400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлпа қарлар (түзету сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: А.Байтұрсынов

Тексерілді:

Сыныбы: 2 Д

Күні:

Пәні:

Түзету

Сабақ тақырыбы:

Ұлпа қарлар

Мақсаты:

Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту.
Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі:

түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, ойын, топтау

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал туғызу

Арайланып таң атты.

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырла таң,балалар!

  1. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Кинезиологиялық жаттығу

«Қоян, жүзік,алқа» жаттығуы.

  1. Артикуляциялық жаттығулар орындау.

«Сағат»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жымиып тілді алға шығарып тілді оңға-солға кезек-кезек қозғау. 10-15 ре қайталау.

«Тәтті бал»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жымиып, ерінді айналдырып жалау. 10-15 сек. орындау.

  1. Тыныс алуын дамыту.

«Мақтаны үрлеу»- кішкентай мақтаны ауызбен дем шығарып үрлеу.

Өткен сабақты еске түсіру.

Жаңа сабақ

Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?


- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?


- Қар қандай екен?


- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.


Әңгімелесу. «Қыс қызығы» Сурет бойынша.

Далада қыс мезгілі. Қыста күн суық, ызғарлы, аязды болады. Қыста адамдар жылы киініп жүреді. Өйткені күн суық. Қыс мезгілінде аспанды бұлт басып түнеріп тұрады. Қар ұшқындап, жапалақтап жауады. Қар жапалақтап ұзақ жауса, жер бетін түгел қар жамылып, айнала аппақ болып әсем көрініске енеді. Қар суық, оны қолғапсыз ұстауға болмайды. Ағаштар ақ қырауға оранып, әдемі болып тұрады. Жауған қардан балалар аққала жасап, сырғанақ жасайды. Балалар шанамен сырғанап ойнайды, қар атысып ойнайды. Мұздың үстінде коньки теуіп, хоккей ойындарын ойнайды. Аязды күнде тереземізде аяз оюлар салады, оны қырау дейді. Қыс мезгілі қызықты, көңілді. Қыста ауа таза болады.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ыс – ыс – ыс,Келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар,Жауады қар.

Ран – ран – ран,Соғады боран.

Яз – яз – язСақылдаған сары аяз.

На – на – на,Зулайды шана.

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту «Ұлпа қар жасайық»

Фетр матадан ұлпа қар бейнесін құрқып жапсыру.


Қорытынды

Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық. Естерінде қандай жаттығулар қалды, соларды орындап көрсетіңдерші.

- Бүгін біз не істедік?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі