Материалдар / үлгілі тәрбиеші сайыс сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

үлгілі тәрбиеші сайыс сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
үлгілі тәрбиеші сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
530
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Үлгілі тәрбиеші» сайысы

Мақсаты: Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым - қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.

Құрметті қауым, тәрбиешілер және ата - аналар! Мектепке дейінгі мекемелерде баланы даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым - қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым - қатынас жасауды көздейді. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір - біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін - өзі емін - еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Барлық ұстаздар қауымын, тәрбиешілерді «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Осы мереке қарсаңында Айналайын балалар балабақшасының ұйымдастыруымен «Үлгілі тәрбиеші» сайысымыздың ашылу құрметінің алғы сөзін Айналайын бақшасының меңгерушісіне сөз беріледі. Бота сөйлейді.

Құрметті әріптестер, ұжымдастар! Бүгінгі «Үлгілі тәрбиеші » сайысына қош келдіңіздер!

Бүгін біздің “Айналайын” балабақшасында үлкен мереке

Қос тәрбиешілеріміз сайысқа түспекші

Біздің балабақшаның тәрбиешілері өте білімді, заманауи өз істерінің шеберлері

Кім мықты? Кім жеңетінін алдағы уақытта білетін боламыз

Ендеше тәрбиешілерге, сәттілік

Сайысымызды бастайык



Байқаудың бөлімдері:

І. Ал,қанекей танысайық! (таныстыру)

ІІ. «Кім тапқыр» (сұрақ –жауап, пед ситуация)

ІІІ.«Импровиз шоу » (тәрбиешілер бір өлеңді әртүрлі эмоцияда айту керек,бұл жерде әртістік шеберліктеріңізді көрсету керек,импровизация жасап)

ІҮ. «Мақал-мәтел (жалғасын табу)»

1-жүргізуші:НАЗЫМ

Қайырлы күн қадірлі қонақтар!

Бүгінгі тәрбиешілеріміздің кәсіби денгейлерін көтеру және біліктілігін бағалау мақсатында ұймдастырылып отырған сайысымызға қош келдіңіздер!



2- жүргізуші:АЛТЫНАЙ

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,

Қошеметтеп ,асыл халқым қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы тұлғаларға



1-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымызда қатысушы студенттерімізді ортаға шақырамыз.Қол соғып, қошемет көрсетейік!



2-жүргізуші:



Ал енді, сайысымыздың ашылу құрметінің алғы сөзін Айналайын балабақшасының меңгеруші директоры Ақбота Амангос Ерланқызына сөз беріледі.

1-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар (таныстыру)

1- жүргізуші:

Өнер қуып тәрбиешілер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Тамылжытып сөздерін,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.



2- жүргізуші:

Сол бұрыштан Сержанқызы Аида және оған қарсылай оң бұрыштан Бекболатова Айдана.

Сайысымыздың І –ші кезеңі бойынша 1-ші нөмерлі қатысушымызды ортаға шақырамыз

(кезекпен шығып өздерін таныстырады, слайд жүріп жатады)





1- жүргізуші:

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,

Білекті бірді жығар алысқанда.

Қанеки, кімнің ойы ұшқыр екен

Білімнің бәйгесінде шабысқанда, - дей отырып сайысымыздың 2-ші кезеңі бойынша «Кім тапқыр» (сұрақ-жауап және педситуация) сайысын бастаймыз.



2 жүргізуші-

Құрметті тәрбиешілер сіздерге арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттар беріледі. Сіздер нақты әрі нұсқа жауап берулеріңіз керек.

Педагогикалық жағдаяттарды шешудің мақсаты:

Тәрбиеші мен ата - аналар, балалар арасында туындаған жағдаятарды шешу кезінде педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау.



1 жүргізуші-

Аида

1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата - ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс - әрекетіңіз қандай болады?

2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата - аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата - ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?

Айдана

3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата - аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата - анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?

4.. Балаңыз таңертең жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабақшада мерекелік ертеңгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.

2 жүргізуші

Келесі 3 бөлім

«Импровиз шоу » (тәрбиешілер бір өлеңді әртүрлі эмоцияда айту керек,бұл жерде әртістік шеберліктеріңізді көрсету керек,импровизация жасап)



1 жүргізуші Назым

«Мақал-мәтел жалғастыру»

1.Баланың көңілі анада,?

Ананың көңілі Watssap-та.

2.Анансының көңілі қызында,?

Қызының көңілі жігітте.

3. Өмір тәрбиешісі ?— тарих

4.Грантқа түспесең?-қалтаңды қалындат.

5. Әдіскері мықтыны? жау алмас

6.Әдемі боламын десең?-салонға бар.

2 жүргізуші Алтынай

7.Өлем,өлем дегенше?

Өмірге келгеніңе тәубе ет.

8.Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер,?

Төбелеспен көз көгерер.

9.Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам? нағыз тәрбиелеуші бола алмайды.

10.Тәрбиешінің өзі? тәрбиеленген болуға тиіс.

11.Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші? адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

12.Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам ?нағыз тәрбиелеуші бола алмайды.



2 ЖҮРГІЗУШІ

Рахмет тәрбиешілер!

Кімдер жүйрік,

Өнерпаз білейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдікті,

Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ - қазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап, сыйлықтар табыстайды.

Тәрбиешілерді мадақтау грамотасы беріледі.

БОТА-Қорытынды: Тәрбиеші ақыл - ойы мен күш - қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.

Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тамамдаймыз.





1.Жүргізуші сөзі:

Барлығына риза болсын көрермендер,

Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.

Осыменен бұл сайысты тамамдасақ,

Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

Қош! Сау болыңыздар!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!