Ұйымдастырылған іс-әрекет : «Танымдық дағды» Математика негіздері
Тақырыбы: Үлкен кіші сәбіздер
Мақсаты: Қолдың ұсақ моторикасын, түс пен пішінді қабылдауын, байқағыштығы мен зейінін дамыту.
Міндеті :Балаларды берілген ермексаздың бөлігін алақанға салып жылыту, илеу, алақанмен үйкелеу тәсілдерімен таныстыра отырып, таяқша пішінін "сәбіз" жасауды үйрету; алақанмен жұмыс жасауға жаттықтыру; балаларға сәбіздің көгөніске жататыны және күзде пісетіні туралы түсініктер беру.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
"Сәбіз", "үлкен", "кішкентай" сөздері арқылы балалардың тілін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Көркем сөз, ғажайып сәт, затты зерттеу, мүсіндеу жолдарын көрсету, ауада мүсіндеу жаттығуы, сергіту сәті, өздігінен мүсіндеу, тақпақты мәнерлеп оқу, жасалған мүсін үшін мақтау, кейіпкермен қоштасу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Көжектің бейнесі немесе ойыншығы; сәбіздің нақпішіні немесе суреті; сәбіздің табақшадағы ермексаздан жасалған үлгісі; ермексаз, сүлгі, төсеніш; ырғақты, темпі орташа, көңілді "Қоян" әнінің №14-аудиожазбасы; сәбіздерге арналған үлкен табақша; үлкен және кішкентай себет.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Ермексаздар, төсеніштер, сүлгілер; үлкен және кішкентай сәбіздер
(қатырма қағаздан (картон) кескіндері не нақпішіндер).
Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Көркем сөз (көркем сөзді педагог
мәнерлеп оқиды).
Ұзын аяқ, ұзын құлақ,
Күртешесі сұр, жұмсақ,
Қорқақ, қыли көздері,
Ұстай алмаймыз, қуаласақ. (Д. Ахметова)
1.2. Ғажайып сәт.
– Балалар, бүгін бізге
қонаққа көжек келді. Қараңдаршы, көжек ұзын құлақтарын жымырып
алыпты. Көжектің қарны ашты. Көжек не жейді? Көжек сәбізді кеміріп
жейді. Көжекке көмектесейікші!
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Затты зерттеу (сәбіздің
нақпішіні).

–
Балалар, мынау не? Иә, бұл – сәбіз. Қайталаңдар. Сәбіздің түсі
қандай? Сәбіздің сары түсті. Қайтала.
– Сәбіз домалақ емес, сәбіз сопақ (мнемокарталар қою: домалақ және
сопақша. Балалар сәбізді сопақшаға жақындатып, оның формасының
сондай сопақ екенін байқайды).
2.2. Мүсіндеу тәсілдерін көрсету.
– Балалар, мен ермексаздың тұтас бір
бөлігін алақаныма салып, жылытамын ...
Ермексаз тез жұмсарсын десек, оқу қызметінің алдында терезеге,
күннің көзіне қойып қою керек.
– Енді, балалар, ермексаз жұмсарды. Осы бөлікті бір алақаныма
саламын, екінші алақаныммен жауып, ары-бері үйкелеймін.
– Міне, сәбізім дайын. Көжек қуанып қалатын болды!
– Бірақ бір сәбізге тоймайды, сондықтан барлығымыз
жасайық.
2.3. Ауада мүсіндеу жаттығуы.
Мақсаты. Мүсіндеу тәсілдерін ауада жасап көрсету.
Педагог:
– Кәнекей, балалар, барлығымыз алақандарымызды жайып,
саусақтарымызды созып көрсетейікші. Үйкелейміз.
Жарайсыңдар!
Мүсіндеу тәсілдерін көрсеткен кезде алақан жерге қырымен
келуі керек, үйкелеуді алақанның бірінші, содан соң екінші жағымен
көрсетеді. Үйкелеу кезінде саусақтар тік, созылыңқы позицияда
болулары тиіс.
2.4. Сергіту сәті. "Қоян" (балалар қимылдарды
педагогпен бірге қайталайды және көрсетеді).
2.5. Өздігінен мүсіндеу.
Кейбір балалардың мүсіндеу жолдарын бақылау, нұсқау беру.
– Ермексаздың бөлігін екі алақан арасына саламыз, саусақтарды
созып, көрсетейік. Үйкелейміз. Жарайсың!
Егер, балалар айтқанды түсінбей жатса, педагог өзінің
ермексазымен көрсетеді немесе жаттығуды қайталатады. Мүсіндеу
аяқталғанда әрбір балаға мата сүлгілерді ұсыну қажет.
2.6. Дина Ахметова «Көжек» тақпағын мәнерлеп
оқу.
– Көжек, көжек, көжегім, Ішесің бе көжені?
– Жоқ, мен көже ішпеймін,
Сәбізді тықырлатып жеймін.
Сәбіз қатты, бірақ тәтті.
Қимыл-қозғалыстармен көрсетуге болады.
2.7. Кейіпкермен қоштасу.
– Балалар, сәбіздерің тәтті екен. Көжек сендерге көп сәбіз жасап
бергендерің үшін алғыс айтады. Сендердің еңбекқорлықтарың қатты
ұнапты. Үйіне кеткісі келеді екен. Қоянмен қоштасайық! Сау
болыңдар!
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Жасалған мүсін үшін мақтау және оқу қызметін
пысықтау.
– Балалар, қоянға не жасап бердік? Сәбіз.
– Қанша сәбіз жасадық? Көп.
– Оқу қызметі ұнады ма? Иә.
– Қандай тамаша сәбіздерді мүсіндеп шықтыңдар! Жарайсыңдар,
балалар! Сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үлкен кіші сәбіздер

шағым қалдыра аласыз