400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкенге ізет

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ тілі мен әдебиетіпәні мұғалімдеріне көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ:Үлкенге ізет

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын,тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:


Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын меңгере алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:


Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын,тақырыбын ажырата алады.


Кейбір оқушылар орындай алады:


Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын,тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра алады.


Критерий

Мәтіннен ауызекі стильдің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра алады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:


Мәтіннен ауызекі стильдегі тілдік құралдарын салыстыра алады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:


Үстел, пеш, мүсәпір, дастархан, тостақ.


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет. Әдептілік. Амандасу. Ізеттілік.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілдің айырмашылығын қалай түсіне аласыңдар?


Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?


Не себепті... деп ойлайсыз?Не себепті үлкенге ізет көрсету керек деп ойлайсыңдар?


Алдыңғы оқу:

Әдептілікке байланысты мақал-мәтелдерді біледі


Жоспар




Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Басы


1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сәлемдесу

3.Психологиялық дайындық.

«Тыныштық сәті»

Жайлап, жақсылап отырыңдар. Арқаларыңызды түзу ұстаңдар. Аяқ, қолдарыңды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңді бос ұстап, көзімізді жұмамыз.

Сендердің жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен өздеріңді қоршаған адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар
.

3.Топқа бөлу.Түрлі –түсті қағаздарға байланысты

1-топ қызыл түс

2 –топ жасыл түс

3-топ сары түс

4.Үй тапсырмасы

«Жалғасын тап» әдісі арқылы мақал-мәтелдерді жалғастыру

Түрлі-түсті қағаздар

АКТ




Ортасы



«Ағаш тостақ »

Бір қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей,құлақтары жақсы естімей,аяғынан жүре алмапты. Дастарханда отырғанда қолы қалтырап,қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп,аузынан ағызыпты.Ұлы мен келіні оның бұл жағдайына ызалары келіп,қатты ұрысып, жүрегін жаралапты.

Соңғы кезде дастархан басына шақырмай,пештің артындағы бір жерге отырғызыпты. Сол жерде отырып,сол жерде тамағын жепті. Қолына бір ағаш тостақ ұстатыпты.

Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты. Жанары сөне бастаған сулы көздерімен дастарханға мұңая қарайтын болыпты.

Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап,тостағын жерге түсіріп,сындырып алыпты. Келіні ауыр сөздер айтып айғайлайды.

Ертеңінде атайдың ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады. Мүсәпір адам енді тамақты сол тостақтан жейтін болады.

Бір күні осы үйдің төрт жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді. Әкесі ұлына:

-Ол ағаштардан не істемекшісің? – деп сұрайды.

-Ағаштан тостақ жасаймын,әке... Қартайғанда сіз де осы тостақтан тамақ жейтін боласыз, - дейді ұлы.

Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешесінің көздеріне жас толып,жасаған істеріне қатты ұялады. Атасын қайтадан дастархан басына отырғызады. Содан кейін тамақ үстінде, дастарханға төксе де,оған сөйлемейтін болыпты.

1-тапсырма «Эмоция кестесі»

эмоция




Негізгі оқиғалар


2-тапсырма

«Диалог құру» пайдалы тіркестерді қолдана отырып, өз ойларыңды тұжырымда.

3-тапсырма

Мәтінен жаңа сөздерді,кірме сөздерді тауып, фонетикалық талдау жұмысын жүргізіңдер.



Қазақ тілі оқулығы,АКТ,

Стикер,постер,маркер,флипчарт


Соңы


Кері байланыс

«Бәрі менің қолымда»



Дескриптор:

- Мәтіннен ауызекі стильдің мазмұнын, тақрыбын және тілдік құралдарын салыстырады.

- Пайдалы тіркестерді пайдалана отырып, диалог құрады.


Үй тапсырмасы:

«Өзгеге жасаған ізетің-өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы) эссе жазу


Кері байланс парақшасы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі