жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Үлгілі әке-ибалы ұл»
Авторы: Абдиева Салтанат Калдыбаевна
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп, әлеуметтік педагог
Әкелер ұйымы жиналысының тақырыбы:
«Үлгілі әке-ибалы ұл»
Мақсаты: «Ұлағат» әкелер кеңесінің мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, бала тәрбиесінің отбасынан бастау алатындығын түсіндіру, әкенің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру
Көрнекілігі: Слайд шолу, қанатты сөздер, суреттер, т.б.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Әлеуметтік педагог: Сәлеметсіздер ме құрметті әкелер! Қош келдіңіздер!
”Еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты”
Н.Ә.Назарбаев
ІІ. Дәйексөз
«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»
Я.А.Каменский
Бүгінгі кешіміз «Үлгілі әке –ибалы ұл » деген тақырыпта өткелі отыр. Мұндағы негізгі мақсат: бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, бала тәрбиесінің отбасынан бастау алатындығын түсіндіру, әкенің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру
ІІІ. Психологиялық кезең
Табиғаттағы барлық жылу-күннен,
Өмірдегі барлық жылу-адамнан
ІV. Алғы сөз
Баланың бас ұстазы ата – ана десек, соның ішінде қазіргі
уақыттағы әкелердің тәрбиелік ролі туралы әңгімелесу, кеңесу
болып отыр. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» - дей отыра ата – ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғанын қалайды. «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі», баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттері.
Әке
– ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы,
асыраушысы және тәрбиешісі. Бұл
мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны
басқарушы, отағасы – әке. Отбасының
рухани, материалдық жағынан құлдырамай,
мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш
пен сабырлықтың иесі болып табылатын
– әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің
маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі
жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп
жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай
қажет болып жатады.
Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің
орны ерекше. Әке үйі барлық балалары
үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген
киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Әкенің
мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,
өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы
үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін
нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы,
өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе
атасы жақсы кісі еді, көргенді бала
екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп
мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері
немесе аталарының бойындағы қасиет пен
өнерін үйреніп өскен.
V.
Нағыз әкелік негізге алатын бірнеше
маңызды баптар мыналар:
1.
Қатысу. Әке уақытын балаларымен
өткізеді, олардың қиындықтарын шешуге
көмектеседі, балалары үшін өз
қалауларын құрбан етеді.
2.
Тұрақтылық. Бұл сезімге тұрақтылық,
берген уәделерді орындау, әке «сөзінде
тұруға тиіс».
3. Хабардар болу. Әке
балаларының өмірінде не болып
жатқанын, не туралы ойлайтындарын
біледі.
4. Қамқорлық. Балаларына
қамқорлық жасау, оларға қолдау
көрсету.
Абай атамыз айтпақшы, әке
тәрбиесі жүректен шығып, жүрекке
жетеді. Әкенің балаға айтқан әңгімесі,
баласымен ойнап-күлгені, серуендеткені,
ел аралатып қыдыртқаны, жаңа адамдармен
таныстырғаны, ата-бабасының, елі мен
жерінің кім екенін ұқтырғаны – тәрбиелік
мәні терең дүниелер. Әке – өткен мен
бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып
тұрған алтын көпір. Ендеше бар баланың
бақытына бір Алладан кейінгі панасы
«Әкелер» аман болса екен дейміз.
VI.
Бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалар:
1.
Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір
– қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс
сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған
абзал.
2.
Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі
жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді.
Соған орай дөрекілікке бой алдырады.
3.
Өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе
ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің
өзі ұят.
4.
Баланың айтайын деген өтінішін,
ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап
ақыл – кеңес беру керек.
VII. Тренинг:
«Мен үшін әке болу – бұл... »
Мына
фразаны бір- бірімізге жалғай отырып,
аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл... »
/бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже,
мәртебе, өмір, жауапкершілік...т.с.с./
Сіз
үшін бала деген кім?
/болашағым,
көмекшім, қамқоршым, қымбаттым/
Пікірталас: Бейне фильм
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»
IX. Миға шабуыл. Әкелерге сұрақтар:
- Балаңыздың қай пәнге қызығушылығы жоғары?
- Балаңыздың сүйікті асы?
- Балаңыз неше жаста?
- Балаңызға қанша уақыт көңіл бөлесіз?
- Балаңызды таңертең кім оятады?
- Балаңыздың туған күні қашан?
X. Ой қозғау. Мақалдардың жалғасын тап:
1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Баланың жақсысы қызық ...
6.Ұядан не көрсе,...
7.Баланың бас ұстазы......
XI.
Мағынаны тану. «Үлгілі
әке –ибалы ұл»
Әке
– ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы
және асыраушысы және тәрбиешісі.
Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы
бар әкенің өз перзентіне көрсетер үлгі
- өнегесі мол. Отбасының, балалардың,
әке – шешесінің қамын ойлап, туған –
туысқа көмек жасайды. Шығыс халқы “Әкеден
артық арман жоқ, әкеден артық қорған
жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық
пана жоқ” деп әкені айрықша дәріптеген.
Дін
мұсылман жолында Әкені құрметтеу –
айрықша парыз. «Әкеге бағыну –
Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар
болу – Алла алдында күнәһар болу» дейді
Пайғамбарымыз. Сол себепті балаларымыздың
қандай болып өсуі өзімізге байланысты
екенін ұмытпауымыз керек.
XII. Қорытынды:
Әлеуметтік педагог:
- Қадірменді әкелер! Сіздердің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді.
Әкелерім
бақытымсың, барымсың
Тірегімсің,
сүйенішім, бағымсың
Жалғасындай
әкелердің балалар,
Жақсы атымен бар әлемге танылсын –
деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтай
отырып, келіп ой бөліскен әкелерімізге
алғысымызды айтамыз және құрметті
әклерімізге зор денсаулық, жанұяларыңызға
мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген