жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үлкен ми сыңарлары
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: 06.11.2017ж Сынып: 8 «А,Ә» |
Мектеп: «Н. Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Г. Мырзалиева Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру. |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Үлкен ми сыңарларында қандай аймақтар бар екенін біледі. Көптеген оқушылар: Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасын жеке талдай алады, күнделікті өмірмен ұштастырады. Кейбір оқушылар: Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады. Басқа оқушыларға үйретіп қолдау жасайды |
|||||
|
Жетістік критерийлері |
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасын жеке талдай алады, күнделікті өмірмен ұштастырады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Үлкен ми сыңарлары қыртысы. Иірімдер. Жүлгелер. Маңдай, төбе, самай, шүйде бөліктері, Көру, есту, иіс сезу, қимыл – қозғалыс, тері – бұлшықет аймақтары….. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:. Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасын жеке талдай алады, күнделікті өмірмен ұштастырады. |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасын жеке талдай алады, күнделікті өмірмен ұштастырады |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Экология, математика |
|||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы туралы бейнеролик көрсету, интернеттен мәлімет алу. |
|||||
|
Бастапқы білім |
Ми діңінің құрылысы. Мишық жайлы жалпы сипаттама бере алады. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (2 мин) Топтарға бөлу Тірек сөздер бойынша топқа бөліну Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әрбір қиындыларда сөздер болу керек. Оқушылар сол сөздер бойынша топқа бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру. (3 мин) «Жіптік құбыр» тренингі Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны 2-ге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжиды.
«Өрмекші торын құру» әдісі. Тақтаға 5-6 оқушы шығады. Төмендегі тақырыптар бойынша үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру. Ең көп сұраққа жауап берген оқушыларды анықтау (10 мин) 1. Мидың құрылысы 2. Ми бөлімдері 3. Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер 4. Мидың бағаналы бөлімі Әрбір дұрыс сұраққа 1 ұпай |
Үй тапсырмасы бойынша өздерін тексеріп шығады |
||||
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақ (7 мин) Жаңа тақырып «Миға шабуыл» Үлкен ми сыңарларының дегеніміз не? Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысы қандай ? Оған сипаттама беріп көрейік! Үлкен ми сыңарларында қандай аймақтар бар? Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы туралы электронды оқулық арқылы мағлұмат алады. Жаңа сабақты түсіндіру Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының калыңдығы шамамен 2-3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және козғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бірімен-бірі байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі деп есептелінеді. Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды. Үлкен ми сыңарларының аймақтарыҮлкен ми сыңарларының қатпарлары ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу - қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы козу өтеді. Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық қатпарда - тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б.) ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысты. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігерді невропатолог (невролог) дейді. Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Оның алдыңғы екеуі үлкен ми сыңарларынан, қалған 10 жұбы мидың басқа бөлімдерінің сұр затынан басталады. Ол жүйкелер - иіс сезу, көру, есту, көзді қозғалту және т. б. деп аталады. Қазіргі кезде медициналық зерттеу жұмыстарында мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі қолданылады. Мидың жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып алуды электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. Оны электроэнцефалограф аспабы арқылы жазып алады. Электроэнцефалограмма жүйке жасушаларының белсенділігін және аурудың болу себептерін анықтауға көмектеседі. Жүйке жүйесінің гигиенасыАдамның барлық іс-әрекеті жүйке жүйесіне байланысты болғандықтан, оның гигиенасын сақтауға бәріміз міндеттіміз. Жұмыс кезінде ағзаның қажуы алдымен мидың қажуынан басталады. Аурудың қандай түрі болмасын жүйке жүйесінің қажуынан болады. Адам ауырмай әрқашан сау жүру үшін жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау керек. Ой еңбегі - тікелей үлкен ми сыңарлары қыртысындағы жасушалардың жұмысымен байланысты. Ұзақ еңбектену - тез шаршатады. Шаршамас үшін: ой еңбегінен кейін жаттығулар жасап, таза ауада жүріп қайту; арасында дене еңбегімен шұғылдану да артық емес. Окушылардың негізгі ой еңбегі - оқу. Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін мына ережелерді орындау керек:
Темекі (никотин) мен ішімдіктің (алкоголь) жүйке жүйесіне әсеріНикотин мен ішімдік - наркотикалық заттар екені баршамызға мәлім. Бұлар «у» болғандықтан, миға зиянды әсер етеді. Олар үлкен ми сыңарлары қыртысындағы жасушалардың жұмысын бұзады. Ағза мұндай заттарды тез қабылдайды. Никотин мидың қозуын күшейтеді. Қозу күшейсе, ми тез шаршайды. Бүкіл ағзаны басқарып тұрған мидың шаршауы өте зиянды. Темекі шеккен адамның ұйқысы қашады, басы ауырады, ашуланшақ болады 2- тапсырма: Топпен жұмыс жасаймыз (10 мин) «Жигсо»әдісі бойынша тапсырманы топқа бөліп беру 1-топ: Үлкен ми сыңарларының құрылысы 2-топ: Үлкен ми сыңарларының қызметі 3-топ: Жүйке жүйесінің гигиенасы 4-топ: Спиртті ішімдіктің жүйке жүйесіне әсері 1.Түйінді идея – 5 ұпай 2.Тақырыптың ашылуы – 5 ұпай 3. Тақырыпқа мысал келтіру - 5 ұпай 12-13 ұпайдан жоғары «5» баға 8-11 ұпай «4» баға 4-7 ұпай «3» баға 3- тен кіші ұпай «2» баға 3 - тапсырма: (5 мин) Зымыран сұрақтар: 1.Орталық жүйке жүйесіне жатады? Жұлын 2. Ми сыңарының бір бөлігі? Шүйде 3. Маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан орталық ? Мойын 4. Шүйде бөлігінде орналасқан аймақ? Көру 5. Ми сыңарларының бір бөлігінің атауы? Төбе 6. Ми сыңарларының жеке бөліктерге бөліп тұрады? Жүлгелер 7. Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекс ? Түшкіру 8. Жүйке жасушасын не деп атайды? Нейрон 9. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер? Нервопатолог 10. Жүйке жүйкесінің қаңқа бұлшық еттерінің жұмысын реттейтін бөлігі? Сомалы 11. Жүйке жүйесіне кері әсер ететін улы зат? Ішімдік
|
Оқушылар өз ойларын айтады
Электронды оқулық, оқулық, тақта, бор, плакат
Кластың негізгі ерекшеліктерін кластер арқылы түсіндіреді Тапсырмаларды орындайды
Плакт, маркерлер, оқулық
|
||||
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы «INSERT» әдісі (1 мин) 1. Бүгін сабақта ми туралы қандай жаңа ақпараттар білдіңіз? 2. Бүгінгі сабақта сіз үшін ең пайдалы болғаны не? 3. Қандай ақпарат сіз үшін күтпеген болды? Оқушыларды критерийлер арқылы бағалау (2 мин) |
Бағаларын күнделіктеріне қойғызып, үй тапсырмасын алады |
||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||
|
А. Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады. Басқа оқушыларға үйретіп қолдау жасайды В. Үлкен ми сыңарларында қандай аймақтар бар екенін біледі. С. Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасын жеке талдай алады, күнделікті өмірмен ұштастырады. |
|
Денсаулықты сақтау мақсатында әрбір адам табиғатты көз қарашығындай етіп сақтауға кеңес беру. |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардың барлығыОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдерісақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
|
||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?
|
||||||
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген