400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үлкен және кішкентай сәбіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкен және кішкентай сәбіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Үлкен және кішкентай сәбіз.

Мақсаты: Сәбіздің суретін сала білуге үйрету. Балалардың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сәбіздің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш.

Сөздік жұмыс: сәбіз, сабақ.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Барлығы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.







Балалар шеңбер жасап тұрады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог сурет бойынша жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

- Қоянның қолында не бар? Педагог салыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т.б. жұмыстарды жүргізеді.

- Сәбіз қанша түстен тұрады?

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Педагог балалардан қояндардың қолындағы үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салуды өтінеді. - Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызық пен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып, бір-біріне қосамыз. Сәбіздің үш жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретін қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де дәл осылай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады.

Күз мезгілі жеміс-жидек, көкөністер байлығын береді.

(Қимылмен көрсетеді).

- Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай. Балалар толық жауап береді.

- Жасыл түспен сабағын бояймын. Сәбізіміз дайын болады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың суретті жақсы салғандарын, қоянның қуанып, алғысын білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді. Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтап - мадақтайды.





Не салғандарын

әңгімелейді.

- Мен алмұрт сал

дым, ол сопақшаға

ұқсайды т.б.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сәбіздің суретін салуды.

Игереді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты сезіне білуді.

Меңгереді: пішіндерден бейне жасауды.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі