі. Неше минуттан соң банканың жартысы микробтарға толады? |
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ нұсқа | ІV нұсқа |
1 | Күбіде 9 литр шұбат бар. 4 литрлік және 5 литрлік ыдыстармен 2 литр шұбатты қалай құйып алуға болады? | 1 | Қазір қызы 8 жаста, шешесі 38 жаста. Неше жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан 3 есе үлкен болады? |
2 | 45 қоянды 9 торға әр түрлі сандар арқылы қалай қамауға болады? | 2 | Қатар орналасқан үш тақ санның қосындысы 819. Осы сандарды табыңдар. |
3 | Сымды пайдаланып 2 шаршы жасауға болады. Оларды қатар тізгенде қабырғалары 30см және 6 дм болатын тік төртбұрыштар шықты. Екі шаршыға қанша сым кетті? | 3 | 12 адам 12 қап арқалап келеді. Әрбір ер адам 2 қап, әрбір әйел жарты қаптан, әр бала ширек қаптан зат арқалап келеді. Ер адам қанша, әйел қанша, бала қанша? |
4 | Өрісте 27 қой бар. бөлігі және екеуі бөлініп кетті. Қалғанының жартысын қораға қамады. Өрісте неше қой қалды? | 4 | Ит пен торғай 5 жәшіктің салмағына тең. Торғайдың салмағы 4 мысықтың салмағына тең. 2 мысық және торғай 3 жәшіктің салмағына тең. Неше мысық 1 иттің салмағына тең? |
5 | Шаршының ұзындығы 10метр. Шаршының бұрыштарына және 2 метр сайын қазық қағылған. Шаршыда неше қазық бар? | 5 | Маратта 70 шар, Айгүлде 50 шар болған. Марат бірнеше шарын, Айгүл 20 шарын жарып алды. Сонда Маратта Айгүлге қарағанда 2 есе артық шар қалды. Мараттың неше шары жарылып қалды? |
6 | 2, 3 және 7 сандарына қалдықсыз бөлінетін екі таңбалы санды тап. | 6 | 10 насос 10 минутта 10 тонна су тартады. 20 насос 20 тонна суды неше минутта тартады? |
7 | Мұғалім сабаққа 11 дәптер әкеліп, балаларға тең етіп бөліп берді. Сыныпта бала 20- дан көп, 40- тан аз. Сыныпта неше бала бар? | 7 | Жәнібек 18 теңгеге 3 сызғыш немесе 9 өшіргіш ала алады. Жәнібек 1 өшіргіш және 1 сызғыш алғанда, оның неше теңгесі қалады? |
8 | Асан, Үсен, Досан балық аулауға барды. Олардың әрқайсысы әртүрлі мөлшерде балық ұстады. Асан мен Үсен ұстаған балық- 6, Досан мен Асандікі- 4 балық. Досан қанша балық ұстады? | 8 | Фигураның периметрін тап: |
9 | Бір қария үш баласына енші бөліп бермек болыпты. Балаларын сынамақ болып, ол жерге қаз- қатар қазық қаққызып, 1-інші қазыққа 1қой, 2-ші қазыққа 2 қой, 3-сіне 3 қой, осы ретпен ең соңғы 12-ші қазыққа 12 қой байлапты да балаларына: «Егер әрқайсысың 4 қазықтағы қойды ағытып алсаңдар, еншіден тепе- тең болады»- дейді. Балалар қойды қалай бөліп алады? | 9 | Жоғары қарай 3 шақпақ, оңға қарай 5 шақпақ, төмен 3 шақпақ, солға 1 шақпақ, жоғары 2 шақпақ, солға 1 шақпақ, төмен 3 шақпақ, оңға 2 шақпақ, төмен 1 шақпақ, солға 5 шақпақ, жоғары 1 шақпақ, оңға 2 шақпақ, жоғары 3 шақпақ, солға 1 шақпақ, төмен 2 шақпақ, солға 1 шақпақ сыз. |