
Тақырыбы:
Шаңырағым -
шаттығым
Өткізген: Серикбай
Биша
Сабақтың
тақырыбы: Шаңырағым -
шаттығым
Сабақтың
мақсаты:
1) Оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата -
аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу.
2) Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін
ояту. Олардың ой – өрісін дамыту.
3) Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа,
бірлікке шақыру.
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта,
мақал - мәтелдер, нақыл сөздер т.
б.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме,
балалар! Мұғалімнің түсіндірмесі
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Онда әкем - анам тұрады
Ата - әже бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады
(Отбасы)
- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)
- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы
болмақ.Әр адамның бойында күн шуағы
бар, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек. Сократ
Алдымен, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық
шеңбері» тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті оқушылар
қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен
кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық,
жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың
үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты
дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық
пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл
шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық
тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. Жақсы тілектер
тілейік.
Ал, енді орналаса қойыңдар
орындарыңа. Енді бүгінгі үлгілі тәрбие сағатының мағынасын ашуға
көріністі тамашалаңыздар!
Аңыз: «Қарт пен бала
әңгімесі»
Баласы кетіп бара жатқан
атасының алдынан шығып:-
Ата, мені
де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:-Балам, мен балалар кітапханасында болғалы жатқан
«Шаңырағым-шаттығым» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі
жассың, - дей бергенде:
Бала:- Ата ондағы болатын сұрақтардың
бірін қойыңызшы маған, - деді бала.
Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы
кім?
Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы –
бала.
Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды
болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі –
ұлға үлгі. Ана ақылшың,
әке қамқоршың, аға қорғанышың,
інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін
ұмытпа.
Қарт:--Балам жоқты бар, ашты
тоқ ететін кім?
Бала:- -Ата, жоқты бар, ашты
тоқ ететін – мейрімді әке.
Қарт:-- Жоқ балам, әке қанша
мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін –
АНА.
Анасыз бала ұйықтамайды,
қатықсыз айран ұйымайды.
Ал, балам,
өмір сүру үшін не қажет?
Бала:- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал
қажет.
Қарт:-Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл
қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз
астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің
мәнін келтіреді.
Қарт:-Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады
екен?
Бала: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында,
ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы
жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің
қалтасында.
Қарт:- Адамға ақыл беретін кім,
балаларым?
Бала: Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-
ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне
айтады.
Қарт: «Өмірде не жетім?» деген сұраққа өзім жауап
берейін.
Өмірде
жеті жетім бар.
1. Өмірде
ата –анасы жоқ болса, бала жетім.
2. Халқына
сенімсіз болса, халқы жетім.
Ханы
ақылсыз болса, халқы жетім.
3. Суы жоқ
құдық- жетім.
4. Досы
жоқ жігіт –жетім.
5.
Шәкіртсіз ұстаз жетім.
6. Қызы
жетесіз болса, ана – жетім.
7. Ата –
ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол
жетім.
Әңгімелесу
-
Ия оқушылар, отбасы кімдерден
құралған еді?
-
Седер ата-аналарыңды
қадірлейсіңдер ма?
-
Отбасының жарастығы дегенді
қалай түсінесіңдер?
-
Ата-анаңды қуанышқа бөлеген
кездеріңді айтып беріңдерші?
-
Отбасының бақыты дегенімізді
қалай түсінесіңдер?
-
Соңғы рет өз отбасыңа қандай
жақсылық жасадыңдар?
Жарайды, жақсы енді мен бір
әңгіме оқып берейін. Әңгімеміздің аты «Боз
орамал»
-
Әңгімені оқығанда қандай
сезімде болдыңдар?
-
Жасөспірімнің ата-анасынан қол
үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер
едіңдер?
-
Оның сағынышының сыры
неде?
-
Ата-анасының ұлына деген
сезімін сипаттап беріңдер?
Жақсы ,енді үйде өз өз
ата-аналарыңа,отбасына арналған шығармашылықтарыңды дайындап
келіңдер деп тапсырма бергем.Қане кім осы тапсырманы орындады
екен?
-
Байкен Гулдана:
Монолог
-
Жанарбекқызы ГауҺар
эссе
-
Унат Аймарал өлең
жолын
-
Болатхан Алғысбек
эссе
-
Марат Ақтілек өлең жолын
шығарып келіпті.
Ал, енді қазір
дана
сөздер тізбегін жасайық (слайд арқылы
оқушылардың тапқан дана сөздерін
шығару)
-
Ұл - қыз ата- анасын
үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті
болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың
ұл- қызы болып өседі.
-
Адам жеміске, ата- ана жеміс
ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды
аялап бақсаң ,армандарың
орындалады.
-
Әдепті , адал ұл қыздардың
міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді.
Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне
алады.
-
Сәби шағыңда олар өзіңді қалай
бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту
керек.
-
Ата- анаңның көңілін еш
ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші
болма.
-
Ата- анасын ұмытқан бала-
опасыздың опасызы ,рақымсыздың
рақымсызы.
-
Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде
бесік таянып, түнде шошып оянған ананңы ақ мейірімін, ерекше
бағаламасаңдар , ол- қорлық.
Қазір біз «бала мен алма ағаш»
жайлы мына бір ролликті көрсек.
Ағаш – біздің ата-анамыз. Бала
– Біздерміз. Жас кезімізде немесе қажет болғанда ғана еске аламыз.
Біздің бағытымыз үшін олар ешуақытта аянбайды. Сіз қалай
ойлайсыз?(оқушылардың ойын тыңдау)
Сонымен оқушылар біздің
шаңырағымыз биік тату тәтті болсын десеңдер үнемі ата-анамызды
қадірлеуге талпынайық.
Атамыз қазақ «Бала – адамның
бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің
жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның
негізі.
Сау
болыңыздар!!!


