Материалдар / Үлестірмелі материал, Сорғылар туралы мәлімет

Үлестірмелі материал, Сорғылар туралы мәлімет

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлестірмелі материалда сорғылардың түрлері көрсетіліп, қысқаша мәліметтер берілген. Кәсіпорындарда қолданылатын сорғылар жазылған. Оларды орнату және техникалық қызмет көрсету әдістері берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сорғылар

Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. Сорғылардың кейбір түрін пайдалану арқылы сұйықтар мен газдардың бағытталған қозғалысын тудыруға болады. Шприц көмегімен дәрі жіберу өздеріңе жақсы таныс.

Шприц поршенін кері қарай тартқан кезде (1, а-сурет), цилиндр ішіндегі қысым кемиді де, атмосфералық қысым әсерінен дәрі оның ішіне енеді. Поршеньді басқан кезде, сұйық үлкен қысыммен тар саңылау арқылы ығысып шығады (1,ә-сурет).

Су сорғысы

2-суретте көрсетілген су сорғысынын әрекеті де атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген. Су сорғысы ішінде қабырғаларына кептеле жоғары және төмен қарай жылжи алатын поршені (2) бар цилиндрден (1) тұрады. Цилиндрдің төменгі бөлігіне және поршеньнің өзіне қақпақшалар (3) орнатылған. Поршеньжоғары қарай козғалғанда, құдықтағы су атмосфералық қысымның әрекетінен құбыр (4) бойымен көтеріліп, төменгі қақпақшаны ашады да, су поршень астындағы цилиндрге енеді. Поршень төмен қарай козғалғанда, оның астындағы су төменгі қақпақшаны басып қысады, сонда бұл қақпақша жабылады. Судың түсіретін қысымының әрекетінен поршеньнің ішіндегі қақпақша ашылады да, су жоғары көтеріліп, шүмек (5) арқылы сыртқа құйылады. Сонымен қатар құбыр (4) бойымен жаңадан су көтеріліп, төменгі қақпақша арқылы поршень астына енеді. Поршень қайтадан төмен қарай козғалғанда, бұл су жоғары көтеріледі, осылай қайталана береді.

Ауа толтыруга арналған сорғылар

Сорғының тағы да бір кеңінен таралған түріне доп, велосипед немесе автокөлік камераларына ауа толтыруга арналған сорғылар жатады. 3-суретте допқа, велосипед камерасына ауа толтыруға арналған сорғы көрсетілген. Поршеньді (3) жоғары қарай тартқанда, ауа саңылау (2) арқылы сорғының корпусына (1) енеді. Поршеньді басқанда, саңылау жабылады да, ауа қысылып, нипель (4) арқылы камераға енеді (4-сурет). Нипель дегеніміз - екі жағы бұрандалы металл түтік. Ол резеңке түтіктің ұшына немесе допқа, доңғалаққа қақпақшасы бар резеңке түтікше арқылы жалғанады. Ауа сорғыдан қысыммен келген кезде түтікше созылып, оны камераға жібереді. Онда камера ішіндегі қысым сорғы цилиндріндегі қысымнан едәуір артады. Бұл кезде резеңке түтікше қақпақшаны жабады да, ауа түтік арқылы кері қарай өте алмайды. Сорғы цилиндрі ауамен қайтадан толтырылса, барлық процесс қайталануы мүмкін.

Пластиналы гидромашиналардың құрылымын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: пластиналы сумашинаның құрылымдық ерекшеліктерімен, әрекет ету принциптерімен және олардың өлшемдерін анықтау әдістемесімен танысу.

ПЛАСТИНАЛЫ ГИДРОМАШИНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ

Пластиналы сорғы дегеніміз жұмыс органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын, құрылымы қарапайым, пайдалануда сенімді, ұзақ уақытқа жарамды айналмалы роторлы сорғы. Өлшемдерінің ықшамдығы мен жоғары ПӘК-іне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Құрамы 1-суретте көрсетілгендей 1, 7 таратқыш дискілерден, 3 статордан, 4 ротордан, 5 пластиналардан, 6, 8 айдау қуысының саңылауынан, 2, 12 сорғыш қуысының саңылауынан, 9 штифттен, 10 статордың ішкі қабатынан, 11 саңылаулардан тұрады.





1-сурет - Пластиналы сорғының құрылымы

Пластиналы сорғылардың жұмыс органдары эксцентрлі статорда айналатын ротор мен ротордың ойықтарына бойлай орналасқан пластиналар болып табылады. Жұмыс істеу принципіне байланысты сорғылар бір ретті, екі ретті және көп ретті болып бөлінеді. Бір ретті пластиналы сорғылардың (2-сурет) жұмыс істеу принципі келесідей: сорғы роторы 1 статорға 2 қатысты эксцентрлі орналасқан. Ротор сағат тілінің бағытымен айналғанда вертикаль осьтің сол жағында орналасқан пластиналар арасындағы көлем ұлғаяды және сұйық сору құбырлары арқылы пластина аралық кеңістік түзетін жұмыс камераларына келіп түседі. Оң жақта орналасқан пластиналар арасындағы көлем азаяды және жұмыс камераларындағы сұйық арындық құбырға ығыстырылады.

Қарастырылатын сорғыны реттеу эксцентриситет шамасын статорды жылжыту жолымен өзгерту арқылы жүргізіледі. Ротордың бір жақты айналу кезінде пластиналар міндетті түрде радиусқа біршама градус (10-150) бұрышталып орнатылады, соның нәтижесінде пластиналардың жұмыс істеу мерзімі артады.

Мұндай сорғыларда әдетте 8-12 пластиналар болады. Пластиналардың саны артқан сайын олардың жұмысына салмақ азаяды және сұйықтықтың біркелкі қысып шығару ағыны артады. Пластиналардың саны азайғанда (8 ден кем) сұйықтық ағыны біркелкі болмайды.

2-сурет - Бірретті пластиналы сорғы: 1 – ротор, 2 – статор, 3 – пластина

Екі ретті пластиналы сорғының схемасы 3-суретте көрсетілген. Статордың жұмыр профилінде екі кіру 1, 2 және екі шығару арнасы орналасқан. Бұл роторды радиалды әсерден босатуға немесе сорғының жұмыс қысымын арттыруға мүмкіндік береді. Әр пластинка ротордың бір айналымында екі рет сору және айдау үрдісін жүзеге асырады.

Екі ретті пластиналық сорғыда саңылаулар арқылы ағып кетулерді азайту үшін ротор жазықтығы арнайы дисктермен нығыздалады.



3-сурет – Екі ретті пластиналы сорғы: 1, 3 – шығу арналары, 2, 4 – кіру арналары, r – ротор радиусы, R – статор радиусы, h – пластина биіктігі

Пластиналы сорғылардың роторы мен статоры болаттан, бүйір дискілері жезден немесе марганецті қоладан, корпус пен қақпақ шойыннан дайындалады. Пластина материалы шынықтырылған вольфрамды болат болып табылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ