15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үлкенге құрмет , кішіге ізет
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Қатынас, тіл дамыту
Тақырыбы: Қайырымды, мейірімді кейіпкерлер.
Мақсаты:.
Тәрбиелік: Балаларды қайырымдылыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ертегілер туралы білімдерін бекіту, жақсы істер жасауға үйрету, тілдерін дамыту
Оқыту: Балаларға өз ойларын жеткізуге жаттықтыру
Педагогикалық технологиялар:ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету,
Сөздік жұмыс: Мейірім, ертегі
Билингвальді компонент: Мейірім-доброта, ертегілер-сказки.
1.Ұйымдастырушылық -ізденіс
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қысқы өзгерістер?
-Қыс туралы жанылтпаш жаттау.
-Бұл қар, сүр қар,
Сүр қар, кір қар.
-Тақпақ қайталау.
- Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
- Бірнеше күннен кейін қандай
жыл мезгілі келеді?
-Көктемде қар ериді, күн жылынады, құстар жылы жақтан бізге келеді, андар, жәндіктер
оянады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Жанылтпаш, тақпақ қайталайды.
-Көктем.
2.Негізгі бөлім
Қазір біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Қарандаршы екі жол, біреуі ұзын, біреуі қысқа.
Ал біз ұзын жолмен барамыз
мүмкін Қызыл телпекті көреміз.
Қызыл телпек алдымыздан шығады.
-Сәлеметсіз бе балалар!
-Мені таныдыңдар ма?
-Біз қасқырмен доспыз.
Тәрбиеші:
- Қызыл телпек бізбен бірге барасың ба?
-Қараңдаршы нелер тұрады осы үйде?
-Аюлар қазір қайда?
-Қашан оянады?
-Ал қалай таныдыңдар?
-Неше ыдыс тұр?
-Үлкен, орташа, кішкентай үш ыдыс.
-Ал Маша қайда?
- Аюлар атасына жіберді.
Тақпақ:
-Аюдың мекенінде,
Құлпынай жок екен.
Жазда тағы келеміз,
Теріп оны кетеміз.
-Балалар әрі қарай барайық.
-Балалар үй жануарларын атаймыз?
-Жабайы андар?
-Ен күшті?
-Өйткені өзінен үлкен заттарды көтереді.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Допты алып қолына,
Допты қойды жолына.
Онға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
-Балалар бұл үйде не тұрады?
Дұрыс қоян.
-Ал қоян қандай ертегіден?
-Қоянмен бұл ертегіде не болады?
Қоян айтады:
-Жоқ балалар біз түлкімен доспыз, ол мені ренжітпейді.
-Өте жақсы дос болсаңыз,біздің
балалар тату, бір-бірін ренжітпейді.
-Сау бол, қоян.
-Бұл өлең айтып жатқан не?
-Әтеш.
-Әтеш қандай ертегіден?
-Әтеш, түлкі, мысық.
-Әтешті не алып кетеді?
Әтеш айтады:
-Жоқ мен түлкіден қорықпаймын, мені ол алып кетпейді.
-Балалар қарандаршы қандай әдемі ертегілер, жақсы аяқталады, біз бәріміз доспыз.
-Ия,барамыз
-Ұзын жол
-Сәлеметсіз бе Қызыл телпек.
-Ия. Сен Қызыл телпек
-Үш аю.
-Аюлар ұйықтап жатыр.
-Көктемде.
-Үлкен, орташа, кішкентай.
-Үйде.
Балалар тақпақты қайталап, қимыл жасайды.
Сиыр.
Түлкі.
Құмырсқа.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
«Қоянның үні» деген ертегіден.
Қоянның көңіл-күйін көрсету.
«Көжектерім» өлеңін балалар айтады..
Жұмбақ жасыру.
3.Қорытынды
Қол ұстасып шеңберге тұрамыз.
Өлен айту:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Сақтаймыз,
Шықсын күліп таңымыз.
Балаларды мақтап-мадақтау.
Балалар бәрі қосылып өлен айтады.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Қатынас, тіл дамыту,Шығармашылық,Музыка
Тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім.
Мақсаты:.
Тәрбиелік: Ұрпақтарымыздың отансүйгіштік сезімдерін ояту, туған жерін, елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Бүлдіршіндердің бойына ауылға деген сүйіспеншілік пен құрмет-қасиетін қалыптастыру
Оқыту:Балаларға ауыл жайлы түсіндіру,таныстыру
Педагогикалық технологиялар:ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету,
Сөздік жұмыс:Ауыл, балабақша
Билингвальді компонент:Ауыл-село, балабақша-ясли сад.
1.Ұйымдастырушылық ізденс
Шаттық шеңбері.
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаймыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтқызады.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.
2.Негізгі бөлім
Ауыл туралы әңгімелесу.
Тақтада ауыл көрінісі бейнеленген сурет ілініп тұрады.
Балалар мынау біздің туып өскен жеріміз-ауылымыз.Ауылым – алтын бесігім деп бекер айтпаған. Ауылымыздың аты – Ынталы ауылы. Ынталы ауылында көптеген ұлттар тұрады. Ынталы ауылының табиғаты өте керемет.
Қане, барлығымыз ауылымыздың атын айтайықшы?
Ауылымызда мектеп, мешіт, балабақша, дүкендер бар. Біздің келіп жүрген балабақшамыздың аты – «Бибі Ажар» балабақшасы.
Тақпақтар:
1.Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған өлкем.
Ауылым-алтын бесігім.
Сергіту сәті:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың айбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ-топ-топ басайық,
Қағаздан күн жасайық.
Жаса, жаса жарқын күн,
Жаса, жаса алтын күн.
Ойын:
Балалар Ынталы ауылындағы өз үйлеріңді көрсетіңдерші.
Балалар назарларын тақтаға аударады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар Ынталы ауылы деп жауап береді.
Ортаға шығып тақпақтарын айтады.
Әуенмен өлеңді айтып, сергіту сәтін жасайды.
Балалар плакатқа өз суреттері бейнеленген үйлерін жабыстырады.
3.Қорытынды-Балалар, туып өскен жеріміздің, ауылымыздың аты қандай?
-Ауылымыздағы балабақшаның аты қалай аталады?
-Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Балалар бүгін барлықтарың өте тамаша қатыстыңдар.
-Ынталы ауылы.
-«Бибі Ажар» балабақшасы.
-Ұнады.
-Қуанып рахмет айтады.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Әлеуметтік орта ,Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Апта күндерімен таныстрыру
Мақсаты:.
Тәрбиелік: Айналадағы қоршаған ортмен таныстыру, табиғатты аялауға қамқор болуға, бір-бірін сыйлауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жыл мезгілін ай, апта күндерін суретін көрсете отырып есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту: Балаларды халық ауыз әдебиетін ұштастыра отырып, тақпақты мәнерлеп айтуға, тілдерін дамытып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру
Көрнекіліктер: Ақпараттық технология, суреттер, геометриялық пішіндер,
Жеті лақ ертегісінің атрибуттары.
Педагогикалық технологиялар:ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету,
Сөздік жұмыс:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі,
Билингвальді компонент:дүйсенбі-понедельник, сейсенбі-вторник, сәрсенбі-среда, бейсенбі-четверг, жұма-пятница, сенбі-суббота, жексенбі-воскресенье.
1.Ұйымдастырушылық –ізденіс
Балалар бүгін бізде ерекше күн, біздің топқа көп апайлар келіп отыр, кәне бәріміз орнымыздан тұрып амандасайық.
Шаттық шеңбер
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі ашық оқу қызыметін бастайық.
2.Негізгі бөлім
Қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа-райы қандай?
Қыс мезгілінде неше ай бар, Қандай?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қандай атап көрейік.
Жыл мезгілдері туралы тақпақ кім біледі, кәне еске түсірейікші.
Біз бүгін апта күндерімен танысамыз
Қ. Жұмағалиевтің өлеңі
«Жеті ұл»
Біріншісі
- дүйсенбі
Екіншісі -
сейсенбі
Үшіншісі -
сәрсенбі
Төртіншісі -бейсенбі
Бесіншісі
- жұма
Алтыншысы –сенбі
Жетіншісі
- жексенбі
Сендер жеті күннің бес күні балабақшада боласыңдар
Ғажайып сәт:
есік қағылып, тоқ-тоқ Мә-мә. Ешкі кіреді.
Сәлеметсіңдерме балалар.
Бізге орманда қасқырлар тыныштық бермеді, мен лақтарыма шөп әкелуге кеткенімде қасқыр келіп лақтарымды қорқытқан көрінеді. Лақтарым жан-жаққа бытырап кетті
Ешкі қандай жануар?
- Ал, қасқыр ше?
- үй жануарының мекені қай жер?
Жабайы жануар қайда өмір сүреді.
Ешкіжан саған адамдармен өмір сүру керек.
Мына балалармен бірге тапсырманы орындап көр, содан соң балалармен бірге тауып алармыз. Иә балалар көмектесемізбе ?
1-тапсырма.
Бағдаршамның суреті.
Мынау не? Бұл не үшін қажет?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Түстерін ажыратайықшы.
Қандай пішінге ұқсайды?
Дұрыс айтасыңдар.
2-тапсырма.
Геометриялық
пішіндерден әртүрлі бейнелер құрастыр.
/үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек, ромбик/
3-тапсырма
Қоянның сүйікті тағамы не?
Қонжық нені жақсы көреді ?
4-тапсырма
Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тонады.
Сергіту сәті.
Дүйсенбіде
доп ойнадық далада
Сейсенбіде серуен
құрдық аулада
Сәрсенбіде сурет салдық
сәндетіп
Бейсенбіде би биледік
әндетіп
Жұма күні жұмбақ шештік
Сенбі
күні мультик көрдік
Жексенбіде үйде
болып
Осылайша өте шығар 1 апта
Дидактикалық ойын
Сәйкестігін тап.
Суретке қарап
Тәрбиеші: Жарайсың ешкіжан меніңде сыйлығым бар саған, іздеп жүрген лақтарыңды тауып бердім. Жетеуіне жеті ат қойдым.
Ешкіжан бұдан бұлай лақтарыңа ие бол.
Ешкі: рахмет сізге, менде бір мәз болып қалдым ау
Билингвальды компонент: Дүйсенбі-понедельник, сейсенбі-вторник, сәрсенбі-среда, бейсенбі-четверг, жұма-пятница, сенбі-суббота, жексенбі-воськресения.
Сөздік жұмыс: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
3.Қорытынды
Оқу қызметін қортындылау.
Бүгін не үйрендік?
Апта аттарын өттік. Қандай ертегінің кейіпкері келді бізге?
Бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнадыма? Әрқашанда бір біріңе мейірімді болыңдар.
Оқу қызметіне белсене араластыңдар, сендер ақылды балаларсыңдар, рахмет сендерге.
Балалар ортаға шығып бәріміз бірге
«Біз бақытты баламыз» әнін орындайық.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Қатынас, көркем әдебиет
Тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Мақсаты:.
Тәрбиелік: Тәрбиелік: бір – бірін сыйлауға үйрету Айналадағы қоршаған ортмен таныстыру, табиғатты аялауға қамқор болуға, бір-бірін сыйлауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мақал – мәтел ерекшеліктерін анықтап білуге, мазмұнын түсіндіру
Оқыту: сөз байлығын молайту, жұмбақтарды шешу арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Көрнекіліктер:
Педагогикалық технологиялар:ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету,
Сөздік жұмыс: үлкен – взрослый
кіші- младший
сыйлау – уважать
сыйлау – уважать
Билингвальді компонент: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
1.Ұйымдастырушылық-ізденіс
Балалармен амандасып ,мақал.жұмбақ туралы танысамыз
Дәмі жоқ ,түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (су)
Қыста –айна,
Көктемде су
Ол-не?(Мұз)
Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу
«Бірінші байлық денсаулық»
Мақал
2.Негізгі бөлім
Балалар білетін жұмбақ мақалдарын айту.
Біздің әдебиет қайнар көзі
Ертегі ,мақал,жұмбақжасыру арқылы мағынасын ашу
Сергіту сәті
Сөздік жұмыс жұмыс
кішіні қолдап жол бер
Үлкенді сыйлап,қол бер.
Ақ сандық ашылды
Ішінен жібек шашылды
(күн шуағы)
3.Қорытынды
Біз не білдік,не үйрендік?
Оқу іс-әрекетінде не айттық?
Д.О. «сөзді жалғастыр»
Тыйым ғылым саласында «табу» деп аталады, əжелгі мағынасы «киелі, «атауға, соқтығуға тыйым саланған» дейтін ұғымдарды білдіреді. Кезінде Тынық мұхиттың орта бөлігіндегі Полинезия топ аралдарында тұратын жергілікті тайпалар тілінде кейбір сөздер белгілі бір əлеуметтік топтарға ғана тəуелді болып, ол сөздер өз атымен емес, басқаша аталатын салт болған. Бұл құбылысты алғаш рет ағылшын жиhанкезі Джеймс Кук (1728–1779) байқайды, əрі тіл білімі ғылымы саласына енгізеді. Соңғы зерттеулер бұл құбылыстың дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде бар екендігін дəлелдеді, «табу» ұғымы қазақ тілінде «тыйым» деп аталады.
Тыйым — қауымдық дəуірдегі адамдардың мифтiк-дiни наным-сенімі негізінде, табиғаттағы ие- киелердің, табиғи жұмбақ күштердің, тылсым заттар мен құбылыстардың белгісіз қатерінен, пəле- жаласынан, түрлі кесапаттан сақтандыру, олар туғызған үрейден арылу немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету мақсатында қалыптасқан, сөзсіз орындауға тиісті қағида-ережелерінің жиынтығы. Атап айтқанда, тыйым адамдарға нені атауға, нені істеуге, неге соқтығуға болмайды дегенді үйретіп, оларды оғаш сөз-қимылдан тежеп, белгісіз қатерден сақтану мақсатымен алдын ала жасалған іс-шара болып табылады. Тыйым, əдетте, тыйымдық субъекті (тыйымды орындаушы адам), тыйым нысаны (тыйылатын нəрсе немесе іс-қимыл) жəне тыйым мақсаты (белгісіз бақытсыздықтан сақтану) сынды үш фактордан құралады
Тыйым
сөздер мағынасымен
1.
«Үлкеннің алдын кеспе».
-
Бұл тыйым сөздің екі себебі бар. Біріншісі
мәдениеттілікке тәрбиелейді, үлкенді
сыйлауға үйретеді. Екіншісі жолын кескен
кісінің жолы болмауы мүмкін.
2.
«Бетіңді баспа».
-
Жаманшылық шақыру деп түсіндіріледі.
Өлі адамның беті жабылады.
3.
«Босағада тұрма».
-
Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім
балаға тән әрекет.
4.
«Үйге қарай жүгірме».
-
Жаман оқиға туралы хабар айтады деп
түсіндірілген.
5.
«Итті теппе».
-
Ол жеті қазынаның бірі, адамның досы.
6.
«Бос бесікті тербетпе».
-
Бала жататын төсек, ол бос болса оны
тербетуге болмайды. Балаға зар болған
адамдардың әрекеті.
Бесік - жаңа туылған бала үшін, қасиетті мүлік, алтын ұя болып есептеледі. Қазақ халқында бесікте тербелмеген адам жоқ. Қазіргі коляскалардан қарағанда, бесіктің пайдасы әлде қайда көп. Атам қазақ баланы босқа бесікте тербетпеген. Ал туылған баланы бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Қазақтар балаларын бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелейтін. Баланың денесі түзу болып өсуіне бесіктің пайдасы көп. Бала шошып, қорқақ болмауы үшін, қазақтар ертеде бүркіттің, қасқырдың, үкінің тұяқтарын бесіктің басына іліп қоятын.
Баланы
бесікке салу – салтанатты рәсім. Бұл
рәсімді жасау үшін, арнайы Бесік
тойы өткізіледі.
Бесік той, бала қырқынан шықан кезде
жасалынады. Осы тойға баланың атасы,
әжесі, ағалары, әпкелері, нағашылары,
басқа да алыс туыстары, көршілері
жиналады. Келген адамдар өздерімен
бірге сыйлық,
және шашу ретінде кәмпит және де т.б
заттар алып келеді. Баланың нағашылары
келген кезде, бесікті жасап, сыйлық
ретінде алып келеді. Келген ақсақалдар
дастарханға отырмай жатып, бата жасайды.
Дастарханға ішімдік койылмайды. Тек
қана қымыз, шұбат, шәй, айран қойылады.
Кейін отырыс басталады. Отырыста ән,
жыр, әңгіме айтылады. Тойбастар
таратылады.
Біздің уақытта тойбастарға арнайы
қолдан жасалған тойбастарды,
фотомозайкаларды, қолдорбаларды,
авторлық қуыршақтарды сыйлық ретінде
берсе болады. Кейіннен ақ жаулықты
әжелер, баланың анасына, баланың күтіміне,
тәрбиесіне байланысты, неше түрлі
кеңестер айтады. Отырыстан кейін, баланы
бесікке салу рәсімі басталады. Баланы
бесікке салмас бұрын, баланың бесігіне,
жын-шайтан жоламас үшін, адыраспанмен
аластайды. Кейіннен баланы бесікке
салады.
Баланы
бесікке елге беделді, жасы үлкен, көп
балалы, ақ жаулықты әже салу керек. Содан
кейін тыштырма жасалынады. Тыштырма
дегеніміз – ерекше ырым. Бесіктің
тесігінен кәмпит, құрт және де т.б
тәттілер өткізіледі. Жиналған адамдар
қолдарын бесіктің астына салады.
Өткізілген тәтті олардың алақанына
түседі. Бесіктің астына әрбір тәтті зат
түскен кезде, бесікке салған адам
басқаларға «тышты ма?», деп сұрақты
қояды. Жиналған адамдар «тышты,тышты»,
деп айтады. Осылайша тыштырма ғұрпы,
«тышты ма?» деген сөзден шықты. Содан
кейін шашуға дайындалған ірімшік,
кәмпит, құрт, май, бауырсақ және т.б
заттар, шашылады. Жиналғандар қолдарын
жайып, шашудан көбірек тәтті заттарды
алуға тырысады. Кейіннен әжелер бесікке
бірнеше заттар байлайды: бүркіттей
көреген болсын деп, бүркіттің тұяғын,
егер қыз бала болса, сұлу болсын деп,
айна немесе тарақ байлайды. Кейіннен
балаға Бесік
жыры айтылады.
Бесік
жыры дегеніміз,
балаға әуендетіп арналған шумақтар.
Бесік жырын адамдар өз ойынан ұйқастырып
айта берген. Оны нәрестенің әжесі немесе
анасы айтуы абзалырақ. Басқа да туыстарына
да айта берсе болады. Бесік жырын
бала мазасыз болып жылап жатқанда,
немесе ұйықтай алмағанда айтылады.
Бесік жыры айтылған соң, үлкендер бата
қайырып, тойды аяқтайды. Тойға келген
әйлдерге жүзік, сақина, білезік, сырға
және де т.б сыйлықтар тарқатылады. Басқа
келген кісілерге тойбастарлар тарқатылады.
Негізінен Бесік
тойын қазақ
халқы көпке созбай, аяқтайтын. Себебі
жиналғандар нәрестеге көп қараса, оған
көз тиіп кетеді деген ырым бар.
Қазіргі таңда бесік тойын өткізу үшін, арнайы шара ұйымдастыратын ұйымдармен байланысады. Той шараларын өткізетін адамдар, дыбыс және видео жабдықтармен келеді. Бесік тойын түсіріп, бейнетаспаға жазып, оны нәрестенің ата анасына береді. Кейін бала есейгенде, оған бейнетаспаны көрсетеді. Ата ана үшін бұл жақсы естелік болады. Сол себепті осындай салтанатты рәсімдерді өткізу үшін, арнайы ұйымдарға тапсырыс беру абзалырақ болады.
Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.
Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар тартқызып, арты думанды тойға ұласып кетуі ғажап емес. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі.
Әдетте қазақтар бала тұсауынала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені.
Тұсау кесер сәті алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанына қазық қағып, аяғы тұсалғанбаланы арқандап қояды.Тойдың негізгі жанкүйерлері – балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, озып келгені арқанды қиып, дастарқандағы бар дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі.
Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде«Тұсаукесер» жыры шырқалады:
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық,
Қаз-қаз, балам, жүре ғой...
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Міне, осыдан бастап шынашақтай қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды, қиындығы мен қызығы мол жаңа өмірі басталады. «Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшылығы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген