Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру және негізгі ақпараттық дағдыларды қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Мектеп:
Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Пән мұғалімі: Ибрагимова Алия Женисбековна
Пәні: Информатика

Қазіргі білім беру жүйесінде әрбір оқушының білім сапасын арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу – мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру және негізгі ақпараттық дағдыларды қалыптастыру.


Міндеттері:
- Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау
- Жеке жұмыс жүргізу
- Қосымша тапсырмалар беру
- Оқуға деген мотивациясын арттыру


Үлгермейтін оқушыларға арналған ереже


1.Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды. 


2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру


3.Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы


4.Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.


5.Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек.


6.Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек.


7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.



Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да болады: 

- үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;

- олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;

- олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;

- Олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар.


 



Үлгерімі нашар оқушылардың тізімі

 

р\№

Оқушының аты жөні

Сыныбы


1

Шәріп Айқын Бағыдатұлы

6 "Ә"


2

Қуандық Ернұр

6 "Ә"


3

Құрама Мадияр

7 «А»


4

Белгибай Санжар

8 "В"



























Shape2 Shape1

Үйге тапсырма беруде қиындық туғызатын тапсырмаларға қайталау жұмыстарын орындау арқылы дағдыларын қалыптастыру

Мүмкін болған кемшіліктер бойынша үй тапсырмаларын орындауға жұмыс беру







Shape4 Shape3

Shape6 Shape5

Оқушыларға қиындықтар туғызбас үшін үй тапсыр -масын беруде басқа да пән мұғалімдерімен байланыс жасау

Үй тапсырмаларын орындау ережелерімен таныстыру, ереженің орындалуын қадағалау











Shape8 Shape7

Өз бетінше жұмыс жасауда деңгейлік тапсырмаларды қолдану, оңай жаттығудан күрделірекке өту арқылы білімділігін арттыру

Оқушы жұмысының мүмкін болған қателіктерін анықтауда өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру







Shape9

Shape10



Shape12 Shape11

Оқушылар жұмысына жан-жақты көмек оқушының өз бетінше білім алуында бірізділікті қалыптастыру

Жұмыс орындауда нұсқау беру. Өздік жұмыс орындауда қиын болған сұрақтарды мұғаліммен бірге шешу







Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасау

Жоспары

Сабақ үстінде үлгермеуші оқушыларға көмек беру.






Оқушылардың дайындығын бақылау

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру

Оқушылардан сабақ сұрауда тақтада көбірек жұмыс істеуге жағдай жасау.

Сұраққа жауап беруде мүмкін болатын жауаптарын ұсыну .

Сабақ барысында тақырыптық көрнекі құралдарды пайдалану.

Оқушыны бағалауда мақтау, мадақтау сөздер арқылы ынта ықыласын арттыру.





Жаңа сабақты түсіндіру барысында





Тақырыпты меңгертуге қызығушылығын арттыру.

Сабақ түсіндіру барысында үлгермеуші оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау.

Үлгермеуші оқушыларды қандайда бір приборлар жасауда және тәжірибе өткізуде көмекші ретінде іске тарту.

Үздік оқушылардың айтқан түсіндірмелеріне үлгермеушілердің өз пікірін білдіруге және нәтиже шығаруға жағдай туғызу.








Сабақ барысында өз бетінше жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар беру

Алдын ала орындалған тапсырмаларға ұқсас жұмыс тапсыру

Тапсырманың орындалу шарттарын түсіндіру

Тапсырма орындау барысында заңдылықтар мен ережелерге сілтеме жасау.

Тапсырманың орындалуы мүмкін болатын жолдарын түсіндіру және жүзеге асыру

Үлгермеушілерді өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру





Өздік жұмыстар

ұйымдастыруда




Үлгермеушілердің жұмыстарын тиянақты қадағалау, жіберілген қателерімен жұмыс жасау тексеру және түзету

Үлгермеушілердің орындауы тиіс тапсырмаларды деңгейіне қарай таңдау.

Тапсырмалардың орындалуына толық түсінік беру

Болуы мүмкін қиындықтарды алдын ала ескерту, тапсырманың орындалу бағыттарының жоспарларымен таныстыру



Жұмыс нәтижесі .

Сабақ барысында


Оқыту деңгейі



Оқушылардың дайындығын бақылау

Үлгермеушілердің өздеріне қиын болып табылған сұрақтарды меңгеруіне қатаң бақылау жасау

Ауызша жауап беруде жазбаша жұмыстарында жіберілген қателеріне сараптама жасау, қателіктерді жоюға назарын аудару, ықпал жасау

Қатыспаған тақырыптарды меңгеруіне бақылау жасау

Тақырыпты немесе тарауды құрастырып болғанда негізгі түсініктермен заңдылықтарды ережелерді қайталау, үлгермеу себептерін анықтау, түсініктер беру

Сабақ барысында міндетті түрде тақырыптың негізгі элементтерін қалай түсінгенін қадағалау


Жаңа сабақты түсіндіру барысында


Тақырыпты қарастыру барысында оқушыларды сұрақтар қойып, оларға жауап алуын жолға қою

Білім алуда қызығушылығын арттыру, қолдау жасау

Сабақ түсіндіру барысында әнбебап тәсілдерді қолдану


1. Диагностика жүргізу

Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында тест, бақылау жұмыстары алынып, талдау жасалады.

2. Жеке жұмыс жоспары

Әр оқушының деңгейіне сәйкес жеке тапсырмалар беріледі.

3. Практикалық тапсырмалар

Компьютермен жұмыс дағдыларын дамыту үшін практикалық жұмыстар ұйымдастырылады.

4. Қызықты әдістер

Сабақ барысында ойын элементтері, цифрлық платформалар қолданылады.

5. Жұптық жұмыс

Оқушыларды жұптастырып, өзара көмек көрсету арқылы білімдерін толықтыру.

6. Қосымша сабақтар

Аптасына қосымша сабақтар өткізіліп, білім бекітіледі.

7. Кері байланыс

Әр оқушының жетістігі атап өтіліп, мадақталады.

8. Ата-анамен жұмыс

Ата-анамен тығыз байланыс орнатылып, үйде қолдау көрсету ұсынылады.

Қорытынды

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс – үздіксіз және жүйелі жүргізілетін процесс. Бұл жұмыс нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, өзіне деген сенімі қалыптасады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі