Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкен кіші сандарды ықшамдау

Материал туралы қысқаша түсінік
үлкен кіші сандарды ықшамдау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлімі:


Педагогтің аты-жөні:

Паткуллаева Ж.М

Күні:

20.09.24

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

БЖБ №1

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу .

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.3 үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M);

7.1.3.1 дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазады.

Көптеген оқуышылар істей алады:. Өлшемдердің метрлік жүйесімен танысады. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуды үйренеді

Кейбір оқушылар істей алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.


Бағалау критерийлері


Өлшеу дәлдігін есептейді, өлшеулердің тәсілдерін қолданады

Үлкен және кіші сандарды стандарт түрде жазады

Сандарды стандарт түрде жаза отырып, есептер шығарады

Стандарт түрде жазу арқылы амалдар қолданып, есептер шығарады

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» идеясының «Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім » құндылығы, жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша инновациялық дамуға үлестерін қосуға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


3 мин.








«Кім жылдам» әдісі


3мин

















5мин

«Миға шабуыл»

әдісі


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақыла


Үй тапсырмасын тексеру:

«Кім жылдам» әдісін қолданып, үй жұмысын пысықтау.

ХБЖ қайталау ретінде есептер беріледі. 60 м - ? см

200 см - ? м

400 мм - ? м

5 км - ? м

1 сағ - ? мин

1 тәул - ? сағ

240 с - ? мин

12 сағ - ? мин

Мадақтау, қол шапалақтау


Жаңа сабақ кесте арқылы түсіндіріледі.

Аспатық қателік

Аспаптық қателік аспап шкаласындағы бөлік құнының жартысына тең:

аспаптық қателік = бөлік құны / 2

Өлшеу нәтижесі А=a±h

(a-ha ) < A < ( a+ha)

Формулаларда өлшеу нәтижесін жазу үлгілері көрсетілген:

А – өлшеу нәтижесі;

а – аспаптың көрсетуі бойынша өлшеген шаманың мәні;

ha – өлшеудің аспаптық жаңылысы (қателігі)

Сандарды ықшамдап жазу (стандартты жазу)

Үлкен және кіші сандарды екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазу сандарды ықшамдап жазу немесе стандартты жазу деп аталады. Сандарды ықшамдап жазуда екі көбейткіштің біреуі міндетті түрде дәрежесі көрсетілген 10 саны, яғни 10n болуы керек; ал екінші бір таңбалы натурал сан немесе үтірі бар екі таңбалы бөлшек сан болуға тиіс.

Сандарды ықшамдап жазу (стандартты жазу) үлгісі

Мысалы:

Х1 = 200 000 санының ықшам түрі

Х1 =2·105 ;

Х2 = 0, 000 002 санының ықшам түрі

Х2 =2·10-6 ;

Х3 = 150 000 санының ықшам түрі

Х3 =1,5·105 ;

Х4 = 0,000 015 санының ықшам түрі

Х4 =15·10-6 .

Ықшам жазылған сандарды көбейту

Ықшам түрде берілген х=a·10n ; y=b·10m

Шамалардың мәндерін көбейту мына формула бойынша орындалады:

x ·y=a·b·10n+m .

мысалы: x=4,5·105 және у=2,0·103 болсын, онда x ·y=4,5·105 ·2,0·103=4,5 ·2,0 ·105+3 = 9 ·108

Ықшам жазылған сандарды бөлу

Ықшам сандарды бөлу мына формула бойынша табылады: x : y = a : b·10n-m .

мысалы: x=5,0·106 және у=2,5·102 болсын, онда x : y = 5,0·106 : 2,5·102 = 5,0 : 2,5 ·106-2 = 2 ·10-4 .



Оқушылар үй жұмысын қайталау сұрақтарына жауап береді





Оқушылар жаңа сабақты кестені дәптерге жазып алады











Дескриптор Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-сінде жаза алады


Жалпы балл -2




























































Бағалау парақшасы





Смайликтер арқылы бағалау







Дәптер

Сабақтың ортасы.


5 мин.


«Ойлану уақыты» әдісі




8 мин.

«Миға шабуыл» әдісі












12 мин.

«Сәйкестікті тап» әдісі












«Кім есептей біледі»

әдісі


Білу. «Ойлану уақыты» әдісі бойынша топтық жұмыс. Оқулықтың 212-ші бетіндегі практикалық тапсырманың 1-шісін топ болып орындайды.






Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы үшін:.оқулықтағы 1.2-ші жаттығудың есептерін шығару.









Жинақтау. «Сәйкестікті тап» әдісі

1. Өлшеу дәлдігі

А. өлшем нәтижесінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуы

2. Жанама тәсіл

Б. Физикалық шаманың мәні тікелей құралдың көмегімен анықталады

3. Өлшеу қателігі

В. Көлемді дененің ұзындығы, ені және биіктігін өлшеу арқылы табады

4. Тура тәсіл

Д. аспаптың сезгіштігіне және өлшеу жүргізетін адамның дағдысына тәуелді


Жауабы: 1 – д, 2 – в, 3 – а, 4 – б.


Бағалау. «Кім есептей біледі» әдісі бойынша ата-анаңыздың жалақысын стандарт жазуға келтіру.

Мысалы: Жанарыстың әкесі айына 300000 теңге жалақы алады.

Х = 300 000 санының ықшам түрі

Х =3·105 ;


Оқушылар практикалық жұмысты орындайды







Оқушылар жаттығуды шығарады








Оқушылар сабақтағы алған білімдерін жинақтау әдісінде қолданып, сәйкестікті анықтайды








Стандарт түрде жазады

Дескриптор.

-Сызғыштың ең үлкен аспаптық қателігін анықтайды.

Жалпы бал -2




Дескриптор

Есеп шығару кезінде үлкен және кіші сандарды стандарт түрде жазу арқылы амалдар қолданып, есептер шығарады.

Жалпы балл-2



Дескриптор: Өлшеу дәлдігі мен қателігін, тура және жанама тәсілдерді ажыратады.

Жалпы балл-3






Дескриптор: Оқушылар күнделікті өмірдеде кездесетін сандарды стандарт түрде жазады.

Жалпы балл-1











































ДК экраны

Сабақтың соңы.


«Бутерброды» кері байланыс


6-мин


Бағалау


Үй тапсырмасы

Қорытынды


Кері байланыс «Бутерброды» арқылы оқушы сабақ бойынша алдымен жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіреді.




Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау












Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Үй жұмысында

Дескриптор арқылы

Смайлик арқылы

«Шапалақтау» мадақтау


Жаңа сабақта

қалыптастырушы бағалау

дескриптор арқылы

топтық бағалау


Сабақ соңында

«Өзін-өзі бағалау» парақшасы

«Кері байланыс Бутерброды» арқылы кері байланыс алынды.


Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігін анықтауды,

үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуы бойынша

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2024
193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12