Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тәрбиеші:Муканова Д.Д.Күні: 14.02.2019ж.Білім беру саласы: Таным ЖаратылыстануӨтпелі тақырып: «Мамандықтардың бәрі керек»Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегін бағалау»Мақсаты: Тәрбиелік: Табиғаттың әдемілігін сезініп, оны аялай білуге, қорғауға, қайырымдылыққа тәрбиелеу Оқыту: Үлкендердің еңбегі туралы түсіндіруДамытушылық : Әсем табиғат аясында көктем мезгілінің ерекшеліктерін еске түісіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беруӘдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелесу, ойынРесурстармен қамтамасыз ету: балабақша ауласын тазалауға арналған құрал- жабдықтар, ауланы тазалап жүрген адамның суретіСөздік жұмыс: көктем, қамқорлық, қоқыс.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар, айналаға қарап, табиғаттың сұлулығын сезінейік. Көзімізді жұмып, терең тыныс алайық.2.Негізгі бөлім. Әңгіме жүргізу.-Балалар, қыс мезгілінен соң қай мезгіл? -Көктем мезгілі.-Көктемде неше ай бар? - Үш ай бар.-Кәне, барлығымыз атап айтайықшы? -Наурыз, Сәуір, Мамыр. Суретпен жұмыс.-Балалар, суретте Асана ағамыз қандай жұмыс жүргізіп жатыр?-Иә, балалар, ауланы тазартып жатыр. Көктем мезгілінде адамдар айналаның бәрін тазартады.-Біз балабақшаның ауласына не отырғыздық?-Ағаштар, гүлдер отырғыздық.Көктемнің басында осындай жұмыстар жүргізіледі. Ағаштар мен гүлдер әдемі болып өсу үшін қандай қамқорлық көрсете аламыз?-Иә, балалар, ағаштардың, гүлдердің түбін қопсытып, суарып, арам шөптерін жұлып отырамыз. Айналамызды таза ұстау- біздің басты міндетіміз, себебі айнала таза болса, біз демалатын ауа да таза болады. Ағаштар көп болса, ауа таза болады.3. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық,Алақанды ұрайық.Бір отырып, бір тұрып,Біз тынығып алайық-Ауладағы шашылып жатқан қоқыстарды қайда саламыз?Сендердің үйлерінде ана- әкелерінің бақшада қандай жұмыстар жүргізеді?-Балалар олардың бізге қандай пайдасы бар?-Ағаштардың, гүлдердің түбін қопсытып, суғарып, арам шөптерін жұлып отырамыз.Ауладағы гүлдерді, жұлуға болмайды. Өйткені үлкен кісілердің еңбегін бағалай білуіміз керек.-Ол табиғатқа әдемі көрік, сән береді.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.Шарты: жерде жатқан қоқыстарды қайда тастау керектігін бағдаршамен сызып көрсету.Қорытынды: Балалар, көктемнің басында қандай жұмыстар жүргізіледі? -Ауладағы шашылып жатқан қоқыстарды қайда саламыз?Балаларды берген жауаптары үшін мақтау.