400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үлгілі тәрбие сағаты 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан - отбасынан бастау алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлгілі тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Отан- отбасынан бастау алады»

Мақсаты:

1) Отбасы  Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру;

2)Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен  бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

3) Өнегелі адамнан ұлағат алуға тәрбиелеу;

Көрнектілігі: Отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу

1.Кіріспе сөз: 
Отбасым - менің жүрегім 
Отбасым - менің тірегім 
Отбасым –менің Отаным 
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына азаматтық 
құндылықтарды ,ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

Тәрбие отбасынан бастау алады. Олай болса, ауылымыздың ардақты да аяулы анасы Қания Бекқұтымқызын зор қошеметпен қарсы алайық!( «Менің анам алтын» әнімен)

Әрбір отбасының тірегі әлпештеген әке, аялаған ана. Әкенің бізге сіңірген еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл алса, анадан мейірім алады. Әке отбасы асыраушысы, қамқоршысы. Ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Осылай бойындағы бар жылуын балаларынан аямаған біздің Қания апамыз міне биыл сексен жасқа толып отыр. Анамызға дүниедегі бар жақсылықты тілейміз.

Анамызға арналған «Асыл әже» әнін 6-сынып оқушысы Байжұмаш Аяулымның орындауында қабыл алыңыздар.

Аяулым:

 «Баланың бас ұстазы - ата –анасы» .Ата – ана балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын танытып, жақсы қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы таным бесігі.  Ата -­ ананың үйдегі қарым ­ -қатынасы, киім киісі, мінез ­ құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі  Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе,  ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан ­ мейір алады» деген.

Бүгінгі таңда Қания апамыздың балалалары ата – анасы берген тәрбиесін бойына сіңіріп, ана тілегін орындады.



Үлкен ұлы Мұхтар – Генерал-лейтенант

Мейрам- Генерал майор

Маркс -подполковник

Мұрат - кәсіпкер

Дина - кәсіпкер

Айгүл - кәсіпкер

Міне осындай аяулы анамыздың үлгілі отбасынан шыққан ұл қыздар, бүгінде ел үшін еңбек етіп жүрген жандар.

Қания апамыз осы күнде 11 немере, 13 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Гүлжахан:

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты сізді сексеннің сеңгіріне де алып жетті. Қиыншылығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде, балаларыңызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ұяда түлетіп, қияға самғатып, білімді де мәдениетті азаматтар етіп ел қатарына қостыңыз.

Еркелетіп немере, шөбересін,

Кәрілікті анамыз елемесін.

Балалардың қызығын тамашалап,

Тіршілікте қызығын көре берсін

2-сынып оқушыларының апаларына арнаған өлең жолдарына кезек береміз.

(өлеңдерін оқиды)

Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың.

Балаң үшін биіктен де құларсың,

Балаң үшін не бір сынға шыдарсың!

Аяулым:

Ендігі кезекте оқушылардың анамызға қоятын сұрақтарына кезек берсек:

1.Қания апай жанұяда қанша бала болсада соның ішінде анаға жақын ерекшесі болады

Сізге жақыны, ыстығы қай балаңыз?

2. Неліктен бұл балаңыз сізге жақын?

3. Балаңыздың ең сүйікті асы?

4.Балаңыздың сүйіп тыңдайтын әні?

5. Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

6.Балаңызды еркелетесіз бе?

Енді сізбен бірге «Жанұя ойыны» сергіту ойынын ойнасақ. Бұл жерде сұрақтарға тек «иә», «жоқ» немесе толық жауап беруіңізге болады.

  1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?



  1. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата- ана ма немесе қоршаған орта ықпал жасай ма?

  2. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

(Қания апай сұрақтарға жауап береді)

Ән: «Әжетайым»

Гүлжахан:

Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.  Ата-ана –өмірдегі ең қымбат адамдар . Олар бізді жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе «Түп қазығың –Отаның , ар-намысың – тілің, кәусар бұлағың –ұстазың, қамқоршың –әкең, ақылшың -анаң» деген. Ата-ананың тілегін орындау барлығымыздың міндетіміз. Ата-ана алдындағы қарызымызды, ананың ақ сүтін өтеу ол біздің саналы, тәртіпті болып өскеніміз.

Аяулым:

- Ал, енді балалар сендер отбасы туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

  1. Анасын сүйгеннің баласын сүй.

  2. Ана алдында – құрмет,

Ата алдында – қызмет.

  1. Әкеден – ақыл, анадан – мейір.


Балаға берілген дұрыс тәрбие-бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз-деген .Балаға үйден берілген отбасылық тәрбиенің орны бір бөлек.Мектепте тәрбие орны бұл жерде балалар оқып білім алумен қатар тәрбие де алып шығады.

Дәл осы мектеп ғимаратында өзіңіз балаларыңызбен жасаған осы мұражайда жақында ғана «Мұражайға шеру» апталығы өтті. Мектеп оқушылары апталық аясында эсселер жазып,мұражаймен толық танысты. Сіздердің назарларыңызға ең үздік эссе жазған 9-сынып оқушысы Кеңесбек Аяулымның сіздердің еңбектеріңіз жайлы жазған жұмысын ұсынамыз.

«Мектеп ақылыңа,ақыл қосады
мұғалім келешектің,жолын сызады.»
дегендей мектебіміздің директоры К.К.Карбузовқа сөз кезегін берсек.

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

Батаменен ел көгереді,

Жауынменен жер көгереді- демекші Қания апамыздан бата алсақ.

Ал, енді балалар қазір біз музыка ырғағымен геометриялық фигуралардан «Бақытты отбасы» атты үйімізді құрастырайық.

Қорытынды:

  • Сонымен балалар отбасы дегеніміз не?

  • Неге Отан отбасынан басталады?

Балалар сендерде әрқайсың бір отбасысыңдар. Олай болса бақытты отбасы дегенді қалай түсінеміз. Өзіміз құрастырған үйге стикермен жапсырмалап шықсаңдар.Міне балалар бізге бақытты өмір сыйлаған аналарымыздың алдында біздер мәңгілік борыштар болып қала береміз.

«Аналар асыл жандар» демекші осы өмірге әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген аналарымызға мың алғыс! Сол аналардың бірі бірегейі осы Қания апамыз. Сізге ерекше алғысымызды білдіреміз. Осы ән сізге арналады. « Ана туралы ән »

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың құрметті қонағы болғандарыңызға көп рахмет!





Тексерілді:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі