Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгілі тәрбие сағаты "Қыз еркем- анасымен көркем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз еркем - анасымен көркем атты үлгілі тәрбие сағаты 11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған. Бұл мақалада ата-анамен тығыз байланыс жасау көзделген, және де ұлттық нақышта қыз балалардың тәрбиесі көзделген. Ұстаздарға тәрбие сағатын өткізуге көмегі өте зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыз еркем, анасымен көркем» тақырыбында сайыс

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!

1. Хор оқушылардың орындауында " Әке , ана"

2. Жүргізушілер: Ақжарқын, Жаңылгүл

1-жүргізуші.
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!


2-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған “ Қыз еркем, анасымен көркем ” атты сайысқа қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!


2-жүргізуші:Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды шақырамыз.


1-жүргізуші:Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар
Әділқазылар алқасы:


2-жүргізуші

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы үш бөлімнен тұрады

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.

  2. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.

  3. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

1-жүргізуші:Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.

2-жүргізуші:Ана деген тіршіліктің иесін,

Сыйлайтын адал бала білесің.

Өмір балын тамызарда ерніңе,

Шымырлатып еріткен бар жүйесін.

1-жүргізуші:Кірпігімнің әр қағысын санаған,

Көз аудармай күндіз-түні қараған.

Айналамда жүргендердің бірінен,

Бар ма анамдай  тірлігіме жараған дей отыра: Оқушылардың орындауында өлең жолдары

Видео

2-жүргізуші:Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

 Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз жұптардың өнерін тамашалау кезеңі

Айтыс:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

Айтыс:Айбек пен Рәткүл

1-жүргізуші:Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл,

Қауіп кетер қасіретке тұзақ құр.

Баласы үшін жыламасын бір ана,

Онсыз да ол сан азапқа шыдап тұр.

Ана, бала көздің ақ пен қарасы,

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы.

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары санасы-дей келе

«Тәрбие тірегі отбасында» сайысымыздың 3-ші кезенің бастаймыз

1.Сиям егіздері ойыны (анасы мен қызына кофта беріледі,екеуі қолдарына киіп,берілген картошканы ашуы керек. Әдемі,ұқыпты ашылған картошкаға жоғарғы ұпай беріледі)

2.Балаларыңыздың бойындағы қасиеттерін атай отырып 1 адым алға жүру керек

2-жүргізуші:Орасақ та жәннат ішік, құндызға,

Баласақ та айға, күнге, жұлдызға.

Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға,-дей  отырып әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендермен ойын өткізсек ойынның аты сұрақ жауап:

  1. Тоқымқағар деген не? (бала 1 рет үйінен алысқа жолаушылап шыққанда өткізіледі)

  2. Сүйінші қай кезде сұралады? (Жақсы хабар алғанда)

  3. Жеті атаңды ата? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек ,немене)

  4. Абажа дегеніміз не? (ас тағам салуға арналған сандықтың үлкен түрі)

  5. Малдың сүтінен жасалатын ұзақ уақыт сақталатын тағамды ата?(құрт )

Ән: Мама Орындайтындар: Айбек пен Алмасбек

1-жүргізуші: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым -деп осы ашық тәрбиесі жабық деп жариялаймыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12