400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ұлғайтқыш құралдар

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпта өтілген сабақ тақырыбы "Ұлғайтқыш құралдар"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Биология

Сабақ: № 5. Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану тәсілдері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы. № 2 зертханалық жұмыс.Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу

Мектеп: «Ғ Мұратбаев» жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Б Уалихан

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Қоршаған ортаның өсімдікке әсерін біледі, өсімдіктің тіршілік орталын атай алады. Микроскоптың бөліктерін сипаттай алады

Оқушылардың басым бөлігі: Экологиялық факторларды бір-бірінен ажырата алады., тіршілік орталарына сипаттама бере алады.

Кейбір оқушылар: Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі

Зерттеу іс –әрекеті барысында талқылай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Экологиялық факторларды ажыратады, микроскоппен жұмыс істеу тәрібін біледі, зерханалық жұмысты орындай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:экологиялық факторлар, биотикалық, абиотикалық, антропогендік, экология, сулы орта, құрлық-ауалы, топырақ, паразиттік орта, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Өсімдік біртұтас ағза дегенді қалай түсінесің?

Өсімдіктердің мүшелерінің құрылысына байланысты қандай топтарға бөледі?

Жоғары сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады, олардың ерекшелігі неде?

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге сипаттама беріңдер?

Өсімдіктің вегетативті мүшелеріне нелер жатады олардың атқаратын қызметтері қандай

Өсімдіктің генеративті мүшелеріне нелер жатады олардың қызметтері қандай?

Тқұымды және споралы өсімдіктердің айырмашылығы қандай?

Жазылым бойынша ұсыныстар:Өсімдік топтарына сипаттама беріп мысалдарын жазу.

Алдынғы тақырып

Бастауыш сыныпта және жаратылыстану сабақтарында алған білімдері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

.Ұйымдастыру 1.Сәлемдесу. 2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм »әдісі бойынша сұрау.

1.Жоғары сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады, олардың ерекшелігі неде?

2.Төменгі сатыдағы өсімдіктерге сипаттама беріңдер?

3.Өсімдіктің вегетативті мүшелеріне нелер жатады олардың атқаратын қызметтері қандай

4.Өсімдіктің генеративті мүшелеріне нелер жатады олардың қызметтері қандай?

5.Тқұымды және споралы өсімдіктердің айырмашылығы қандай?

6. Өсімдіктерде қандай мүшелер кездеседі?Бұл мүшелер өсімдікте қандай қызмеьтер атқарады

http://www.youtube.com/watch?v=o92QMX1PRd8


Ортасы

Қызығушылықты ояту сатысы. «Ой-қозғау» әдісімен жұмыс

Өсімдіктегрге қоршаған ортаның қандай жағдайлары әсер етеді?

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.. деп аталады.

Мақсаты: Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу.

Оқушылар оқулықтағы 16-18 беттегі мәтінді оқып келесі сұрақтарға жауап береді:

Өсімдік біртұтас ағза дегенді қалай түсінесің?

Өсімдіктердің мүшелерінің құрылысына байланысты қандай топтарға бөледі?

Өсімдіктер айналадағы ортаға қалай әсер етеді?

Өсімдіктердің жылдам өсуі қандай жағдайларға байланысты?

Қандай ортада өсімдіктер өсуге бейімделген№

Өсімдіктер айналадағы ортаға қалай әсер етеді?

Тірек сызба құрастыру

1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған.

Микроскоптың құрылыс

 Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды 100-ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал. 

Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»– көз) кигізілген. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: «объектум» – зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.

 

Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15х, ал объективте 40х болса, 15х40 = 600 есе үлкейтеді.

 


Жарық көмегімен ұлғайтатын микроскоп.

1. Окуляр. 2. Көру түтігі. 3. Объективтер. 4. Заттық үстелше. 5. Айна. 6. Табан. 7. Тұтқа. 8. Бұранда.


Оқулық, ноутбук, кеппешөтер жинағы

Аяқталуы

2 зертханалықжұмысты орындау

Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы– пияз өңі. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір-біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.

Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі:

1. Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды. 2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады.

3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды). 4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.

5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет. 6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.


Қосымша ақпарат


Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс


Деңгейлік тапсырмалар беру

Сөзжұмбақ құрастыру.

«Саусақ» әдісі арқылы формативті бағалауды жүзеге асыру, оқушылар бірін-бірі бағалайды.


География , жаратылыстану

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу жән

Сыйластық және жауапкершілік. еңбекқорлық

Рефлексия сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгінгі оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгеріді ме?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі