Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Болашақ халықтың дені сау, білімді азамат болып ержетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен сусындаттырған мектебін және қоршаған ортаға байланысты. Бүгінгі таңда денсаулығы мықты, рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Оқушылардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту іс-шаралары, ұжымға бірігу мен бос уақытын тиімді пайдалану мәселелері де сыныпта жүзеге асады. Мұғалім ерекше оқушымен дұрыс қарым –қатынас орнату негізінде тұлғаның санасындағы және іс –әрекетіндегі теріс ұғымдар мен түсіністіктерді жойып, қоғамдық талаптарға сай мінез құлық қалыптастырады.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін жалпы психологиялық зертеулер жүргізу. Онда балаларға байланысты мәселелерге басты назар аудару. Оқушылармен қарым – қатынасты жақсарту үшін мынадай бағытта жұмыстар жүргізіледі;
  • Сөз бен іс – әрекет арқылы, тікелей немесе жанама қарым – қатынас орнатуы. Басты мақсат тәрбиеге ықпал ету және қарым –қатынас орнату қағидасын ескеру.
  • Қарым – қатынас тек қана педагогикалық мақсатта емес, сонымен бірге баланың қызығушылығын ескеру.
  • Қарым – қатынас бір балаға ма, топқа ма, соның бағдарын анықтау.
  • Баланы тең дәрежеде ұстау.
  • Оқушы құқығын аяққа таптамау, тағы да басқа қағидалар.
Мұғалім міндеті:
  • Оқушының ақыл – парасат күшін тәрбиелеу, оған отан сүйгіштік, имандылық, рухани түсініктер таға басқа ұғымдарды сіңіру;
  • Оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға арналған іс – шаралар жүргізу;
  • Оқушылардың отбасы мүшелерін, айналысатын кәсіптерін және тұрмыс деңгейін білу.
Зерттеу көрсеткендей, ақыл – ой дамуының деңгейін анықтау кезінде оқушының оқуға деген қатынасы, қызығушылықтары, өзін бағалауы, танымдық қызығушылығының даму деңгейі, ақыл – ой еңбегіне негізделген жұмысқа қабілеттілігі, дағды, бейім, табандылық сияқты «жеке бас көрсеткіштерін» есепке алу керек. Оқудағы үлгермеудің түрлі себептері бар, сондықтан ақыл – ой дамуындағы артта қалушылық сипатына байланысты үлгермеушіліктің арнайы түрлері айқындалған. Үлгермеудің бастапқы түрі балада ерте жасынан, тіпті мектепке дейін басталады. Екіншісі баланың кіші мектеп жасынан тұрақты байқалады. Үшінші түрі бастауыш сатыдан орта буынға өту кезінде көрінеді.Үлгермеушілік кейде аяқ астынан басталса, кейде баяу, біртіндеп басталады. Мұғалім өзгерісті ерте байқап, баламен жұмыс кезінде жеке тәсілдер қолданса, алдын алуға болады.Оқу үгерімі төмен оқушы – практиктер жатады. Бұл балалар табиғатынан нақты түсініктері бар, санасында көрген дүниесі сақталған, бірақ ауызша ойын жеткізуге шорқақтау. Оқу үлгерімі төмен, психикалық дамуы кешігіп жетілген, жүйке жүйесі түрлі ауытқуларға ұшыраған балалар жатады. Мұндай балалар жоғары деңгейдегі қалжырап шаршауымен, көңілін бір іске ұзақ тұрақтандыра алмауымен, ақыл – ойдың нақты болмауы мен тұрақсыздығы, ой қорыта алу машығының дамымауымен ерекшелінеді. Бұндай балалар – әлеуметтік селқос. Образды ойлауы баяу дамиды.































Миялы орта мектебі





Баяндама

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері

















2018-2019 оқу жылы
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2019
1522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі