Үлкендердің сарқыты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкендердің сарқыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 6 сыныпқа арналған. Қажет еткен мұғалімдер қолдана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Мектеп: Ұзын ата ЖББМ

Күні: 28.02.2024 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Шынтемирова З

Сынып: 6 б,в,г

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үлкендердің сарқыты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;

6.4.4.3. үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: орфографиялық және пунктуациялық емле-ережелерді білу, үстеудің мағыналық түрлерін ажырату;

Көптеген оқушылар: мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтау, түзету, үстеудің мағыналық түрлерін ажырату;

Кейбір оқушылар: мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау, үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдетеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

Жағымды ахуал қалыптастыру.

Сыныпта эмоционалды-позитивті көңіл-күй қалыптастыру мақсатында  «Теңіз түбіне саяхат» жасаймыз. Қиялымызға ерік береміз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Теңіз толқындарына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті , сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар,   Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

І.ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ.

Қызығушылықты ояту.

«Сарқыт» дегенде нені ойладыңыз? «Үлкендердің сарқыты» дегенде көз алдарыңа не елестейді?

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.

«Сарқыт» мәтінін түсініп оқып, негізгі мәселені анықтаңдар. Үш топқа мәтінді абзацтар бойынша бөліп беру. Берілген тапсырма бойынша оқушылар негізгі мәселені анықтап, ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады. Ойларын жұбымен бөліседі, ең үздік деген жауаптарын топпен бөліседі.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

1. Мәтінді түсініп оқиды.

2. Әр оқушы жеке жауап жаза алады.

3. Үздік сұрақтарды талдайды.

4. Жаңа жақсартылған жауаптармен сыныппен бөліседі.

 Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.















«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы

«Сарқыт» мәтінін түсініп оқып, негізгі мәселені анықтаңдар. Үш топқа мәтінді абзацтар бойынша бөліп беру





Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.




ҚБ















ҚБ



ҚБ



Сабақтың ортасы
















30 минут

Мағынаны тану

ІІ. ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз.

Дескриптор:

  • мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтайды,

  • түзетеді;

  • ережелерге сүйеніп, дәптерге түзетіп жазады;

ҚБ

ІІІ.ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН. Деңгейлік тапсырмалар.

Дескриптор:

  • Оқылым мәтініндегі мезгіл және мекен мәнді сөздерді теріп жазып, үстеулерді ажыратыңдар;

  • «Ата-бабаның жолы» тіркесінің мағынасын ашады;

  • «Көгентүп», «Байғазы» дәстүрлері туралы мәлімет ізденеді;

  • Дәстүрлерге байланысты диалог құрастырады.

ҚБ






Оқушылар тақырыпқа байланысты ой тұжырымдарын жинақтайды;

150 сөз көлемінде эссе жазады








Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.










ҚБ






ҚБ




Сабақтың соңы

5 минут







Үй тапсырмасы:

5-тапсырма




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2024
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі