400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгілі сабақ жоспары "Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбымен өткізілген аудандық семинарда 7-сыныппен өткізген үлгілі сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІV. Сүйіспеншілік пен достық

Мектеп:

Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 16.11.2017 ж.

Мұғалім: Т.Кенжеева

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік

Оқу мақсаты

7.ТА5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып,

дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

7.ӘТН4.1.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаты


Оқушылардың барлығы:

-тыңдалған мәтіндегі мәселені түсінеді;

- идеясын анықтайды; етістіктерді табады.

Оқушылардың көбісі:

-Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап бере алады;

-етістіктің түрлерін жұрнақтарына қарап ажырата алады.

Оқушылардың кейбіреуі:

-өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылай алады;

- етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

- Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып,

дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды; етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін ажыратады; тілдесім барысында қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: мәтін, мәтін құрылымы, мәтіннің идеясы , мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркесі, есімше, көсемше, тұйық етістік т.б

Құндылықтарды дарыту

-Адами қасиет, Отан, туған ел мен жер алдындағы борыш

-Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Тыңдалым мәтіні, презентация

Бастапқы білім

Достықты сақтаудың жолдары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт


Тапсырма

Ресурстар, сілтемелер

Басталуы

10 минут




  1. Ұйымдастыру кезеңі

А) психологиялық ахуал қалыптастыру;

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз-талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Ә) оқушыларды топтастыру. Кезекші оқушы өз әдісі бойынша оқушыларды үш топқа біріктіреді.

Б) Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар «Досыммен мақтанамын» тақырыбына жазып келген мәтіндерін әр оқушы өз көршісіне беріп , критерийге сәйкестігін анықтайды.

Дескриптор

-өз досы туралы мәтін жазады;

-мәтін құрылымын сақтайды;

-достық туралы тұрақты тіркестер мен

мақал-мәтелдерді орынды қолданады;

Қ/Б Топтағы оқушылар бір-бірінің жұмысын жұлдызшамен бағалайды.






Сабақтың ортасы

20 минут







Тыңдалымалды тапсырмасы

«Жігіттер» квартетінің «Туған жер» әнінің клипінен үзінді көрсету. «Достық пен сүйіспеншілік» бөлімі екенін естеріне түсіріп, жаңа сабақтың тақырыбын болжату.

1-тапсырма Тыңдалым тапсырмасы

FILA кестесін өз жұбыңызбен толтырыңыз: мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрап, келесі жұппен алмасып, сұрақтарға жауап беріңіз. Әр жұп өздері қойған сұраққа келесі жұптың берген жауаптарын саралап, бағалайды.


Мәтіндегі фактілер (Facts)

Мәтіннің идеясы (Ideas)

Сұрақтар (Learning issues)

Әрекет жоспары (Action plan)








Дескриптор

-Мәтіндегі мәселені түсінеді;

- Мәтін идеясын анықтай алады;

-Проблемалық сұрақ құрастыра алады;

-Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады.


Қ/Б Сарапшы оқушының жұптарды бағалауы


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

ӘТН

Зейінін шоғырландыру

Экранға бірнеше етістік сөздерді шығарып, сұрақтар қоя отырып, тұйық етістіктің анықтамасы мен емлесі туралы ережені өздеріне шығарту.

Берілген сөздер:сүю, білу, алу, жуу.

Сергіту сәті

1-топқа есімше, 2-топқа көсемше, 3-топқа тұйық етістік қатысқан мақал-мәтелден айтқызып, ауызша мадақтау.

2-тапсырма

Берілген сөйлемдегі тұйық етістіктерді теріп жазыңдар.

М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлең-жырларының басты тақырыбы – еңбексүйгіштік, білімқұмарлық, қаһарман ата-бабаларымыз өткен жолды ардақтау, солардың ерліктеріне еліктеу, Отанды сүю, Отанды қорғауға әзір болу, жер жүзіндегі барша халықты бауыр тұту.

Жылдам әрі дұрыс орындаған 4 оқушыны Ақсу-Жабағылы құрығын мекендейтін аңдар мен «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» енгізілген өсімдіктердің фото-суреттерімен бағалау.

Қ/Б фото-карточкалармен бағалау















Сабақтың соңы

10 минут









Рефлексия


Сабақты бекіту

«Үш жақты диаграмма» арқылы етістіктің есімше, көсемше түрлерін салыстыру.


Схема 1

Үйге тапсырма беру

«Туған жер-алтын бесік» тақырыбында мәтін құрап келу.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет



Қосымша ақпарат

Саралау –

Әр оқушының танымдық қабілеті мен бүгінгі оқу мақсаттарын ескере отырып,

«FILA кестесі», «Анықтама бұрышы» , «Үш жақты диаграмма» әдістерін таңдап алдым.

Бағалау -

Әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Оқушылардан кері байланыс алу арқылы білімдерін толықтырып отырамын. Оқушыларға өздеріне бағалату арқылы өз жауабын өзгелермен салыстыра алуына жағдай жасаймын.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері



Рефлексия












2-тапсырма

Жұптық жұмыс

Оқушылардың аты-жөні__________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

Мәтіннің тақырыбы___________________________________________________________



FILA кестесін өз жұбыңызбен толтырыңыз: мәтіндегі факті мен идеяны анықтаңыз; мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрап, келесі жұппен алмасыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз. Топтағы жұпсыз қалған бір оқушы екі жұптың берген жауаптарын саралап, бағалайды.



Мәтіндегі фактілер (Facts)

Мәтіннің идеясы

(Ideas)

Сұрақтар

(Learning issues)

Әрекет жоспары

(Action plan)














Дескриптор

-Мәтіндегі мәселені түсінеді;

- Мәтін идеясын анықтай алады;

-Проблемалық сұрақ құрастыра алады;

-Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады.



Жаңартылған білім мазмұны - қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

2017 жылдың 16 қарашасында Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қалыптастырушы бағалаудың тиімді жолдары»тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты-оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы қалыптастырушы бағалау жолдарын меңгерту. 
Семинарға Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдіскері Е.Есенбаев пен аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарда 7 «А» сыныбында «Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі» тақырыбында Г.Қойлыбаева, 7 «Ә» сыныбымен «Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік» тақырыбында Т.Кенжеева, 5 «Ә»сыныбымен «Өсімдік және музыка» тақырыбында М.Умиралиева үлгілі сабақтар көрсетсе, үйірме жетекшісі Д.Сұлтанова сыршыл ақын М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ақын өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Мағжан жыры мәңгілік » атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, мектеп директоры К.Сейдалиева «Жаңартылған білім мазмұны - қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында» атты кәсіби кеңес өткізді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша пәнге қатысты маңызды мәселелерге түсінік беруге арналған кеңесте Күлшира Олжабайқызы аудан мұғалімдерінің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына ұтымды жауап беріп, әдістемелік көмек көрсетті.
Семинарға келген мұғалімдер жағымды әсерге толы осынау семинардың ұйымдастырылуы мен өткізілу барысына өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп басшысы мен пән мұғалімдеріне алғыс айтты.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Е.Есенбаев өзара әдіс алмасуға арналған осындай семинар ендігі айда С.Рақымов мектебінде өтетінін айтып, бүгінгі іс-шараны қорытындылады.


Тоғжан Кенжеева

Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3101
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі