Үлгі бойынша үшбұрыш сыза білу, оны бояу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгі бойынша үшбұрыш сыза білу, оны бояу.

Материал туралы қысқаша түсінік
.Қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын қалыптастыру. 2.Тақырып бойынша сөздік қорын молайту (тақта,бор,қалам,дәптер,т.б) 3.Үлгі бойынша тақтаға бормен, дәптерге қаламмен үшбұрыш сызу. 4.Баланың ойлау, есте сақтау қабілеттілігін арттыру,таза жазуға және оқу құралдарына ұқыпты қарауға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін:................................. Айы:...........................................

.................................................... Дефектолог: А.Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша үшбұрыш сыза білу, оны бояу.

Сабақтың мақсаты:

1.Қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын қалыптастыру.

2.Тақырып бойынша сөздік қорын молайту (тақта,бор,қалам,дәптер,т.б)

3.Үлгі бойынша тақтаға бормен, дәптерге қаламмен үшбұрыш сызу.

4.Баланың ойлау, есте сақтау қабілеттілігін арттыру,таза жазуға және оқу құралдарына ұқыпты қарауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, қима сызықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор.


I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық дайындық: Күн, ауа, жер, су, аспан

Маған, саған, біздерге

Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.

III. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызда жартылай сопақшамен танысып қол мен саусақтардың

қимылы мен қозғалысын қалыптастырамыз.

«Батпырауық ұшырамыз»(батпырауықтар түрлі-түсті,балалар түстерін

өздері таңдайды.) «Алақанымызды жылытамыз»(бір деммен жылы ауаны үрлеу)

-Балалар бүгін үшбұрыш сызып үйренеміз.

IY.Сергіту сәті: Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді созайық.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз.

Мимикалық гимнастика:

Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)


Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»

IY.Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық.

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге

IY.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп,

Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.

Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.

IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

 Берекелі  бүгіндей

 Бейбіт  болсын  болашақ!»

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

V. Бекіту.

«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған суреттерді есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір суретті алып қояды. Жоғалған суретті табу керек.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2018
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі