Материалдар / Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері.


«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» — деген сөзінен бастағым келеді.


Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияларды Отандық педогогтар   өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда.

Мұғалім өзі тәжірибесіндегі, біліктілігі жоғары, жан-жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізуінің арқасында оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азаяды. Барлығы мұғалімнің шеберлігі мен оқушының қызығушылығына байланысты.

Ал оқушылардың білімді қалыпты игеруде,   психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша баланың оқуына үш фактор себепші болады деп зерттеген:

  1. Біріншіден, балаға қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;

  2. Екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы және ақыл-ой даму деңгейінің тежелуінен;

3. Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауынан деп зерттеген.

Дегенмен де, мектепте оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары бірдей болғанымен, оқушылардың білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр.

Үлгерімі төмен оқушының сөз қоры аз болады, шығарма, мазмұндама жазу қиынға соғады. Есте сақтау қабілеті өз жасынан төмен, сондықтан мақал-мәтел, өлең, тақпақтарды тез арада жаттай алмайды. Зейіні тұрақсыз. Сабаққа енжар қарайды. Бұл балалардың танымдық қабілеттері төмен болып келеді. Білімді қабылдауына әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін, денсаулығына байланысты, ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты немесе психикалық дамуында ауытқу болуы мүмкін.

Көптеген ұстаздар «Үлгермеуші оқушылармен қандай жұмыс ұйымдастыруға болады?» деген сұрақ қоя отырып, жоспар құрады. Соның ішінде мен де өзіме жоспар құрдым:

  • Оқу жылында үлгерімі төмен оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс кестесін құру;

  • Оқушыға жеке папка арнау;

  • Қосымша сабақтарға арналған дәптерлер бастату;

  • Білім кетіктерін жоюға арналған тапсырмалар (карточка, тірек –үлгілер, ребус, сөзжұмбақтар);

  • Ата-анасымен үнемі байланыста болу, бірігіп жол іздеу;

  • Психолог, дәрігерлер, логопедтердің кеңесіне жүгінуге ата анасына кеңес беру.

Жас ерекшеліктеріне сай дүниетанымы, қабылдауы мен зейіні тұрақталмаған, үлгерімі төмен оқушыға оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін алдымен жұмыс жүйесін ойластыра келіп, белгілі бір ережеге сүйенген дұрыс:

  • Үлгерімі төмен оқушыларға бірден жағдаятты сұрақ қойып, бірден тез жауабын талап етуге болмайды.

  • Ойлануы мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру.

  • Жауабын жазбаша жазғаны жақсы. Үлгерімі төмен оқушының сөздік қоры таяз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар туындайды.

  • Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.

  • Өздік жұмыс орындауда қиын болған сұрақтарда мұғалім нұсқау мен көмек көрсету.

Мұндай оқушыларға өзіне, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру керек. Сабақ барысында болсын, сыныптан тыс уақытта болсын оқушыларға жеке дифференциалды тапсырма түрлерін ұсынған кезде қарапайым түсініктен бастау керек.

Тапсырма түрлері:

Қабылдауын шыңдау үшін 10-15 секундта  геометриялық фигураларды көрсетіп, уақыт бойынша суретін салғызуға болады. Осындай тапсырманы түрлендіріп отырған жөн.

Мақал-мәтел, тақпақ оқытып, жаттатуда, есте сақтау қабілетін дамыту үшін заттарды визуалды көрсету арқылы тапсырмалар ұсынамын.

   Ойын толық жеткізуге арнайы тірек –үлгілер арқылы сөйлетіп дағдылату. Мысалы: кескін-тірек арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажыратып, шағын ауызша шығарма құруға дағдыландыру.

Зейіннің тұрақтылығын дамыту үшін қазақ тілі сабағында қысқаша жеңіл балаға түсінікті жаттығудан үзінді алып, әр жолды жазып отырып осы сөйлемдегі «үнді,» немесе «қатаң» дыбыстардың астын сызып, санап шық деп тапсырма беріп уақытты белгілеп, жазу таңбасынан қанша қате жібергенін қадағалауға болады.

Сөзден сөз туындату:     Қарлығаштар (қар, ар, ара, қара, шара, аға,…)

Сөйлейтін сандар:                              АҚ +ҚУ= УМ                       13+34=47

                           МЫС-ҚАР= ҚҰС         895-460=435

Ребус шешу:                                         ЗАТ ЕСІМ

Сабақта тақырыпты жеңіл меңгеруде дүниетану пәнінен викториналық сұрақтар құрастырып, математика элементтеріне көңіл аудартып пән аралық байланыс жасалса, оқушының есте сақтауына, әрі ойлануына тапсырма ұйымдастырамын. Мысалы:

  • Дала көкегі орта есеппен күніне 40 шақты қырық-аяқ, 40 шақты жұлдызқұрт жейді, 5 қоңыз личинкасын жейді. Сондықтан ол пайдалы. Ал 2 күнде қанша жәндік жейді?

  • Қайың 250 жылдай, қарағай 600 жылдай өмір сүреді. Қайыңның сөлі пайдалы. Сусын ретінде ішуге болады. Қарағай қылқан жапырақтылар класына жатады. Одан желім даярланады. Қайың қарағайға қарағанда қанша жыл аз өмір сүреді, деген салыстыру жүргізуге болады.

Тақырыпты түсініп оқуда баланың оқыған әрбір сөзін белгілі затпен, математикалық элементпен байланыстырса , оқығанына мағына бере бастайды , жеңіл қабылдап, тақырып есінде сақтала бастайды. Сондай-ақ, үлкен көлемді тақырып кездессе, әр топқа (өсімдік, жануар немесе жәндіктер класына бөліп беру арқылы тақырыпты жеңіл игертуге болады. Осы әрекеттер жүзеге асқан жағдайда оқушының дүниетану пәніне деген қызығушылығы ояна түседі.

Полиглот жұмбақтар

  • Сақталады 6 ай жаз,

  • Сандығымды сары аяз.   (тоңазытқыш-холодильник)

  • Қалқиып екі құлағы,

  • Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян-заяц)

  • Қос құлақты, жүз тісті,

  • Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара-пила)

Осындай бағытта үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасаймын, зейінін дамытатын тапсырмалар беріп, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырамын. Үлгерімі төмен оқушылардың міндеті — түсініп оқу, әрбір сөзді топтап, белгілі затпен байланыстыра білу.

Нәтижесінде: оқушының бойынан оңтайлы өзгерістерді аңғаруға болады.

  • Пәнге деген қызығушылығы артады;

  • Өздеріне сенімді бола бастайды;

  • Белсенділік көрсетеді;

  • Жолдастарының ықыласына бөленеді;

  • Сабақты себепсіз босатпайды;

  • Жауапкершілігі артады;

  • Түсінбей қалса, батыл сұрақ қоюға талпынады.

Алған білімдерін кеңейтіп, білім, білік, дағды, іскерлік қабілеттерін қалыптастыратын, математикалық ойлауын, ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамытуға жетелей отыра қабілетті тұлға тәрбиеленеді.

Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тани білетін, өзін өзгелердің мүмкіндігімен салыстыра алатын тұлға қалыптасады.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

«Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы» КММ













Баяндама: Үлгерімі төмен оқушылармен

жүргізілетін жұмыс түрлері

мен әдістері.



















Математика пән мұғалімі: Омракунова Т. А.

2022 -2023 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ