400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет",отбасы,әке,ана туралы түсінік қалыптастыру.Өзінін отбасындағы орнын білу.Ана мен әкеге деген сыйластық,ата мен әжеге деген құрмет көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет»

Тәрбие сағаты

төлегенова А.У

2021-2022 оқу жылы





Тақырыбы: «Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет»

Мақсаты: а) үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

ә) - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

б) - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд-суреттер, жұмбақтар,смайликтер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Ыстық алақан».Балалар бір біріне жылы сөз бен тілектер айтады.

1-топ-Ана

2-топ-Әке

3-топ-Отбасы

- Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар құрмет көрсету алдымен неден басталады?
- Иә, дұрыс амандасу,көмектесу бір бірімізге қолғабыс болу.

Мұғалім: ендеше бәріміз слайдттағы суреттерге назар аударайық!

1-сурет (ата-әжесіне құрмет көрсетіп,оларға сусын алып келуі )

2-сурет (үлкен кісілер бұл атамыз бен әжеміз )

3-сурет( ата бізге дәмді құрт беріп ізеттілік көрсетеді )

-Сонымен біздің бүгінгі өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет».

Топтық жұмыс-3 топқада бірегей тапсырма.

«Қима қағаз»,берілген 2 суреттерді құрастыру және бүгінгі тақырыппен байланыстыру.

Сұрақ-жауап Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

Не істеуге болмайды?»

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
- Тәртіпті -----------------(болу керек)





«Топтық тапсырма»

3 топқа арналған тапсырмалар.

1-топ.Суретке қарап әңгіме құрайды.2 баланың жасаған қылықтарын салыстырады.

2-топ. «Құрмет» сөзін қалай түсінуге болатынын топтастырады.


үлкенді сыйлау көмектесу

Құрмет


үлкендерге қолғабыс әрдайым жол беру

сәлем беру


3-топ.

Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.


Сергіту сәті

«Қандай кейіп?»немесе «Бұл не?»

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.


Қорытынды: Хормен..

Құрметтеп ата - анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.06.2022
1107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі