400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үлкенге -ізет,кішіге құрмет" "Интернетсіз бір кұнім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтар әр мұғалімдерге тәжірибе алмасу,әдіс-тәсілдермен алмасу үшін аса қажет.Осындай сабақтар арқылы мұғалім өзінің жұмысындағы шығармашылығын дамытуға және қорытынды жасауға көмектеседі.Осындағы қолданылған әдіс -тәсілдер жаңартылған бағдарламаға сай жасалған. Сол себепті осы әдіс-тәсілдермен өзге әріптестеріммен бөлісу мақсатында жариялаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сабағының жоспары

Өткізілетін күні_

Тақырыбы: «Үлкенге-ізет, Кішіге-құрмет!» «Интернетсіз бір күнім»

Тәрбие бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие

Сынып жетекші:Елеуова А.С.

Сынып: 3 «Д»

Сабақтың мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру

Міндеттері:

1. - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

2. сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 

3. үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Материал ресурсы:

(Көрнекілігі)




Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Позитивті бейімдеу. Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Дәйек сөз: (цитата). Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.

Мәтінмен жұмыс: Үш дос М.Төрежанов

Әңгiмелеу (сұхбат): Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болады.

Мәтін оқу: Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, 
отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз. «Интернетсіз бір күнім»-суреттер салу

Топпен ән айту: «Не деу керек?»-әні

Қорытындылау: Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды, 
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме, 
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі