400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгілі сынып сағаты сценарий "Ұстаздар мерекесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгілі сынып сағаты сценарий "Ұстаздар мерекесі"
Материалдың қысқаша нұсқасы

І жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар!

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші:
Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз ұлылық, шәкірт мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Би: 9 в сынып

І жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

ІІ жүргізуші: Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік!

1-оқушы:М - мейірімді

Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын

Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,

Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.

2-оқушы:Ұ- ұлағатты

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған,

Оқысын,білім алсын,үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.

3-оқушы: Ғ- ғазиз

Ғалым да, шахтер де бас иетін,

Ұстазым, бар сенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейдау асыл бейнең.

4-оқушы:А- ақылды

Атағым Алатаудай болып биік, 
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

5-оқушы:Л- лайықты

Лайықсың бар мақтауға,

Білімін құйған санама.

Мектептегі бар ұстаз,

Ұқсайтын асыл анама.

6-оқушы:І- іскер

Іскерлікке шәкірттерін баулыған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

7-оқушы:М- маман

Мұғалім деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты,

І жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай,әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. Ендеше осы залда отырғандар қонақтарымыз, ұстаздарымыз бәріміз бірге ұстаздарымызға арнап ән шырқайық. Назарларыңызды экранға аударайық. Бәріміз бірге караоке орындайық.

Караоке: Ақбота Керімбекова «Ұстазым»

Ұстазға арнау: Нұрғалым Мөлдір 9в

Нұрғанатқызы Зере 5 в

Би: «Испан биі»

I  жүргізуші:
-    Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам.
Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
IІ  жүргізуші:
-    Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар?
Құрметті ұстаздар сіздерді сыр сұхбатқа шақырамыз. Алдымен сыр-сұхбатымызға қатысатын мұғалімді анықтап алайық. Сіздерге жұлдызшалар таратылады. Кімнің жұлдызшасының ішінде «Сыр-сұхбат» деп жазылса сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
-    Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
-    Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте  қандай өзгерістерді байқайсыз?
-    «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
-    Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
-    Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
-    Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
-    Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
-    Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
-    Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
-    Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші
-    Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге дән ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына "смайликтер" арқылы көрстіп, қайталап берсеңіз дейміз.

Ән: «Ұстаз»

Би «Флешмоб»

І жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз - ұлылық, шәкірт - мәңгілік!» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі