Үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Рисунок 8

«Cambridge Line» мектебі

Мекен-жайы: Нурсат,259

Тел:+77475474040

e-mail:www.cl.edu.kz



«Шығармашыл толқын»



Тақырыбы: «Үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс»









Аты-жөні: Сүлейман Ақбота Лесбекқызы

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі

Тел: +77021083662

e-mail: bs2494@mail.ru





Тақырыбы: «Үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс»

Мақсаты: Оқушының жеке мүмкіндіктеріне қарай олардың дамуын қамтамасыз ету, оқу үлгерімін арттыру, өзіне сенімділігін нығайту.

Міндеті: Баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау. Балалардың оқуға танымдық қабілеттерін, ынтасын анықтай алуына педагогикалық-психологиялық тұрғыдан көмек көрсету.

Кіріспе

Үлгерімі төмен оқушылар - әрбір білім беру мекемесінде кездесетін өзекті мәселе. Оқушының үлгерімі оның жеке ерекшеліктері, отбасылық жағдайы, әлеуметтік ортасы және мұғалімнің әдістемелік шеберлігі сияқты көптеген факторларға тәуелді. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеудің мақсаты – олардың танымдық, зиаткерлік қабілеттерін дамыту арқылы оқуға деген ынтасын арттыру және пән бойынша үлгерімін жақсарту. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу – мұғалімнің назарын, шыдамдылығын және әртүрлі тәсілдер қолдануды талап ететін маңызды бағыт.

Тақырыптың өзектілігі:

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау қазіргі білім беру жүйесінде маңызды мәселе болып табылады. Мұндай оқушыларға қолдау көрсету арқылы олардың оқу үлгерімін арттыруға, пәнге деген қызығушылығын оятуға болады.


















  • Үлгерімі төмен оқушылардың негізгі ерекшеліктері

  • Жеке оқу дағдыларының әлсіз болуы.

  • Пәнге деген қызығушылықтың төмендігі.

  • Өз-өзіне сенімділіктің төмендігі.

  • Сыртқы факторлардың (отбасы, орта) әсері.

  • Оқушылармен жұмыс түрлері



    1. Оқушы үні

Үлгерімі төмен оқушыға қоюға ұсынылатын сұрақтар

  • Сен осы сабақта нені үйрендің?

  • Сабақтың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды деп ойлайсың?

Саған сабақта бәріненде не ұнады?

  • Сабақтың қай сәті қызықты болды?

  • Осы сабақта қандай тапсырманы тобыңмен біріге отырып орындадың?

  • Бұрын орындай алмайтын тапсырмаларды қазір орындай аласың ба?

  • Тобыңдағы қандай оқушылар сабаққа белсене қатысты?

  • Келесі сабақта нені білгің келеді?

  • Саған сабақтың қиын сәт

тері болды ма?

  • Келесі сабақта тапсырманың сен үшін қандай болғанын қалайсың?





    1. Жеке жұмыс: Оқушының жеке қажеттіліктеріне сай оқу жоспарын құру.

Жеке қарым-қатынас жасау

Үлгерімі төмен оқушылар көбіне материалды түсінбегендіктен немесе оқуға деген мотивациясының төмен болуынан қиналады. Оларға көбірек уақыт бөліп, материалды жеке талқылау, түсіндіру маңызды.

Оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтау арқылы жеке жұмыс жоспарын жасау.

    1. Топтық жұмыс: Оқушыны ынталандыру үшін өз құрдастарымен бірігіп жұмыс жасау.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі жоғары оқушылармен топтарға біріктіру. Бұл әдіс оқушыларға бір-бірінен үйренуге және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Топтық жұмыстар кезінде оқушылар бір-біріне көмек көрсетіп, білімдерін нығайтады.

    1. Жұптық жұмыс: Мықты оқушымен жұптасып, оқу үдерісінде үлгі алу.





  • Оқыту әдістері мен стратегиялары

  1. Дифференциалды оқыту: Әр оқушының жеке деңгейіне сай тапсырмалар беру.

Жеке тәсіл қолдану

Әр оқушының қабілеттері, қызығушылықтары мен оқу деңгейі әртүрлі болғандықтан, жеке тәсіл қолдану өте маңызды. Үлгерімі төмен оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар немесе олардың деңгейінене сәйкес келетін тапсырмалар беру қажет. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімін арттырады.

  1. Ойын технологиясы: Оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін ойын элементтерін қолдану.

Сабақты ойын түрінде өткізу

Ойындар – оқу процесс қызықты етіп, оқушылардың белсенділігін арттырудың тамаша тәсілі. Мысалы, тақырыпқа сәйкес ойындар, квесттер немесе викториналар арқылы оқушылардың назарын аударып, білім алуға деген қызығушылығын арттыруға болады.

  1. Мотивацияны арттыру: Оқушының жетістіктерін мадақтап, оң нәтижелерге назар аудару.

Оқушының жетістіктерін мадақтау

Кішкене жетістіктерді де байқау және мадақтау – мотивацияның маңызды бөлігі. Үлгерімі төмен оқушылар, әдетте, өздеріне сенімсіз болып келеді, сондықтан олардың әрбір жетістігін атап өту өздеріне деген сенімділіктерін арттырады және оқу процессіне қызығушылығын оятады

  1. Кері байланыс: Оқушылардың қиындықтарын анықтап, қажет болған жағдайда көмек көрсету.

  • Бағалау және нәтижелер

Мақсат қою және нәтиже

Әр оқушы үшін нақты, қол жетімді мақсаттар қою қажет. Әрбір мақсатқа қол жеткізілген кезде, оны атап өтіп, келесі кезеңге көшуге болады. Оқушылардың жетістіктерін уақытылы бақылап, олардың прогресін көріп отыруға жағдай жасау – өзіне сенімділігін сақтаудың жақсы тәсілі.

Үнемі бағалау және мониторинг жасау

Оқушының даму деңгейін жүйелі түрде тексеріп, жетістіктерін қадағалау. Сабақтың соңында қысқа рефлексия жасау арқылы оқушының сабақты қалай түсінгенін және қандай мәселелерге тап болғанын анықтау.


  • Ата-анамен жұмыс

  • Ата-аналарға баланың оқу процесіне белсенді қатысуын түсіндіру.

  • Оқушының оқу үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар беру.

  • Үлгерімі төмен оқушылардың отбасымен бірлесе отырып қолдау көрсету жолдарын анықтау.

  • Ата-аналармен тұрақты байланыста болып, оқушының үлгерімін талқылап отыру қажет. Үлгерімі төмен оқушылардың білім алу процессіне ата-ананың қолдауы қажет, сондықтан мұғалім мен ата-ана арасындағы бірлескен әрекеттер оң нәтижелер береді.



  • Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану олардың оқу жетістіктерін арттыруға көмектеседі. Төмендегі тәсілдер осы бағытта тиімді болуы мүмкін:

Тапсырмаларды қарапайымдандыру және бөлу

  • Оқушылардың түсінуін жеңілдету үшін күрделі тапсырмаларды бірнеше қарапайым қадамдарға бөліп, біртіндеп орындату тиімді.

  • Әр қадамды орындаған сайын оқушыға қолдау көрсетіп, оның өзіндік сенімділігін арттыру.

Көрнекі материалдар пайдалану

  • Визуалдық ақпараттарды, мысалы, сызбалар, кестелер, графиктер мен суреттер қолдану арқылы күрделі тақырыптарды түсіндіру.

  • Аудио, видео материалдар және презентациялар арқылы сабаққа деген қызығушылықты арттыру.

Қызықтырушы тақырыптарды енгізу

  • Оқушылардың қызығушылығын ескеріп, сабаққа олардың сүйікті тақырыптарын немесе қызықты оқиғаларды қосу.

  • Сабақты практикамен байланыстыру арқылы оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.

Қысқа әрі нақты мақсаттар қою

  • Ұзақ мерзімді емес, қысқа мерзімді, қол жеткізуге болатын мақсаттарды белгілеу.

  • Әр сабақта нақты бір мақсат қою арқылы оқушылардың жетістіктерін бақылау және қолдау.

Бұл әдістерді бір-бірімен үйлестіре отырып қолдану оқушының білім алуына оң әсерін тигізеді.





  • Тәртіпті сақтауға көмектесу

Кейде үлгерімі төмен оқушылар тәртіп мәселелерімен де бетпе-бет келеді. Сондықтан тәртіпті сақтау үшін нақты ережелер орнатып, оларға түсінікті әрі қолайлы атмосфера құру керек. Бұл жағдай олардың сабақты түсінуіне көмектеседі.

  • Психология

Үлгерімі төмен оқушыларға кейде психологиялық қолдау да қажет болады. Олар жиі сәтсіздіктен қорқады немесе өздереіне сенімді болмайды. Мұндай кезде қолдау көрсетіп, өздерінің бағалы екенін сезінуге көмектесу маңызды

  • Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс нәтижесі оқушының төмендегі жетістіктерге қол жеткізуге болады:

  1. Білім деңгейінің артуы: Оқушының пән бойынша білімі мен түсінігі жақсарады. Бұл жетістікке жеке тапсырмалар, деңгейлік жаттығулар, және нақты бағытталған қосымша сабақтар арқылы жетуге болады.

  2. Өзіндік сенімділіктің артуы: Жеке назар аудару арқылы оқушының өзіндік сенімділігі артады. Бұл оның оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді және жетістіктеріне мотивация береді.

  3. Қызығушылық пен ынтаның күшеюі: Жұмыс барысында оқушының оқу процесіне қызығушылығы артады. Сабақтарды ойын, жоба, тәжірибелік тапсырмалар арқылы қызықтыру оның оқуға деген ынтасын күшейтеді.

  4. Үйрену қабілетінің жақсаруы: Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс кезінде оның үйрену дағдылары қалыптасады, және ол болашақта оқу қиындықтарын өз бетінше жеңуге үйренеді.

  5. Әлеуметтік байланыс орнату: Топтық жұмыс, серіктестік жобалар арқылы оқушының сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсарып, әлеуметтік бейімделуі дамиды.

Қорытынды

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау – ұзақ мерзімді үдеріс. Ол көп еңбекті талап етеді, бірақ әр оқушыға білім алуда тең мүмкіндіктер ұсынады. Мектептегі әр мұғалімнің оқушыларды қолдау жұмыстарына қосқан үлесі маңызды. Жалпы, бұл нәтижелерге қол жеткізу үшін әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеретін жеке оқу жоспарларын жасау, сабақты интерактивті, көрнекі құралдармен өткізу, және кері байланыс арқылы қолдау көрсету маңызды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2025
16
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі