Материалдар / «Үлгі болар отбасы, Қазағымның айнасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Үлгі болар отбасы, Қазағымның айнасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы күніне орай өткізілетін тәрбие сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2023
193
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




















Отбасы күніне орай өткізілетін тәрбие сағатының

тақырыбы:

«Үлгі болар отбасы,

Қазағымның айнасы»






Топ кураторы: А.Ильясова



















Қазалы қаласы

2023-2024 оқу жылы

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары Г.Жаңылова



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Күні: 13.09.2023 ж

Курс: ІІ курс

Тобы: №22-1

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Үлгі болар отбасы,

Қазағымның айнасы»

Тәрбие сағатының мақсаттары:

Отбасы — тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері, тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу.


Кіріспе сөз

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да, туған үйдің жылуы есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі». Жеке адамды басқа адамдармен қарым-қатынасқа, мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан да ол өте қажетті, басқа еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала.


І. Отбасы туралы сұрақтар

  1. Отбасы дегенді қалай түсінесің?

  2. Отбасының басшысы кім?

  3. Отбасы қандай болуы керек?

  4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?

  5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?

  6. Сен қандай отбасын армандайсың?

  7. Өз отбасыңа көңілің тола ма?

  8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

  9. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

  10. Отбасының ұйытқысы кім?

  11. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

ІІ. Логикалық сұрақтар: (шарларға жасыру)

1. Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? Жауабы: Медет

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: 3 адам

3. Анаңның апасының баласы саған кім болады? ( бөле)

4. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере)

5. Мен ата-анама кім боламын? (ұлымын, қызымын)

6. Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар? (5 бала)

7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы аға)

8. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)

9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере)

ІІІ. Отбасы туралы ой бөлісу:


Ауызбіршілік

Бақытты

Бақытты

Шыншыл

Еңбекқор

Мейірімді


Тату-тәтті

Shape1

ӘДЕПТІ




МЕНІҢ ОТБАСЫМ

















ІV. Кімнің ата-анасы?

Слайдтарда жасырылған суреттерден әр студент өз ата-аналарын табулары керек.


Picture 36

























V. Сұрақ – жауап:

1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)

4. Әкеден балаға беріледі. (мұра)
5. Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)

8. Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

9. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

10. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,

іні.)

11. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

12. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан

ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.

13. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)

14. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)

15. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)

16. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

17. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

18. Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)

19. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт, нағашы)

20. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)

21. Ат – ана алдындағы борышты қалай өтеуге болады?


VІ. Мақал-мәтелдерді жалғастыру

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)


Қорытынды


Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!




Топ кураторы: А.Ильясова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!