400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгілі тәрбие шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, бүлдіршіндер! «Балақай» тобы мен «Балшырын» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Төрле, төрле, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл сәуле шашып

Құлпырады табиғат нұры тасып

Жаңа жылды ағайын қарсы алайық

Шашу шашып, әрқашан ән салайық

Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге

Балалар мен жастарға, кәрімізге

Ашық аспан астында ойнап-күлсек

Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек

Алланың нұры жаусын әр үйге

Жақсылықты тілеймін бар әлемге

Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын,

Қуаныш пен ақ тілек ақтарылсын.

Құттықтау сөз: «Боташым » балабақшасының меңгерушісі Т. Утегуловаға беріледі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар. Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі! Жасыл шыршамызға арнап тақпақ айтайық.

Дана: Жылдың әнін бастайын, 
Аяз- Ата кеп қалды.
 
Майысады жас қайың,
 
Көтере алмай көп қарды.
 


Көркем Бақша іші мереке, 
Ойын күлкі асқақ ән.
 
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
 
Мерекені бастаған.
 


Айзере Жаңа жылды қарсы алдың, 
Мініп алып күймеге.
 
Мен де бүгін ән салдым,
 
Араластым биге де.
 

Жүргізуші: Ал, балалар біздің ортамызға Жаңа жыл – Тауық жылы келіп қалып . Кәне қарсы алайық.

Бәрі. Сәлеметсіз бе, Жаңа Жыл. Қош келдіңіз! Төрлетіңіз!

Жаңа Жыл: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар! Армысыздар, балалар! Мен Жаңа жыл Тауық жылымын. Сіздерге 2017 жылы бақыт, денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық!

Жүргізуші: Ал енді балалар, Жаңа Жылды ортамызға алып ән шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»


Жүргізуші: Балалар жаңа жыл мерекесінде ең құрметті адамдар кімдер? Ақ сақалды, ақ таяғы бар, қолында қапшық толы сыйлығы бар кім еді?

Балалардың жауабы: Аяз ата!

Жүргізуші: Ал, үлпілдеген ақ торғын көйлегі бар, әдемі қыз кім?

Балалардың жауабы: ақшақар!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыздар. Ендеше ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: (Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады)

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын ғой. Аяз атаның немересімін. Мен алыстағы қар патшалығынан келдім. Онда даланы мүлгіген қар басқан. Күн суық. Біз онда Аяз ата екеуіміз тұрамыз. Аяз ата сендерге сәлем айтты, кешікпей өзі де келіп қалар.Кәне балалар ол келгенше ән салып, би билеп, жұмбақ шешейік.

Расул Оралдың өлкеме, 
Жаңа жыл армысың.
 
Оранды ақ көрпеге,
 
Асқартау, қарлы шың.
 


Маншук Ақ қырауға малынған 
Сақалы да мұрты да.
 
Аяз ата сағынған,
 
Сәлем бepді жұртына.

 

Әділет Безендіріп шыршаны 
Жыл қуантты баршаны.
 
Той-маскарад басталды,
 
Аяз оны басқарды.
 

Жүргізуші: Балалар, Ақшақарды ортаға алып ән шырқайық

Ән: «Аяз ата»

Ақшақар: Рахмет балалар. Тақпақты да, әнді де жақсы айтады екенсіңдер. Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

Жасыл ине киімім

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласаң

Төріндемін үйіңнін (ШЫРША)

Жаздай тығылады

Қыстай зымырайды (ШАНА)

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады (ҚАР)

Ақшақар: Рахмет балалар сендерге. Жұмбақтарымның жауабын дұрыс таптыңдар. Атамыз кешігіп жатыр ғой. Кәне бәріміз Аяз атаны шақырайық.

(Балалар Аяз атаны шақырады)

Аяз ата: Амансыңдар ма, халқым! Жаңа жыл құтты болсын! Ой айналайындар қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер, шыршаларың неткен сұлу.

Жүргізуші: Аяз ата, Қош келдіңіз. «Боташым» бөбекжай балабақша бүлдіршіндері сіздерге арнап «Төрле, төрле, Жаңа Жыл!» атты ертеңгіліктерін өткізіп жатыр. Келген қонақтармен бірге отырып тамашалаңыз.

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар өрендерім олай болса тамашалайық.

Ибраһим: Қалып едік сағынып, 
Kүтіп алдық жабылып.
 
Жолын қойдық жарық қып,
 
Шыршаларға шам іліп
 


Зерделім: Аяз Ата ойды қырды 
Аралап жүр түгел шолып.
 
Қарсы алғалы жаңа жылды,
 
Ол да көптің бірі болып.
 


Жанерке: Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті

Жүргізуші: Ал балалар, енді Аяз атаны ортаға алып ән шырқайық.

Ән: «В лесу родилась елочка»

Жүргізуші: Аяз ата бізге үлкен қонақ Мезгіл батыр атамыз келді. Батыр атамызбен жүздескіңіз келе ме?

( Ортаға Мезгіл батыр шығып Аяз атамен амандасады. Құшақтасады, көріседі. Аман түгел сұрасады.)

Аяз ата: Қарағым, Мезгіл батыр неше балаңыз бар?

Мезгіл батыр: Құдайға шүкір 3 ұлым, 1 қызым бар

( Әр мезгілге сай киінген 4 баласы шығады. Амандасып, көріседі)

Қыс: Біздің байтақ далада

Асқар тауда қалада

Биыл ғажап іс болды

Таңғажайып қыс болды

Желтоқсан, қантар, ақпанда.

Көктем: Көктем болып танылған

Көк шекпенін жамылған

Көп жақсылық күтеміз

Наурыз, сәуір, мамырдан

Жаз: Ойын сүйер баламыз

Үш ай бойы санаңыз

Маусым, шілде, тамызда

Демалып біз қаламыз

Күз: Күз айларын тамаша

Сабан тойы жараса

Жемісін мол сыйлаған

Қыркүйек, қазан, қараша

Мезгіл батыр: Аяз ата мына өнері қасиетті менің бала өрендерім. Осы балаларымнан 12 немерем, 7 немерем, олардан шөпшек, шөбере сүйіп отырмын. Ал батаңызды беріңіз.

( Аяз ата батасын береді)

Жүргізуші: Ал балалар енді біз көрініс тамашалаймыз.

Көрініс. «Қонжықтың үйі»

Жүргізуші: Орманда бір Қонжық өмір сүреді, ол өте мейірімді екен. Ешкімнің көңілін қалдырмапты, жидек теріп өмір сүріпті. Бірде қонжыққа қу түлкі келіп жолығыпты.

Түлкі: Қонжық саған жаным ащиды, үнемі далада түнейсің. Баратын баспанаң жоқ. Менің ағаштан жасаған үйімді сатып ал, - деп ұсыныс жасайды.

Қонжық түлкінің үйін барып көреді. Алды артын қарап шығады. Ішіне кіреді.

Қонжық: Шатыры жоқ қой, - дейді

Түлкі: Саған шатырдың не керегі бар? Қайта төбеңнін ашық болғаны жақсы. Ұйықтар алдында түнгі аспанға қарап, жұлдыздарды тамашалайсың емес пе?- дейді түлкі қуланып кетіп бара жатып.

Қонжық келісіп жаз бойы жиған терген жеміс-жидектерін түлкіге беріп шатырсыз үйді сатып алады.

Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін,

Қайда жүрсем күлкімін

Алдап соғып қулықпен

Мен қулықпен таранған

Кәне маған қараңдар, - деп бұлғаңдап кете барады.

( қонжыққа үй ұнайды. Бірақ бір күні дауыл тұрып, жаңбыр жауады. Ұйықтап жатқан қонжықтың мазасын алады. Қу түлкіге алданғанын сонда біледі.

Қонжықты орман тұрғындары жақсы көретін. Оған достары қоян, кірпі, тиін көмекке келеді. Олар жабылып үйдің шатырын жабады. Ескі терезелерін сырлап, үйді жаңғыртады. Жаңа үй әдемі болып шығады.

Қонжық достарына ризашылығын білдіріп рахмет айтады. Бәрі қол ұстасып билеп бір-біріне тілек айтады.

Тиін: Достарым, Жаңа жыл құтты болсын. Аспан ашық болсын, нұрлы күн астында жайнап жүре берейік.

Кірпі: Жұбымыз жазылмасын.

Қоян: Жаңа жыл ақ пейілмен, ақ тілекпен келсін.

Қонжық: Келеген жыл ырыс мерекесімен, құт берекесімен келсін

( Жалпы би «Қара жорға»)

Жүргізуші: Аяз ата бізге әкелген сыйлығыңыз қайда?

Аяз ата: Ойй, ұмытшақ басым-ай ұмытып барады екенмін. Міне менің сендерге әкелген сыйлығым. Ал енді балалар тағы да біз барар балабақшалар көп еді. Сау болыңыздар.

Ақшақар: Көріскенше.

Балалар: Сау болыңыздар.

Жүргізуші: Осымен шағын ғана ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

Қорытынды сөз «Боташым» бөбекжай балабақшасының әдіскері А.Тулешоваға және ата-аналар төрайымына беріледі.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі