|
Сабақ: Үлкендердің
сарқыты
|
Мектеп: Бейнеу ауданы «Күйкен орта
мектебі» КММ
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты -
жөні:
Абдыкулова Газиза
Орынбаевна
|
|
СЫНЫП: 6
|
Қатысқандар:
18
|
Қатыспағандар:
0
|
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
ТА 6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі
(жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені
талдау.
ӘТН 6.4.4.3 үстеудің мағыналық
түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп
қолдану.
|
|
Сабақ
мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай
алады: әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты көтерілген мәселені
талдайды.
Оқушылардың көпшілігі
орындай алады: әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі
көтерілген мәселені талдайды, үстеудің мағыналық түрлерін ажырата
алады.
Кейбір оқушылар орындай
алады: әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі
көтерілген мәселені талдайды, үстеудің синонимдік қатарларын
түрлендіріп қолдана алады.
|
|
Бағалау
критерийі
|
1. Әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты көтерілген мәселені
талдайды.
2. Әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі
көтерілген мәселені анықтайды,талдайды.
3. Үстеудің мағыналық түрлерін
ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана
алады.
|
|
Тілдік
мақсат
|
Оқушылар орындай
алады: әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі
(жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдайды,үстеудің
мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп
қолдана алады.
Пәнге қатысты сөздік қор
мен терминдер: сарқыт, ақсақал, ырым,
бата
Диалог құруға арналған
тіркестер: атадан атаға, ұрпақтан
ұрпаққа, баба жолы
Талқылауға арналған
сұрақтар:
1.Ақсақалдың батырға ықылас
білдіруінің себебі неде?
2.Сарқыт қандай жағдайларда
беріледі?
3. Батыр Бауыржан
Момышұлының ұстанымы туралы не айтасың?
|
|
Құндылықтарға
баулу
|
«Мәңгілік ел» идеясы
негізінде оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптарын дәріптеуге, дамытуға
баулу.
|
|
Алдыңғы
оқу
|
Сәлем беру
салтымыз
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Әдебиет, өзін- өзі
тану
|
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығу
түрлері
|
Ресурстар
|
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу.
«Өзіңе тілегенді өзгеге де тіле».
Үй тапсырмасы бойынша
сұрақтар. «Ашық сұрақ» әдісі.
1. «Сәлем» сөзінде қандай сыр
бар?
2. Сәлем берудің қандай
түрлері бар?
3. Сәлемі түзу екен дегенді
қалай түсінесіз?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын
таныстыру. Қызығушылықты ояту
«Сарқыт» дегенде нені
ойладыңыз? «Үлкендердің сарқыты» дегенде көз алдарыңа не
елестейді?
Мен кешегі тойдан сіздерге
тәттілер алып келген болатынмын (үш түрлі қағаздағы тәттілерді
тарату, топқа бөлу) .
І. «Сарқыт»
тобы
ІІ. «Ырым»
тобы
ІІІ. «Бата»
тобы
|
Мәтінмен жұмыстың тиімді
тәсілдері Астана 2016

|
|
Ортасы
10
минут
10
минут
|
1-тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс»
әдісі.
«Сарқыт»
мәтінін түсініп оқып, негізгі
мәселені анықтаңдар. Үш топқа мәтінді абзацтар бойынша бөліп беру.
Берілген тапсырма бойынша оқушылар негізгі мәселені анықтап,
ойланып, әр қайсысы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп,
өздерінің ең үздік деген сұрақтарын талдайды. Оқушылар өздерінің
жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен
бөліседі.
Дескриптор
1. Мәтінді түсініп
оқиды.
2. Әр оқушы жеке жауап жаза
алады.
3. Үздік сұрақтарды
талдайды.
4. Жаңа жақсартылған
жауаптармен сыныппен бөліседі.
Қ.Б: ауызша
(жарайсың, алға, талпын, таң қаларлық, ойыңды жүйелі
жеткіз)
|
Қазақ
тілі
6-сынып Астана «Арман-ПВ»
баспасы, 2018 Мәтінмен жұмыстың тиімді
тәсілдері Астана 2016
|
|
2-тапсырма
1-топ. Мәтіндегі мезгіл және
мекен мәнді үстеу сөздерді теріп жазыңдар.
2-топ. «Ата -бабаның жолы»
дегенді қалай түсінесіңдер? Пікір
білдіріңдер.
3-топ. Көгентүп, байғазы
дәстүрлері туралы мәлімет тауып, диалог
құрастырыңдар.
Дескриптор
1. Мәтіннен мезгіл, мекен
мәнді үстеу сөздерді таба алады.
2. Өз пікірін нақты
білдіреді.
3. Диалог
құрастырады.
Қ.Б: ауызша (тамаша, талаптан,
күннен-күнге сенде бәрі жақсарып келеді, таң
қаларлық)
|
|
|
3
минут
|
Сергіту сәті. Сөзжұмбақ.
«Сарқыт»
1. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен
жасалатын ғұрып? (Тұсаукесер)
2. Ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күндерде шашылады, ол
қалай аталады? (Шашу)
3. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай аталады?
(Айдар)
4. Айт күні айттық деп сұраған айттаушы адамдарға берілетін
сыйлық, кәде? (Айттық)
5. Қуаныш кезінде үлестірілетін кәде?
(Жыртыс)
6. Үлкендердің жақсы
тілек тілеп, адал ниетті білдіруі қалай аталады? (Бата
беру)
|
Миды шынықтыруға
арналған сұрақтар
|
|
7
минут
|
3-тапсырма. Үлкендерден, қонақтардан сарқыт алуды ары қарай жалғастыру
керек пе? Сарқыт маңызды ма? Өз ойларын «Маңыздылық аймағы»
әдісімен дәлелдеп жеткізеді.
Оқушылар мәтінмен танысып
болған соң, оның ішіндегі негізі идеяларды бөліп алып, шеңбердің
ішіне маңыздылық жағынан орналастыруы керек. Маңыздылығы жоғары
идея ортаңғы шеңбердің ішіне жазылады, шындыққа жанаспаса,
маңыздылығы төмен болса, сыртқы шеңберлерге
жазылады.
Дескриптор
1. Ақпаратты маңыздылығына
қарай жіктей алады.
2. Өз ойларын дәлелдей
алады.
Қ.Б: ауызша (
жарайсың, өте жақсы, жауабыңды толықтыр, талаптан, таң
қаларлық)
|
Мәтінмен жұмыстың тиімді
тәсілдері Астана 2016
|
|
Соңы
5
минут
|
Рефлексия. «Шығу парағын» пайдаланып,
төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер.
1. Бүгін не
үйрендің?
2. Тақырып бойынша қандай
сұрақтарың бар?
3. Келесі сабақта қандай
мәселелерге баса назар аудару керек?
Үйге
тапсырма. Іздену жұмыстары (Дереккөздерден
салт-дәстүр
түрлерін
іздеу)
|
«Шығу парағын» толтырады
|
|
Қосымша
ақпарат
|
|
Саралау
Саралап оқытуды
ұйымдастыруда оқушылардың оқу және танымдық деңгейлерінің
әртүрлілігін, оқушылардың қажеттіліктерін есепке ала отырып,
тапсырмалар беремін. Қалыптастыру үшін бағалауға негіздей отырып,
АВС тапсырмаларын дайындап беремін. Жеке қабілетін ескере отырып
кері байланыспен қолдау көрсетемін. Оқу үдерісінде
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыста оқушының сенімі
мен оқуға деген уәжі артады.
|
Бағалау
Сабақ барысында қалыптастырушы
бағалау жүргізіледі. «Ашық сұрақ» әдісін қолдану
барысында өткен тақырып пен жаңа тақырып арасында байланыс орнап,
оқушылар берілген сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруге машықтанады.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша оқушылар мәтінде айтылатын
негізгі ойды анықтап, ой қорытады. «Маңыздылық аймағы» әдісі бойынша мәтінге жан-жақты талдау
жасай алады.
Кері байланыс ауызша
беріледі.
Бүгінгі сабақтан алған әсері бойынша «Шығу парағын» жазып,
рефлексия жасайды.
|
Пəнаралық байланыс: Сабақты
әдебиет пәнімен байланыстырамын. Әр баланың өз отбасындағы орнын
танып, жауапкершіліктерін сезіну мақсатында өзін-өзі тану пәнімен
байланыстырамын.
Денсаулық жəне қауіпсіздік
ережелері сақталады.
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтар мен
байланыс: сабағымды «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен
ұштастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптарын дәріптеуге, дамытуға
баулыдым.
|
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу
міндеттері орындалды ма?
Бүгін
оқушылар
не
үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай
деңгейде өтті?
Жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
(тапсырмалар сәйкес болды
ма?)
Уақытты қалай
пайдаландым?
Жоспарыма
қандай
түзетулер
енгіздім
жəне
неліктен?
|
Оқу мақсатына сәйкес сабақ
мақсаты анықталды. Сабақта оқушылар «Үлкендердің сарқыты» тақырыбы
бойынша сарқыт ұғымы туралы түсінік алды. Диалог, монологта
көтерілген мәселені талдады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасты. Оқу
мақсатына сай әдіс-тәсілдерді саралап қолдандым. Оқушыға ойлануға
уақыт бере отырып, сараланған тапсырмаларды орындауда уақытты
тиімді пайдаландым. Өз жоспарыма ешқандай өзгертулер
енгізбедім.
|
|
Қорытынды
бағалау
Қандай екі нəрсе табысты болды
(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Ойлан-жұптас -бөліс» әдісі
бойынша оқушылар мәтінде айтылатын негізгі ойды анықтап, ой қорытып
айта алуы.
2:
«Маңыздылық аймағы» әдісі бойынша мәтінге талдау
жасау.
Қандай екі нəрсе немесе
тапсырма сабақтың жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқытуды да,
оқуды да ескеріңіз)?
1: тақырып негізінде
пікірталас ұйымдастыру
Осы сабақтың барысында барлық
сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы
мүмкін қандай ақпарат білдім.
-
Жұптық, топтық жұмыстарды
жүргізу
|